Отан туралы мақал-мәтелдер
«Отан» тақырыбындағы 393 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Өзге елдің оты Өз еліңнің түтініне татымас.
- Өзім білем деген жігіттің Басына ойран салғаны; Көп біледі деген жігіттің Басына қорған салғаны.
- Өзінің елін таныған ер, Әрбір істің қамын жер. Өзінің елін танымаған ер, Намысын сатып, арын жер.
- Өзің елді сыйламасаң, Ел де сені сыйламас.
- Өзіңді өзің тыймасаң, Өзгені қалай тыярсың? Құлы болсаң құлқынның, Дүниеге қайтып сыярсың?!
- Өмір арты – бала, Құлдық арты – өлім.
- Өнер-білім – ер қанаты.
- Өнерлі елдің – оты сөнбес.
- Өрісті жол – елге жеткізер, Өзен, су – көлге жеткізер, Соқпақ – жолға жеткізер. Жол молға жеткізер.
- Өсер елдің баласы Қозысын күтіп қой қылар, Өспес елдің баласы Қозысын сойып, той қылар.
- Пана болар елің болсын, Табан тірер жерің болсын.
- Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар?
- Сайда саны көптің Қырда шаңы көп.
- Сайрамда бар сансыз баб.
- Сақтықты соқырдан үйрен, Момындықты түйеден үйрен.
- Саңғылдың сықағынан сақта, Жиденің бұтағынан сақта.
- Сараңдық пен арамдық ағайындас.
- Сары тонның қадірін, Қыс түскенде білерсің.
- Сенде болсын, менде болсын, Менде болмаса, елде болсын.
- Сол қолыңды қазық Оң қолыңды тоқпақ қыл.
- Сұңқар киясын сағынады, Торғай ұясын сағынады.
- Сұңқар қиясын сағынады. Торғай ұясын сағынады.
- Сыр бойы – нұр бойы.
- Сыртынан мақтаған – сыпайылық, Көзінше мақтанған – көргенсіздік.
- Сыртынан сөккен – сөкет.
- Тамшыдан тама-тама дария болар.
- Таныған жерде өң сыйлы, Танымаған жерде тон сыйлы.
- Таршылықты көрмесең Кеңшілікті білмессің.
- Тау белгісі – тас болар. Бар белгісі – ас болар. Азған елдің белгісі – Бір-біріне қас болар.
- Тау тасымен көрікті, Ел жасымен көрікті.
- Тәлімі жоқ бозбала, Есер емей немене. Етек басты ескі әдет, Кесел емей немене.
- Тобылғы қатты деп, Қамшыға сап қылады. Көреген жігітті әккі деп Қосынға бас қылады.
- Тозған елді там жияр, Егін егер, мал жияр.
- Толған ел – тарихын таспен жазады, Тозған ел – тарихын жаспен жазады.
- Туған Ай – тураған етпен бірдей.
- Туған елдің тезегі де дәрі.
- Туған елің болмаса, Тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.
- Туған жер – алтын бесік.
- Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың.
- Туған жер – тұғырың, Туған тіл – Қыдырың.
- Туған жерге туың тік.
- Туған жерде пайда бар, Өз жеріңдей қайда бар?
- Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
- Туған жердің ауасы да шипа, Туған жердің жуасы да тәтті.
- Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
- Туған жердің жуасы да тәтті.
- Туған жердің жусаны жұпар.
- Туған жердің күні де ыстық, Күлі де ыстық.
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
- Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
- Туған жердің тасы да болысады.
- Туған жердің тасы да таныс.
- Туған жердің торғайы да сүйкімді.
- Туған жердің торғайы да сүйкімді. Отансыздың оты жанбайды.
- Туған жердің торғайы Тұрымтайдай көрінер. Құлыны тайдай көрінер, Қыздары айдай көрінер.
- Туған жердің Түйе жейтін жапырағы да дәрі, Түйе аунайтын Топырағы да дәрі.
- Туған жердің түйе жейтін жапырағы да, Түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі.
- Туған жердің түтіні күйесіз.
- Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы.
- Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, Үйірінен айрылған тұлпар оңбас.
- Тұлпар тегін табар, Ер жігіт елін табар.
- Тұңғиықты қара су, Түйе бойлап шыға алмас. Кім атадан кем туса, Оның сөзін пұл алмас.
- Тұсау ат сақтайды, Ат ер сақтайды, Ер ел сақтайды.
- Тілі басқа – тілегі бір, Түрі басқа – жүрегі бір.
- Тілін білмеген тіленіп, Дінін білмеген күйініп, Елін білмеген күйзеліп өлер.
- Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат.
- Ұлтарақтай болса да, Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат.
- Халқы бірдің – салты бір. Халық қалпына келмей, Салтына келмейді.
- Халқым – қазынам, қазаным, Туғаным – туырлығым.
- Халқын сүйген – Халқының қалпын сүйеді.
- Халқына тартпағанның Қары сынсын.
- Халық базардан қайтады, Қожа, молда мазардан қайтады.
- Халық келіп, кеткенді сыйламайды, Қиылып қызмет еткенді сыйлайды.
- Халық қамын ойлаған, Халық ағасы – нар кісі, Қарын қамын ойлаған, Қара бастың қайғысы.
- Халық қаһары қамал бұзар.
- Халық қорғамаған басыңды Қалпақ қорғай алмайды.
- Халық сүймес, Халық сүйген – Суға батпас, отқа күймес.
- Халық сыны қатесіз.
- Халықтан бөлінген Қараң қалар.
- Халықтан қайырымдылықты, Қариядан байымдылықты үйрен.
- Халықты дана қосады, Қатын мен ерді бала қосады.
- Халықтың құшағы кең.
- Шетте жүріп тарығарсың, өз еліңді сағынарсың.
- Шөп те болса, көп болсын.
- Шығыс шықпай, Кіріс кірмес.
- Шындықтың шырағы сөнбейді.
- Ынтымақ – елдікке жеткізер, Елдік ерлікке жеткізер.
- Ынтымақ елді – оздырар. Күндестік елді – тоздырар.
- Ынтымақ қосып ел болып Жұрт жасаған тірлікті айт!
- Ынтымақты елге ешкім батпас, Ынтымақсыз елдің таңы атпас.
- Ырысын молдан пішкеннің Мұртын балта кеспес.
- Іргесі берік елді Жау ала алмас, Ауызы бір елді Дау ала алмас.
- Іргесі берік елді жау алмас, Дауысы бірге елді дау алмас.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ