Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Отан туралы мақал-мәтелдер

«Отан» тақырыбындағы 393 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Елде бір тентек жүрмей ме.
  2. Елді ерке бұзады, Етті желке бұзады.
  3. Елді есі кеткен жамандайды.
  4. Елді жерде Түлкі аштан өлмес.
  5. Елді қу бұзады, Сүтті су бұзады.
  6. Елді тентек бұзар, Басты келтек бұзар.
  7. Елдің елдігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар.
  8. Елдің ерлігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар.
  9. Елдің күші елу батпан.
  10. Елдің іші – береке, Көптің іші – мереке.
  11. Елеулі болғың келсе елден ас.
  12. Елмен көрген – еленбес.
  13. Елу жылда – ел жаңа, Жүз жылда – қазан.
  14. Елі мықтының Белі мықты.
  15. Елін елсінбеген, Жерін жерсінбеген Жат жұрттың аяғын жалар, Саяғын бағар.
  16. Елінен безіп, елсізде өлгеннің Екі көзін қарға шұқиды.
  17. Елің – панаң, Жерің – анаң.
  18. Еліңді сүйсең ерлік істейсің.
  19. Еліңді тастап шетке кетпе, Шетке кетсең де, көпке кетпе.
  20. Ер басына күн туса, Бұта түбі үй болар, Ел ірісе – ыдырап, Екі үйге бір би болар.
  21. Ер елімен жақсы, Жер кенімен жақсы.
  22. Ер елін сағынса, Ер-тұрманын тағынар.
  23. Ер елінде, гүл жерінде.
  24. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
  25. Ер жігіт елін сүйеді.
  26. Ер жігіт: «Өскен елім, – дейді, – Кіндік кескен жерім», – дейді.
  27. Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.
  28. Есердің қанжары Етігінің қонышында жүреді.
  29. Есі бар жігіт елін табар, Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
  30. Есі бүтін елден шықпайды. Елінің қырын жықпайды.
  31. Есі кеткеннен ем сұрама, Есіріктен жөн сұрама.
  32. Есі шыққан елге күледі.
  33. Есітпеген – елде көп.
  34. Етекті ел – есептегі ел.
  35. Еті тірі жігіт: Елінің намысын қорғайды, Тоғайының қамысын қорғайды.
  36. Жазда жанын баққан, Қыста қыдың қаққан.
  37. Жақсы енені Жаман келін жер қылады. Жақсы келін Жаман енені ел қылады.
  38. Жақсылық қылсаң халыққа, Бір қайырымын аларсың. Жамандық қылсаң халыққа, Жапанда жалғыз қаларсың.
  39. Жалақормен бәлеқор құда болар, Ақыр соңы айырлысып жүдә болар.
  40. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен Туған елдің түтіні де тәтті екен.
  41. Жаман еркек қайғылы, Өз отының басында. Жақсы еркек қайғылы, Отанының басында.
  42. Жаман мерген киік атқан жеріне Үш рет оралар.
  43. Жаманның күші, Жапалаққа жетер.
  44. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Ата қонысынан ауса, ел жетім, Жарынан айырылса, ер жетім.
  45. Жарамды жігіт Жұртына олжа салар. Жарамсыз жігіт Жұртына қауға салар.
  46. Жасыл киген жас-жаран Елдің сәні, Қызғалдақ гүл құлпырған Жердің сәні.
  47. Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол.
  48. Жат елдің қаршығасынан Өз еліңнің қарғасы артық.
  49. Жат жерде жаның қиналса – ел қадірін білерсің. Жұтым суға зар болсаң – көл қадірін білерсің.
  50. Жат жерде жаның қиналса, Ел кәдірін білерсің, Жұтым суға зар болсаң, Көл кәдірін білерсің.
  51. Жат жердің қаршығасынан Өз жеріңнің қарғасы артық.
  52. Жауда қалған бұлбұлдан Отанға қайтқан ит артық.
  53. Жекен жерінде көгерер, Ер елінде көгерер.
  54. Жемісті ағаш, Жерге иіліп тәжім етеді. Жетелі жігіт, Елге иіліп тәжім етеді.
  55. Жер – ел ырысы.
  56. Жер – таусылмайтын қазына.
  57. Жер бауыры суық, Ел бауыры жылы.
  58. Жер тағдыры – ел тағдыры.
  59. Жер шежіресі – ел шежіресі.
  60. Жер шетіне жүйрік жетпейді. Көпке бұйрық жетпейді.
  61. Жерсіз ел тұл, Елсіз жер тұл.
  62. Жері байдың елі бай.
  63. Жерін қорлаған жерленбей қалады.
  64. Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ.
  65. Жесір қатын ер болар, Жетім бала ел болар.
  66. Жетесіз бала «жерден алдым» дейді, Жетілген бала «елден алдым» дейді.
  67. Жиеннің алғаны парыз, Жезденің алғаны қарыз.
  68. Жорғаң қатты болса, Төске сал, Ісің ақ болса, Көпке сал.
  69. Жұрт көргендей қалаң болсын, Жұт білгендей балаң болсын.
  70. Жұртқа қолыңды жайғанша, Жұрттан жұрқа терген артық.
  71. Жұртпен жүрген жүдемес.
  72. Жұртты жеген жарымас.
  73. Жұртымның жұртында қалайын.
  74. Жұт жеті ағайынды, Жиенмен сегіз ағайынды.
  75. Жұтаған ел – жұртын мақтайды, Ашыққан ел – құртын мақтайды.
  76. Жүрек сүю үшін жаралған, Көңіл түю үшін жаралған.
  77. Жыртық жерді жел табар, Шын бақытты ел табар.
  78. Жыртық үйді жел табар, Өтірік сөзді ел табар.
  79. Жігіттің үш жұрты бар: Бірінші – өз жұрты, Екінші – нағашы жұрты, Үшінші – қайын жұрты.
  80. Жігіті жүзге жеткен елді Жүзіқара кемітеді.
  81. Зергерсіз болса, зер мұңлық, Жолдассыз болса, ер мұңлық. Егінсіз болса, жер мұңлық. Иесіз болса, ел мұңлық.
  82. Зорлық көрсең ерге бар, Қорлық көрсең елге бар.
  83. Ит – тойған жеріне, Ер – туған жеріне.
  84. Ит – тойған жеріне, Ер жігіт – туған жеріне.
  85. Ит екеш ит те туған жерін аңсайды.
  86. Итісеміз, малы арық – Жер азғыны, Ынтымағы болмаса, Ел азғыны.
  87. Кемеңгердің артынан көп ереді.
  88. Кең киім тозбайды, Кеңесті ел азбайды.
  89. Кеңесті ел азбас, Кеңнен пішкен тон тозбас.
  90. Кеңесіп іс басқару – Келелі елдің белгісі. Жұмыла жұмыс атқару – Өрелі елдің белгісі.
  91. Кер кеткеннің сақалы Кеңірдегінен шығады.
  92. Кереге бойы қар жауса да, Жұтамайды сауысқан. Қанды қалпақ кисе де, Қиыспайды туысқан.
  93. Киім жағасымен жарасады, Ел ағасымен жарасады.
  94. Көбікті төкпе, Көпті сөкпе.
  95. Көкті тіреуге болмайды, Көпті мінеуге болмайды.
  96. Көл жайлаған үйрек-қаз Шөл қадірін білмейді. Шөлде өскен бұлдырық Көл қадірін білмейді. Тауда туып, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен Ел қадірін білмейді.
  97. Көлден кетсе жалбыз мұң, Елден кетсе жалғыз мұң.
  98. Көп алғысы көгертер.
  99. Көп асқанға – Бір тосқан.
  100. Көп ауыз біріксе, Кере ауыз жоқ болады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ