Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Отан туралы мақал-мәтелдер

«Отан» тақырыбындағы 393 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Көп ауызы дуалы.
  2. «Көп біледі» деген күледі, Өзім білем деген өледі.
  3. Көп жаңылса, көнеден сұра, Көне жаңылса, көргендіден сұра.
  4. Көп жасағаннан сұрама, Көп көргеннен сұра.
  5. Көп жүрген жер көңілді, Көптің ісі өнімді.
  6. Көп жүрген, жер таниды, Көп қыдырған, ел таниды.
  7. Көп күлкісі күннен де ыстық.
  8. Көп қорқытады, Терең батырды.
  9. Көп түкірсе, көл болар.
  10. Көп ұнатса, Көк тоқтыңды сойып бер.
  11. Көпке жақын – көкке жақын.
  12. Көпке топырақ шашпа.
  13. Көпке топырақ шашпас болар.
  14. Көпке ұнамаған Көбеймейді. Көп қарғысына ұшыраған Көгермейді.
  15. Көппен жүрген көңілді, Көп түзетер кеміңді.
  16. Көптен безген көгермес.
  17. Көптен қулық артылмас, Көзді дария сарқылмас.
  18. Көпті алдаған, Көрінде өкіреді.
  19. Көпті жамандаған – Көмусіз қалар.
  20. Көпті көрген біледі, Алысты жүрген біледі.
  21. Көптік қайда болса, Тоқтық сонда болады.
  22. Көптің ауызы – Темір талқы.
  23. Көптің көзі көреген, Көптің қолы береген.
  24. Көптің құрығы ұзын.
  25. Көптің мүлкін көргенсіз алар.
  26. Көргені көп көш бастар.
  27. Көсемнің дидары – Күннен де жарық.
  28. Көшпелі елде аласың болса, Көше-көше қасыңа келер.
  29. Көшпелі елде қорған жоқ, Көк сеңгірде орман жоқ.
  30. Көштен бөлінсең де, Көптен бөлінбе.
  31. Күн түспеген жер көгермес, Көсемі жоқ ел көгермес.
  32. Күштінің дүмі диірмен тартады.
  33. Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.
  34. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
  35. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
  36. Қала – халқының салтанаты, Бала – ата-ананың қолқанаты.
  37. Қаланған кірпіш кәдеге асқаны, Қағылған шеге – орнын тапқаны, Жігіттің халыққа жаққаны Шырақ жаққаны.
  38. Қаланың жаңалығын Даладағы ел бұрын есітеді.
  39. Қалыптан безсең де, Халықтан безбе.
  40. Қартайған ата марқаяр – Қанатын жазып қызы өссе, Қартайған ата марқаяр – Халыққа жағып ұлы өссе.
  41. Қарын қамын ойлаған – Қаралықтың белгісі Халық қамын ойлаған – Саралықтың белгісі.
  42. Қашпақ, қумақ – ерге сын, Көшпек, қонбақ – жерге сын.
  43. Қисық арба жол бұзар, Қыңыр жігіт ел бұзар.
  44. «Қой» дегенде қоймасаң, Арашашыға зар боларсың.
  45. Қойды серке бастайды, Тойды ерке бастайды.
  46. Қолы ұзын сүйгенін алады, Қолы қысқа тигенін алады.
  47. Қонақ келсе, сөйлес – деп, Атып тұрып, атын тұт. Жай сұрасаң жайласып, Алдыменен өзін күт.
  48. Қонысты болса – Төл семіреді. Қордалы болса – Жер семіреді.
  49. «Қошеметшіл – ұлықты сыйлайды, Құрметшіл – халықты сыйлайды».
  50. Құдай қарғысынан Халық қарғысы қаһарлы.
  51. Құдайға жазсаң жаз, – Көпке жазба.
  52. Құдайға құрмет – елдің салты, Еліне құрмет – ердің даңқы.
  53. Құлақ баланікі, Бас ағанікі, Жақ қатындікі, Жанбас батырдікі.
  54. Құлан қағын қорғайды, Киік лағын қорғайды.
  55. Құлан қағын қорғайды.
  56. Құлан өз қағынан жерімейді.
  57. Құлқынның құлы болғанша, Халқыңның ұлы бол.
  58. Құт қонған елде Қыдыр қыдырып жүреді.
  59. Қызғаншақ қатын ерін қориды, Қырағы батыр елін де қориды, Жерін де қориды.
  60. Қызым келіннен ғибрат алып өседі, Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.
  61. Қырықтың бірі – қыдыр.
  62. Мал екеш мал да От жеп, су ішкен жеріне тартады.
  63. Мал қонысын іздейді, Ер жігіт туысын іздейді.
  64. Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Самарқанда – Шер Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет.
  65. Мешіттің азаншысы болғанша, Халықтың қазаншысы бол.
  66. Мың ұрғанды жын ұрады.
  67. Нарды сөкпе, Нанды теппе.
  68. Озған елдің баласы бірін-бірі «батыр» дер, қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер.
  69. Омарталы бал жалар, Қанжарлы қан жалар.
  70. Опасызда Отан жоқ.
  71. Орыс бар жерде – қоныс бар.
  72. Орыс жерінде орман көп, Өзен сулы қорған көп.
  73. Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы.
  74. Отан – қуат, Отбасы – шуақ.
  75. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
  76. Отан отбасынан басталады.
  77. Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.
  78. Отан оттан да ыстық.
  79. Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.
  80. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
  81. Отан үшін отқа түс – күймейсің, Арың үшін алыссаң – өлмейсің.
  82. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
  83. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.
  84. Отанға опасыздық еткенің Өмірден қаралы боп өткенің.
  85. Отанға опасыздық еткенің, Өз түбіңе өзің жеткенің.
  86. Отанды сүю – От басынан басталады.
  87. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
  88. Отансыздың оты жанбайды.
  89. Отанын сатқан – ант атқан.
  90. Отанын сатқан оңбас.
  91. Отаның тыныш – сен тыныш.
  92. Оттың қасынан от жақпа, Елді бұзады. Құдық қасынан құдық қазба, Жерді бұзады.
  93. Өз елім – өлең төсегім.
  94. Өз елінде барқадар таппағанның, Өзге елде жүйрігі шаппайды.
  95. Өз елінде көртышқан да батыр.
  96. Өз еліңнің иті де қадірлі.
  97. Өз інінде көртышқан да батыр.
  98. Өзбек – өрістес ел, Қырғыз – қоныстас ел. Қарақалпақ – қарындас ел, Түрікпен – тамырлас ел.
  99. Өзбек байыса там салар, Қазақ байыса, қатын алар.
  100. Өзге елге ұл болғанша, Өз еліңе құл бол.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ