Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Бақыт кілті – еңбекте.
  2. Бақыттың тамыры – еңбек, Пақырлықтың тамыры – еріншек.
  3. Бал ұстаған бармағын жалар.
  4. Бала, баланың ісі шала.
  5. Бала! Баланың қылған ісі шала.
  6. Баланы іске бұйыр, Соңынан бірге жүгір.
  7. Баланың істегені көзге көрінбейді.
  8. Балық жеген тоқ болар, Әл-дәрмені жоқ болар.
  9. Бар болсаң, жоқтың ісін істеме, Жоқ болсаң, бардың ісін істеме.
  10. Бар болып, жоқтық ісін қылма, Жоқ болып, бардың ісін қылма.
  11. Бар болып, жоқтың ісін істегеннен без, Жоқ болып, бардың ісін істегеннен без.
  12. Бара жатқанның балтасын, Келе жатқанның кетпенін қоймаған.
  13. Барды аямайды, Жоқты санамайды.
  14. Барлық әр нәрсе дегізер, Жоқтық арам жегізер.
  15. Барлық істі де ынсаппен істе.
  16. Барлық істің басшысы – білім мен ұғым.
  17. Бас ауырып, балтыры сыздамағанның Тәңірмен ісі жоқ.
  18. Бас білген өгізге «Өк!» деген өлім.
  19. Басқы істің басында болмасаң, Соңғы істің қасында болма.
  20. Басталған істің аяғы да болады.
  21. Басы аманның Құдаймен ісі жоқ.
  22. Басы ауырмағанның Құдайменен не ісі бар.
  23. Басы дауда, малы айдауда.
  24. Басы жұмырықтай, Аяғы қылдырықтай.
  25. Батыл, батылдың ісі мақұл.
  26. Беделің – сәулетің, Еңбегің – дәулетің.
  27. Бейнет аяқ астында, Жақсылық ағаш басында.
  28. Бейнет көрмеген берекесіздік істейді.
  29. Бейнет көрмеген зейнет көрмейді.
  30. Бейнет қыл да, міндет қыл.
  31. Бейнет түбі – зейнет.
  32. Бейнет, бейнет түбі – зейнет.
  33. Бейнеті қатты болса, Татқаны тәтті болады.
  34. Бейнетің қатты болса, Тапқаның тәтті болар.
  35. Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
  36. Бекер келсе, жұмыстан қаласың, Арашашы келсе, ұрыстан қаласың.
  37. Белгілі малшың болмаса, Беліңді бу да, малға бар.
  38. Берекесіз бейбақтар Терлеп еңбек етпейді. Терлеп еңбек етпеген Тілегіне жетпейді.
  39. Беріле істеген берік болады.
  40. Бидайдың барар жері – диірмен.
  41. Бие көп болса, құлын көп.
  42. Боғын боталы түйе қылады.
  43. Бода көрме жұмыссыз, Жұмыссыз адам ырыссыз.
  44. Болар істің емі жоқ, Болғаннан соң кемі жоқ.
  45. Бұйырған малға тісің тисін.
  46. Бұлт ала, жер шала.
  47. Бұралқы мал мінуге жақсы.
  48. Бұрынғы несием – бүгінгі несібем.
  49. Бұхарда боқ шоқыған ала қарға Мұнда келіп жылқышы болыпты.
  50. Білгіштің қолы барлық іске жетеді.
  51. Білек болмай, тілек болмас.
  52. Білім алмай, болдым деме, Еңбек етпей, толдым деме.
  53. Білімсізден де бір іс өтер, Білімдіден де бір іс өтер.
  54. Бір адамның жаққан отына Он адам жылынады.
  55. Бір еңбектің – бір рахаты бар.
  56. Бір кісі мың кісіге олжа салар.
  57. Бір қолын екі еткен.
  58. Бір құшақ ағаштан бір оқтық шығады.
  59. Бір құшақ қу ағаштан бір оқтық шығады.
  60. Бір мал арқан тоздырар, Екі мал табан тоздырар.
  61. Бір тал кессең, он тал ек.
  62. Бір іс білімдіден де, білімсізден де өтеді.
  63. Біреу еңбек сіңіргенде ес көріп, Жаның болса жүр ұмытпай ескеріп.
  64. Біреу тойға айналды, Біреу қойға айналды.
  65. Біреудің палауынан өзімнің көмешім артық.
  66. Біреудің төсін жесең, Өзіңнің ұшаңды сайла.
  67. Біткен іс – піскен жеміс.
  68. Біткен іске сыншы көп, Піскен асқа жеуші көп.
  69. Біткен істің міні жоқ, Бітірген ердің кемі жоқ.
  70. Дастарқанында наны жоқтың, Тағамының дәмі жоқ.
  71. Дауыл – құйыннан, ақша – тиыннан.
  72. Даярға – аяр.
  73. Диқан бабаның кетпенінен, Шопан атаның таяғынан жарылқасын.
  74. Диқан болсаң, қос өгізің тең болсын, Шаруа болсаң, қос етегің кең болсын.
  75. Диқан болсаң, өгізің болсын.
  76. Диқан болсаң, сүдігеріңді сайла, Шаруа болсаң, малыңның шөбін сайла.
  77. Диқан жауында тыяды, Балықшы дауылда тыяды.
  78. Диірмен тас та болса, Жұртқа жейтін ас береді.
  79. Диірменнің бір тасына тұтқа салып айналдырсаң, ұн аласың.
  80. Диірменнің тасы қатты, ұны тәтті.
  81. Дүние тегіс болғанша, Жігітке бір іс болады.
  82. Дырдушыл жастық – қайырсыз қарттық.
  83. Ебептен – себеп, Балшықтан – мұрат.
  84. Ебін тапқан ер өлмес.
  85. Егін ексең, шығырыңды майла, Мал бақсаң, өрісіңді сайла.
  86. Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды.
  87. Егіннің жайын еккен білер, Арбаның жайын жеккен білер.
  88. Егінші еселеп, Кеусенші кеселеп алады.
  89. Егінші мәрт, Жер жомарт.
  90. Егіншінің пірі – Диқан ата.
  91. Ез – езер, Езерден ырыс безер.
  92. Еккен орар, берген алар.
  93. Еккенің тікен болса, Орғаның балауса болмас.
  94. Ексең егін, ішерсің тегін.
  95. Екі жалқау – елге сыймас.
  96. Екі көзің ойнаса, Жақұт емей немене? Екі қолың ойнаса, Бақыт емей немене?!
  97. Екі қолға – бір күрек.
  98. Ел шаруасыз болмас, Ер жарасыз болмас.
  99. Елге қылған жақсылық, Еленбей қалмайды. Еңбек еткен ерінбей – Кенелмей қалмайды.
  100. Елсізде екі түйе айда.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ