Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (8-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Тердің қадірін төккен білер, Егіннің қадірін еккен білер.
  2. Тоғышардың ту қойы қысыр қалады.
  3. Тозған елді тоған асырайды.
  4. Тойған қарын ойға бөгет.
  5. Торғайдан қорыққан егін екпейді.
  6. Төгілгеннен жалап қал.
  7. Төзе алмасаң бейнетке, Қолың жетпес зейнетке.
  8. Тұлпардың өз тұяғы өзіне ем.
  9. Түгін тартса, түбінен май шығады.
  10. Түзде бұзау өлсе, Үйдегі сүтке ит тиеді.
  11. Түзде бұзауы жамырағанның Үйде айраны төгілер.
  12. Түзде жүріп, жау жайратқан батырмын, Үйге келіп, құрт қайнатқан батырмын.
  13. Түйе – байлық, Қой – мырзалық, Жылқы – сәндік, Ешкі – жеңілдік, Сиыр – ақтық, Шаруаның бәрі бес, Диқаншылық оған ес.
  14. Түйе алпыс күн аштыққа, Отыз күн шөлдікке шыдайды.
  15. Түйе анасы бірден, Қой анасы бестен, Өсейін десе астаң-кестең.
  16. Түйе бақтым – түйме тақтым.
  17. Түйе жаманы – күрт, Шөп жаманы – керт.
  18. Түйе жисаң, нардан жи, Жүк қалдырмас жолында.
  19. Түйе жүктен қашып құтылмас, Ат арбадан қашып құтылмас.
  20. Түйе қарап жүріп ханға жасауыл болыпты.
  21. Түйе қартайса да, тартуын қоймайды, Өрт сөніп бара жатса да, шарпуын қоймайды.
  22. Түйе майы – түгел май, Шұбатын кертіп іш.
  23. Түйе сойсаң, сорпа май, Жылқы сойсаң, етке май.
  24. Түйе сілкінсе, бір есекке жүк қалар.
  25. Түйе тулап жүктен құтылмас.
  26. Түйелі бай – киелі бай.
  27. Түйелі кісі күйлі, Сиырлы кісі сыйлы.
  28. Түйелі қойшы – тұрған қойшы, Төбесінен ұрған қойшы.
  29. Түйені жүгендемейді, Көп малды түгендемейді.
  30. Түйені Түймебай бағады, Сүтін Сүймебай ішеді.
  31. Түйенің артқаны – алтын, жегені – тікен.
  32. Түйесі көп көш бастайды.
  33. Түйешіге жолықсаң, Өркеші биік тайлағын айтар.
  34. Түйменің инесіз күні жоқ.
  35. Түсіңде жеген қазыдан, Өңіңде жеген құйқа артық.
  36. «Түу» дегенде түкірігі жерге түспейді.
  37. Тымырсық болса, ер оңбас, Тоңға жатса, мал оңбас.
  38. Тынбай жүрген тасбақа Тәй-тәй басып түйеден озар.
  39. Тынымсызды жұмсасаң, бүлдіріп келер, Тынымдыны жұмсасаң, тындырып келер.
  40. Тікенексіз құрма тәтті болмас.
  41. Тілекке еңбек тірек.
  42. Тіленшіге жел қарсы.
  43. Уақытыңның босқа өткені – өміріңнің бос кеткені.
  44. Ұнды пәтір құртады.
  45. Ұны жоқтың құны жоқ.
  46. Ұрлықпен келген ет ұзақ қайнайды.
  47. Ұры малға байымайды, Қомағай асқа жарымайды.
  48. Ұрыға мал құтаймас.
  49. Ұрыншақ атта жол болмас, Көңілшек жанда мал болмас.
  50. Ұшқан құс, жүгірген аң – бәрі тамақ.
  51. Үдере көшкен уығын сындырады, Жұмыла жұмыс істеген Жұмысты тындырады.
  52. Үйге үт кірді, Егіншінің көкейіне құт кірді.
  53. Халық – қазы, Еңбек – таразы.
  54. Халық қазанын қайнаттым, Қолымның, кәне, қарасы. Ер қазанын қайнаттым, Етімнің, көне, жарасы.
  55. Шабысы жоқ төбелден, Терісі кең жабы артық.
  56. Шайнаған бұйырған емес, Жұтқан бұйырған.
  57. Шапқан озар, жатқан тозар.
  58. Шар болат шоқта шыңдалады.
  59. Шаруа түбі – кеңес, Саудагершілік түбі – егес.
  60. Шаруаның иті де ұрғашы болсын.
  61. Шаруаның мұңы бір.
  62. Шаршап жүріп мінген есек аттай болар.
  63. Шегірткеден қорыққан егін екпес.
  64. Шоқысқыш қоразға шыр бітпес.
  65. Шөп болса да, көп болсын.
  66. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.
  67. Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда.
  68. Ынтасыз өрге баспас.
  69. Іздеген мұратына жетер, Жалқаудың өмірі босқа өтер.
  70. Іздесең – табасың, алыссаң – аласың.
  71. Іңірден жатқан – ырыссыз қалады.
  72. Істемеген тістемейді.
  73. Істеу қиын, сынау оңай.
  74. Ісі жоқтың асы жоқ.
  75. Ішпес-жеместің малы ұрыларға бұйырады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ