Еңбек туралы мақал-мәтелдер
«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Еліктің мойнын оқ кеседі, Ердің мойнын жоқ кеседі.
- Елің жаман болса, Бір жақсыны сағала. Атың жаман болса, Ақтекенің мүйізімен тағала.
- Елің сені елесе, Еңбегіңнің жанғаны, Елің сені шенесе, Көз қырына алғаны.
- Емініп тапқанның, Екі көзі шығады.
- Ең дәмді деп татқаның – Еңбегіңмен тапқаның.
- Еңбегі аздың өнбегі аз.
- Еңбегі ештің күні кеш.
- Еңбегі ештің тұзы сор.
- Еңбегіне қарай – құрмет. Жасына қарай – ізет.
- Еңбегіне қарай өнбегі.
- Еңбегіне қарай табысы. Ерлігіне қарай дабысы.
- Еңбегің – дәулетің.
- Еңбегің болмаса, Елге өкпелеме. Ықтасының болмаса, Желге өкпелеме.
- Еңбегің сайлы болса, Ішің майлы болады.
- Еңбегің сайлы болса, Ішің майлы болар.
- Еңбек – адамның көркі, Адам – заманның көркі.
- Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.
- Еңбек – өмір ажары.
- Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы.
- Еңбек – ырыстың бұлағы, Еңбек – бақыттың шырағы.
- Еңбек адамды бүтіндейді. Жалқаулық адамды түтіп жейді.
- Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген жететін. Жоқшылық деген жебірді Жермен-жексен ететін.
- Еңбек ептілікті сүйеді.
- Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.
- Еңбек ет те мақтан, Ойнап-күл де шаттан.
- Еңбек ет те, егін ек, Жарымасаң, маған кел. Белді бу да, бейнет қыл, Байымасаң, маған кел.
- Еңбек ет те, міндет ет.
- Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме.
- Еңбек етсең – еленерсің, Еңбегіңе кенелерсің. Есің жиып, етек жауып, Елге жетіп теңелерсің.
- Еңбек етсең – емерсің, Ерінбесең – жеңерсің.
- Еңбек етсең – емерсің.
- Еңбек етсең ерінбей, Қарның тояр тіленбей.
- Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқау абырой кетірер.
- Еңбек өмірді ажарлайды.
- Еңбек патшалықты асырайды.
- Еңбек пен бақыт егіз.
- Еңбек түбі – қуаныш, Сауда түбі – реніш.
- Еңбек шаһар түзетеді. Еңбексіздік жүдетеді.
- Еңбек істегеннің еті «ауырады», Жаны сауығады.
- Еңбекке ебі жоқтың, елдікке себі жоқ.
- Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады. Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
- Еңбекқордың ерні майлы, Жалқаудың басы қаңғы.
- Еңбекпен ер өседі, Егізбен төл өседі.
- Еңбекпен ер өседі, Егізден төл өседі.
- Еңбекпен тапқанның, Екі бүйірі шығады.
- Еңбексіз – өмір тұл. Ойсыз – көңіл тұл.
- Еңбексіз ел кезгенің – ар-ұяттан безгенің.
- Еңбексіз ит жер, Бейнетсіз бит жер.
- Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
- Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.
- Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.
- Еңбексіз іс бітпейді, Еріншектің қолы жетпейді.
- Еңбекте қорлық жоқ. Шындықта зорлық жоқ.
- Еңбектен алғанның бүйірі шығады. Кісіден алғанның екі көзі шығады.
- Еңбектен қашқан дөңбекке жолығар.
- Еңбектен қашпа, Ырысыңды шашпа.
- Еңбектікі екеу болар.
- Еңбектің көзін тапсаң, Байлықтың өзін табарсың.
- Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.
- Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.
- Ер – егіз, еңбек – жалғыз.
- Ер дәулеті – еңбек.
- Ер еңбегі елге ортақ.
- Ер еңбегіне бір тойсын.
- Ер еңбекке бір түйсін.
- Ер жігіт үш ақ үй, үш қара үй тігеді.
- Ер тарықпай молықпас.
- Ер тынысы – еңбек, Ез тынысы – ермек.
- Ергенек болмаса, Есік тұра ма? Еңбеккер болмаса, Несіп тұра ма?
- Ерді қорласаң, састырар, Асты қорласаң, құстырар.
- Ердің атын еңбек шығарар.
- Ердің малы – елдің малы.
- Еркін еңбек – Баршаны жеңбек.
- Ермек қуған пәлеге жолығады, Еңбек қуған қазынаға жолығады.
- Ерте тұрған жігіттің Ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің Бірісі артық.
- Ертең-ертең деумен, Еріншек өлер. Көрінгенге жем болып Көңілшек өлер.
- Ерінбеген арыстанның аузындағыны алады.
- Ерінбеген емер, Қажымаған жеңер.
- Ерінбей еңбек етсең – Ерінің асқа тиеді. Ерініп ілбіп кетсең, Иегің тасқа тиеді.
- Ерінбей еңбек істесең – Етек-жеңің кеңейер, Етек-жеңің кеңейсе, Терезең жұртпен теңейер.
- Ерінген екі істейді.
- Еріншек дүниеден құр қалады.
- Еріншек екі істер, Ақыры бармағын тістер.
- Еріншекке есік асу, Жалқауға бұлт жүк.
- Еріншекке есік пен төр – екі күндік жер.
- Еріншекке жоқ сылтау.
- Еріншекке табалдырық та асу.
- Еріншектің егіні піспес.
- Еріншектің ертеңі бітпес, Жеңілтектің селтеңі бітпес.
- Еріншектің ісі екі.
- Есек мінген еңбегін мінер.
- Есекке жүк артқанмен, түйе болмас, Сиырды жиі сауғанмен, бие болмас.
- Есектің артын жу да, мал тап.
- Есептемегенге бәрі түгел.
- Есепші болмай, бай болмас, Есер болмай, ер болмас.
- Есесі қайтқан еңбек игі.
- Есесі қайтпас еңбек жоқ.
- Ескерген ескі асынан сақтар.
- Ескі киім – жаңа киімнің қорғаушысы.
- Ескіні жамағанның есі шығады.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ