Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Достық туралы мақал-мәтелдер

«Достық» тақырыбындағы 389 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Қарның ашса, Қосыңа бар.
  2. Қас болып, дос болғанға мақтан, Дұшпанмен дос болудан сақтан.
  3. Қас жаман Қасындағысын қарақтайды.
  4. Қаскүнем қарақтан өледі, Қомағай тамақтан өледі.
  5. Қасқыр да қастық қылмайды жолдасына.
  6. Қасқыр ұлып ұяласын шақырады.
  7. Қасың мен досыңды, Қас-қабағы танытар.
  8. Қасыңның жылмаңдағанынан, Досыңның түнергені артық.
  9. Қауым елді жамандама, Қарғысына қаларсың. Қара жерді жамандама, Қайтып сонда барарсың.
  10. Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.
  11. Құда болғанша хал-жайын сұрас, Құда болған соң, қолда барымен сыйлас.
  12. Құдағи құрдасыңдай болсын, Құдаң шын досыңдай болсын.
  13. Құдай қосқан құда болады, Пайғамбар қосқан дос болады.
  14. Құдандалының малы бір, Айтулы достың жаны бір.
  15. Құданы Құдай қосады, Досты періште қосады.
  16. Құл құдасын табады.
  17. Құлан құдыққа құласа, Құрбақа құлағында ойнар.
  18. Құлқы жаманның Қасында болма. Құнты жаманның Асында болма.
  19. Құрбысының асқаны құдасынан білінер.
  20. Құс қанатымен, ер жолдасымен.
  21. Құтырған әкім Құдыққа түкіреді.
  22. Қыңыр істің қырық жылдан соң да Қиығы шығар.
  23. Мейірімділік – Жүректен.
  24. Мың асқанға, бір тосқан.
  25. Мың досың болса да, Біреуінің орны бөлек.
  26. Мың жолдас жақсы, Мың жолдастан бір дос жақсы.
  27. Мыңның түсін танығанша, Бірдің атын біл.
  28. Нағашы – бәйтерек, жиен – қотыр тайлақ.
  29. Нағашы жұрт жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқорлық ниеті билейді.
  30. Наданға жалынғанша, Адамға жалын: Надан жолыңды тосады, Адам қатарға қосады.
  31. Ненің қызығын көп көрсең, Соның күйігін бір тартарсың.
  32. Оқ табылса, құс кез келмейді, Ас табылса, дос кез келмейді.
  33. Отбасының сәні – сыйластық, Достық сәні – қимастық.
  34. Отты жақпа, Өзің пісерсің, Орды қазба, Өзің түсерсің.
  35. Өгізді өрге салма Қарың талар. Жаманға сөзің салма Сағың сынар.
  36. Өз теңін таппаған, Өмір бойы өкінер.
  37. Өзім деген өзекке теппес.
  38. Өзімде болмаса, ағайында болсын, Ағайында болмаса, алғанымда болсын.
  39. Өзін зорсынып, Өзгені қорсынған жаман.
  40. Өзің қандай болсаң, досың сондай.
  41. Өзіңді зорсынба, Өзгені қорсынба.
  42. Өзіңнен жолдасың мықты болсын.
  43. Өкпеден соққан жел жаман, Елінен безген ер жаман. Елге сыймас кер жаман, Егінсіз болса жер жаман.
  44. Өлімнен қорлық жаман.
  45. Өрлеген балық Ауға жолығады, Өр кеуде жігіт дауға жолығады.
  46. Пайданың зоры – Дос үшін шеккен зиян.
  47. Сабы жоқ шотпен отын жарма, Сабырсыз доспен жауға барма.
  48. Сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла, Үй салмас бұрын көршіңді ойла.
  49. Сатарда атың жаман, Ажырасарда қатын жаман.
  50. Сөздің аласы – жаман, Оттың шаласы – жаман.
  51. Сүйек тамыр – Сүйенісіп күн көреді. Ауыз тамыр – Айтысып артығын алады.
  52. Сүйеніші күшті болса, Сүйек жұтса да, қақалмайды.
  53. Сүймегенге сүйкенбе Бағың кетеді, Мың тіллалық басыңды Бір пұл етеді.
  54. Сыйға – сый, сыраға – бал.
  55. Сыйынғаннан сүйенгенің күшті болсын.
  56. Сырты жылтыр, іші бос, Қуыршақпен болма дос!
  57. Табы бірдің ары бір, Адал достың жаны бір.
  58. Тақыр жерге су төксең, Жүруге тайғақ болар; Жаманға сырыңды айтсаң, Тар жерде айғақ болар.
  59. Тамыр түбі – дау, Құрдас түбі – жау.
  60. Тауға тау қосылмас, Адамға адам қосылар.
  61. Тәуір көрген досыңа, Тәуір көрген малын бер, Көре-көре сүйінсін. Көңіл қалған досыңа, Жаратпаған малын бер, Көре-көре күйінсін.
  62. Тебісіп жатсаң да, теңің болсын.
  63. Тегі жаман тойда тонын сұрар.
  64. Тезек терсең теңіңмен.
  65. Темірдің бір басы ыстық, Бір басы суық.
  66. Тең теңімен, тезек қабымен.
  67. Тобылғылы шұбардан Панасыз таудың несі артық? Қадыр білмес туғаннан Құныңды білер дос артық.
  68. Топас адам – тобашыл, Жаман адам – табашыл.
  69. Туа жаман жоқ, Жүре жаман бар.
  70. Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын.
  71. Тұяқты тұяқ жібермейді.
  72. Түлкі мінез адамдар, Досты досқа жамандар.
  73. Тыстағы мың жаудан, Үйдегі бір жау жаман.
  74. Тістем нанның қадірін, Тарыққанда білерсің. Анық достың қадірін, Зарыққанда білерсің.
  75. Ұрыспай айырылысқан, Ұялмай қосылады.
  76. Ұстамен дос болсаң, Керегіңді соқтырып аларсың. Қайықшымен дос болсаң, Қайығыңды суға саларсың. Ұрымен дос болсаң, Қораға шабарсың.
  77. Үйдің жылы, суығын, Қыс түскенде білерсің. Кімнің алыс, жақынын, Іс түскенде білерсің.
  78. Үндемегеннің ішінде, Үйдей бәле жатады.
  79. Үндемес ауызда пәле бар, Екі ұртында шала бар.
  80. Хамза бар, не қам бар?
  81. Хас кемеңгер қайғырса да, қуанса да, қалт етпес.
  82. Шабан ат дегенше, Жаман ат десеңші. Шабан жігіт дегенше, Жаман жігіт десеңші.
  83. Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.
  84. Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың.
  85. Шатынаған көзге шайтан ғана шалынар.
  86. Шығысы жаман қамысты Су ішінен өрт шалар. Бейілі жаман адамды Түйе үстінен ит қабар.
  87. Шын дос басыңа ырза, Кей дос асыңа ырза.
  88. Шын жолдас сөзге берік, ерге серік.
  89. Іші тарлық – сараңның ісі, Жалақорлық – жаманның ісі.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ