Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Достық туралы мақал-мәтелдер

«Достық» тақырыбындағы 389 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Досыңмен дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан.
  2. Досыңмен көп сөйлеспе, Жолынан қалдырарсың. Дұшпаныңмен көп сөйлеспе, Сырыңды алдырарсың.
  3. Досыңның асын қасыңдай іш, Қасыңа барарда қанып іш.
  4. Досыңның атын алма, тайын ал.
  5. Досыңның пышағымен мүйіз кес, Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.
  6. Досыңның үйі – өз үйің, Досыңның сыйы – өз сыйың.
  7. Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады.
  8. Егер біреу жолға шықса, Аман барып, сау қайтсын. Шын тілектес досы болса, Сол тілеуді күнде айтсын.
  9. Ежелгі жау ел болмайды.
  10. Екі жақсы дос болса, Бірін бірі қия алмас. Екі тентек қосылса, Бір шаһарға сыя алмас.
  11. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас.
  12. Екі жақсы қосылса, Өлгенше дос болады. Екі жаман қосылса, Өлгенше өш болады.
  13. Екі көңіл арасы – жылшылық жер.
  14. Екі тентек қосылса Жаудай болар. Екі мақұл қосылса Таудай болар.
  15. Ел сүйгендей досың болсын, Жер сүйгендей қосың болсын.
  16. Еркектің жаманы Қатынын жамандар, Елдің жаманы Батырын жамандар.
  17. Ермек қуған Бәлеге жолығады; Еңбек қуған Қазынаға молығады.
  18. Есептескен – дос болмас.
  19. Есепті дос айырылмас.
  20. Ескіге жаңа – өлшеуіш, Жаманға жақсы – өлшеуіш.
  21. Жабағы тайдың тері ащы, Жаман адамның тілі ащы.
  22. Жағымпаз – жасқаншақ, Жаман – мақтаншақ.
  23. Жақсы – жаныңа жолдас, Жаман – малыңа жолдас.
  24. Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы.
  25. Жақсы адам жолына Жол азық қалдырады. Жаман адам жолыңа Ор қазып қалдырады.
  26. Жақсы адам туса – Көптің ырысы, Жазғы жаңбыр жауса, Көктің ырысы.
  27. Жақсы әйел ер көңілін өсіреді, Жаман әйел ер отын өшіреді.
  28. Жақсы әйел Жаман еркекті би етеді. Жаман әйел Жақсы еркекті құл етеді.
  29. Жақсы әке жаман балаға, Қырық жылдық ризық.
  30. Жақсы байқап сөйлер, Жаман жайпап сөйлер.
  31. Жақсы болса алғаның, Үйіңнен кісі кетпейді; Жаман болса алғаның, Шын досың да шеттейді.
  32. Жақсы болса балаңды Жанарым де – көзімнің. Жаман болса балаңды «Жаманым» де өзімнің.
  33. Жақсы болса дуана, Алдынан шық құп ала. Жаман болса дуана, Ит айтақтап қуала.
  34. Жақсы дос пайдасын тигізбесе, зиянын тигізбейді; Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.
  35. Жақсы дос үшін жан пида.
  36. Жақсы жолдас ерттім дегенше, Жарты жолдан өттім де.
  37. Жақсы жүрген жерін Мақтап жүреді, Жаман жүрген жерін Даттап жүреді.
  38. Жақсы жігіт Ағайынның басын қосады. Жаман жігіт Жақсы ағаның жолын тосады.
  39. Жақсы жігіт Досының жайын ойлайды, Жаман жігіт Басының қамын ойлайды.
  40. Жақсы жігіт Досының қамын ойлайды. Жаман жігіт Басының қамын ойлайды.
  41. Жақсы жігіт сапардан: Елін аңсап қайтады, Алдына мал сап қайтады. Жаман жігіт сапардан: Пістесін шағып қайтады, Қалтасын қағып қайтады.
  42. Жақсы керісіп отырып Күліседі. Жаман келісіп отырып Керіседі.
  43. Жақсы көпке зейнет, Жаман көпке бейнет. Жақсы бала – жансақ, Жаман бала – малсақ.
  44. Жақсы кісі сырқаттанса, Көңілін сұрар ағайын. Жаман кісі сырқаттанса, Жан баспайды маңайын.
  45. Жақсы өз басынан көреді, Жаман жолдасынан көреді.
  46. Жақсы сөзіңді сыйлар, Жаман тезіңді сыйлар.
  47. Жақсыға айтқан тура сөз – Жасақ тіккен тумен тең. Жаманға айтқан тура сөз – Құмға төккен сумен тең.
  48. Жақсыға айтсаң Бітірер, Жаманға айтсаң Жітірер.
  49. Жақсыға барсаң – Жазылып қайтарсың. Жаманға барсаң – Жабығып қайтарсың.
  50. Жақсыға жақын көп.
  51. Жақсыға жолдас болсаң, ісің бітер, Жаманға жолдас болсаң, басың кетер.
  52. Жақсыда өкпе болмас.
  53. Жақсылық жарбасында, Жамандық жастық астында.
  54. Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе.
  55. Жақсылық терек басында, Жамандық тізең астында.
  56. Жақсылыққа жақсылық Әр кісінің ісі дұр. Жамандыққа жақсылық Ер кісінің ісі дұр.
  57. Жақсылыққа жақсылық Әр кісінің ісі дүр. Жақсылыққа жамандық Қар кісінің ісі дүр.
  58. Жақсылықты қызғанба, Бәріңізге жетеді. Жақсы болып бір жүрсең, Дүние қызық өтеді.
  59. Жақсымен жанассаң Атаққа ілінерсің. Жаманмен жанассаң Шатаққа ілігерсің.
  60. Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.
  61. Жақсымен жүрсең, Жақсымен жақсы боларсың. Жаманмен жүрсең, Жын ұрып, бақсы боларсың.
  62. Жақсыны айтып, Жаманды таяп қой.
  63. Жақсыны арман оздырар, Жаманды құлқын тоздырар.
  64. Жақсыны көрсең – Көңілің ашылады, Жаманды көрсең – Көңілің басылады.
  65. Жақсыны көріп, Пікір ет, Жаманды көріп, Шүкір ет.
  66. Жақсыны сыйласаң, Есінен кетпейді. Жаманды сыйласаң, Есігіңнен кетпейді.
  67. Жақсының басына іс түссе, Ашынар да, ашылар. Жаманның басына іс түссе, Төгілер де, шайылар.
  68. Жақсының басына іс түссе, От басына білдірмейді. Жаманның басына іс түссе, От басын күлдірмейді.
  69. Жақсының жақсылығын айт, Мейірі тассын, Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын.
  70. Жақсының жаты болмайды, Жаманның ұяты болмайды.
  71. Жақсының жүрген жері – базар, Жаманның жүрген жері – азар. Татуға – тіл, Сұлуға – сұқ.
  72. Жақсының күнде Бір ойы кеңиді; Жаманның күнде Бір ойы кемиді.
  73. Жақсының сағы сынғанша, Жаманның жағы сынсын.
  74. Жақсының соңынан көп ереді, Жаманның соңынан шөп ереді.
  75. Жақсының шарапаты Тиер тар жерде; Жаманның кесапаты Тиер әр жерде.
  76. Жақындай қимас – Шын досыңмен сыйлас.
  77. Жақынды жаралама, Алысты қаралама.
  78. Жақыны көп жасқанбайды.
  79. Жақыныңды жаттай сыйла, Жат жанынан түңілсін.
  80. Жалған достан – жау артық.
  81. Жалған жолдас көзіңе мақтар, Сырт айналып сойылын баптар.
  82. Жалғызға жұмақ та жараспайды.
  83. Жаман ағайын Бар болсаң Көре алмайды. Жоқ болсаң Бере алмайды.
  84. Жаман адам өзі бола алмайды, Болғанды көре алмайды.
  85. Жаман адам төршіл.
  86. Жаман артық қылам деп Тыртық қылар.
  87. Жаман аттан аяғым жақсы, Жаман достан таяғым жақсы.
  88. Жаман байыса, Жақынын танымас.
  89. Жаман деп бесікке күлме, Тар деп бар есікке күлме. Бесік – ұшар ұяң, Есік – алтын шыған.
  90. Жаман дос – көлеңке: басыңа бақ қонса, қашып құтыла алмайсың. Басыңа бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.
  91. Жаман дос жауыңмен бірге шабар.
  92. Жаман дос: Озып бара жатсаң Етегіңді басады, Қалып бара жатсаң Қасыңнан қашады.
  93. Жаман достан жау артық.
  94. Жаман есепші Жанынан төлейді.
  95. Жаман етігін майлар, Етігі етегін майлар, Етегі көпшігін майлар, Көпшігі құйрығын майлар.
  96. Жаман етіңе келеді, Жақсы ниетіңе келеді.
  97. Жаман жаңбыр жаумай су болады.
  98. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
  99. Жаман жолдастан мықты таяқ артық.
  100. Жаман жігіт – үйкүшік.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ