Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Достық туралы мақал-мәтелдер

«Достық» тақырыбындағы 389 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Жаман жігіт той бұзады, Жаман әйел үй бұзады.
  2. Жаман көрші: Ұрыс пен керіс. Жақсы көрші: Ауыс пен беріс.
  3. Жаман мақтанса қатынын сабар.
  4. Жаман өзен өткел бермес, Жаман кісі көпке ермес.
  5. Жаман өле жейді, Жақсы бөле жейді.
  6. Жаман сөз – жылытады, Жақсы сөз – жұбатады.
  7. Жаманат жатпайды.
  8. Жаманға – таяқ, Жақсыға – ишарат.
  9. Жаманға басшы болғанша, Жақсыға қосшы бол.
  10. Жаманға етіңді бер, Жамандығын қойсын деп. Жақсыға ниетіңді бер, Мерейі толсын деп.
  11. Жаманға жолдас жақпас.
  12. Жаманға жүзің салма, Малды екен деп. Жақсыдан күдер үзбе, Жарлы екен деп.
  13. Жаманға қол бергенше Жақсыға жол бер.
  14. Жаманға ошақтың үш бұты, Үш айлық жол.
  15. Жаманға сырыңды айтсаң Жарға жығады.
  16. Жаманға шөп батады, Жақсыға сөз батады.
  17. Жаманды көрмей, Жақсыны танымайсың.
  18. Жамандыққа жақсылық. Ұяты барды ұрғаның. Жақсылыққа жамандық Тек зұлымдық қылғаның.
  19. Жамандықта – тек жоқ, Жауыздықта – шек жоқ.
  20. Жаманмен жолдас болсаң, Кесірі жұғар, Жақсымен жолдас болсаң, Несібі жұғар.
  21. Жаманнан жарты қасық ас қалады.
  22. Жаманның айтқаны келмейді, Сандырақтағаны келеді.
  23. Жаманның ақылы қалтасында, Ақымақтың ақылы балтасында.
  24. Жаманның ақылы Түс ауған соң кіреді.
  25. Жаманның барынан – жоғы, Ашынан – тоғы.
  26. Жаманның ойыны жаман, Шошқаның мойыны жаман.
  27. Жаманның сөзі Түйеден түскендей, Жақсының сөзі Диірменнен шыққандай.
  28. Жаманның сөзін сөйлеме, Жасықтың дауын даулама.
  29. Жаманның үсті су болса, Кеппестей көрер; Жаман адамға мал бітсе, Кетпестей көрер.
  30. Жамансыз жақсы болмас, Несиесіз, нақты болмас.
  31. Жаманшылық пен Жақсылық егіз.
  32. Жанбаса – отын жаман, Жаға алмаса – қатын жаман. Қараспаса – жақын жаман, Жау алмаса – батыр жаман.
  33. Жаны жайсаң жігіттер Дария шалқар көлмен тең: Жан аян кескен жігіттер Ел қонбаған шөлмен тең.
  34. Жаңа дос келгенде, Ескі достың көзінен жас шығар.
  35. Жаңа дос келгенде, ескі достың, Көзінен жас шығады.
  36. Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер.
  37. Жас-жастың тілегі бір, Жібектің түйіні бір.
  38. Жат асыңа қарайды, Дос басыңа қарайды.
  39. Жатқа мініңді айтпа, Жаманға сырыңды айтпа.
  40. Жатқан жапа көреді, Жүрген опа көреді.
  41. Жауға жақсылық қылма, Жақынға тапшылық қылма.
  42. Жауға жалынба, досқа тарылма.
  43. Жауда да бір үйің болсын.
  44. Жауы үйде, досы түздегі адамның қайғысы ауыр.
  45. Жерді жамандама, Сенің туған анаң. Халықты жамандама, Паналайтын панаң.
  46. Жиен келді дегенше, жеті бөрі келді де.
  47. Жоқ кездегі дос – дос, Бар кездегі дос – бос.
  48. Жоқтан бәле жабысар, Егініңді өрт шалар, Сау басыңды дерт шалар!
  49. Жолға шықсаң, жолдасыңды сайлап шық.
  50. Жолдан қосылған жолдас болмайды.
  51. Жолдас болма қуға, Басың қалар дауға.
  52. Жолдасты жол айырады.
  53. Жолдасы жаманды жау алады.
  54. Жолдасын жолда тастамас болар.
  55. Жолдасын тастаған жолда қалар.
  56. Жолдасың жақсы болса, жолым ұзақ деме, Жолдасың жаман болса, қолым ұзын деме.
  57. Жолдасың жаман болса, Алыс жүріп түн қатпа; Қатының жаман болса, Кісі алдында тіл қатпа.
  58. Жолы болар жігітке Жолдан жолдас қосылар.
  59. Жолы болар жігіттің, Жеңгесі шығар алдынан.
  60. Жора-жолдас не керек, Жауға бірге шаппаса? Арғымақ мініп не керек, Жабыдан озып, артпаса?
  61. Жорға мінген жолдасына қарамайды.
  62. Жорғалымен жолдас болма, Атақтымен ойнас болма.
  63. Жөн білмейтін жаманнан Жайылып жүрген мал жақсы.
  64. Жылағанның көзі жаман, Сұрағанның өзі жаман.
  65. Жыланның сырты жұмсақ, Тісі заһар. Жауыздың тілі жұмсақ, Ниеті қатал.
  66. Жыласуға жақын жақсы, Сыйласуға жат жақсы.
  67. Жігіт жолдасымен белгілі.
  68. Жігіттің жайын жолдасына қарап жоры.
  69. Жітікке саяқ қосылып.
  70. Кедей мен бай жолдас болмас, Қасқыр мен қой жолдас болмас.
  71. Көз аласынан, Сөз саласы жаман.
  72. Көк соққаннан, Көп соққан жаман.
  73. Көлденең кісі көңілге қарамайды.
  74. Көрген көргенін, Көсеу түрткенін істейді.
  75. Көргенсізбен құрдас болма, Опасызбен сырлас болма.
  76. Көргені жаман – Бергенін айтады.
  77. Көргені жаман оңбайды, Айтқан тілді алмайды. Алғаны жаман оңбайды, Қағып төсек салмайды.
  78. Көрмесе – жат, көріспесе – ұят.
  79. Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде, Құтқарады өзгені де, өзін де.
  80. Күле кіріп, Күңірене шыққаннан сақтан, Күн шығып тұрып Құя жауғаннан сақтан.
  81. Күлме досыңа, келер басыңа.
  82. Күншіл дос: озып бара жатсаң, етегіңнен басады, қалып бара жатсаң, қасыңнан қашады.
  83. Күтімі жаман ағаштың Бітімі жаман.
  84. Кімді қор тұтсаң, Соған зар боларсың.
  85. Кімді сүйсең де, Шын көңіліңмен сүй.
  86. Кіммен қарайсаң, сонымен ағар.
  87. Кісінің көзіне көзің түссе, Көңіл жібіп, мейір түсер.
  88. Қайғылыға туыстан көмек, достан демеу.
  89. Қайғың болса, досыңа бар, Қарның ашса, қосыңа бар.
  90. Қайғың болса, Досыңа бар.
  91. Қайсы бірде қайырымды да ашуланар.
  92. Қайталаған дерт жаман, Қайта бұзған серт жаман.
  93. Қамысты қатты ұстамасаң, Қолыңды кеседі, Жаманды қатты ұстамасаң, Тоныңды шешеді.
  94. Қан туысынан жан туысы артық.
  95. Қара байыр қазанат, Қара жолда қалдырмас. Қара жолда қалдырып, Қанатыңды талдырмас.
  96. Қарау Қара басының қамын ойлайды.
  97. Қарға қаңқылдаса, Қысты шақырады. Қаз қаңқылдаса, Жазды шақырады.
  98. Қарғайын десем – жалғызым, Қарғамайын десем – жалмауызым.
  99. Қарғамен жолдас болсаң, шоқығаның боқ болар, Бүркітпен жолдас болсаң, тамағың тоқ болар, Аққумен жолдас болсаң, тәнің пәк болар.
  100. Қарғаның құдасы көп, Түлкінің жолдасы көп.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ