Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

«Ата-ана» тақырыбындағы 368 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Қызы бардың назы бар, Қысы бардың жазы бар.
  2. Қызы бардың назы бар.
  3. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
  4. Қызым, қызым, қыз кісі, Қызыма келді жүз кісі, Жүз кісінің ішінен Таңдағаны бір кісі!
  5. Қызымның баласы – Балдан тәтті анасы. Ұлымның баласы – Қара жылан анасы.
  6. Қызың кер әдеп болса – қорлық, Балаң бейәдеп болса – қорлық.
  7. Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.
  8. Қызыңды құтты орнына қондырғанша күт, Ұлыңды отау иесі болғанша күт.
  9. Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт, Ұлыңды отау иесі болғанша күт.
  10. Қырсыққан қыз бай таппас, Қырсыз жігіт мал таппас.
  11. Қырын алған жігітті Қыз қасынан ит қабар.
  12. Мал балада қалды, Бай далада қалды.
  13. Малды баққан өсірер, Баланы тапқан өсірер.
  14. Мейрімі мол ананың – Жүрегі жылы, қолы кең.
  15. Мейрімі мол ананың – Жүрегі жылы, қолы кең. Кең пейілді атаның Жүзі жылы, жолы кең.
  16. Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
  17. Нағашым бай, қайным бай, Қайтіп жарлы қыласың, Құдайым-ай.
  18. Немере етін жеп, сүйегін береді.
  19. Он бала бір әкеге жүк болмайды, Бір әке он балаға жүк болады.
  20. Орақ ұстап әкең қалғанша, Оймақ ұстап шешең қалсын.
  21. Отаулап берген қыздың Отын, суы аз болмас.
  22. Отырған қыз орнын табады.
  23. Өз кемеріңнен шыққан баланы Бал сүтіңмен бағарсың. Бал сүтіңмен бақпасаң, Кәйтіп көңілін табарсың?!
  24. Өз қолыңда болмаса, әкең де жат.
  25. Өзіңді көрген өлсе өлсін, Атаңды көрген өлмесін.
  26. Өкпелегіш балақай Өз сыбағасынан құр қалар.
  27. Өлгенге өкпе жүрмейді.
  28. Өлетін бала молаға қашады.
  29. Өлі риза болмай, тірі байымайды.
  30. Сақау қыз Май сұраймын деп, Шай сұрайды.
  31. Сегізінде баланың тісі түседі, Сексенде ердің бір-біріне ісі түседі.
  32. Суды шым бөгейді, Дауды қыз бөгейді.
  33. Судың түбін шым бекітер, Даудың түбін қыз бекітер.
  34. Сұлу гүлдің сарғайып, Солар кезі болады. Сұлу қыздың әр тайып, Оңар кезі болады.
  35. Таза сабаның қымызын іш, Мейірбан ананың қызын ал.
  36. Тентек баланы теке сүзеді.
  37. Теңін тапсаң – тегін бер.
  38. Тойған қыз төркінін танымас.
  39. Торғай Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің; Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің.
  40. Торғай Жаңбыр жауса, Баласын қорғайды; Бұршақ жауса, Басын қорғайды. Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің; Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің.
  41. Төркін десе қыз төзбейді.
  42. Төркін десе, қыз төзбейді, Көкпек десе, түйе төзбейді.
  43. Төркін десе, қыз төзбейді, Тұз десе, түйе төзбейді.
  44. Төркінге сенгеннің төбесі тесік.
  45. Төркініне келген қыз Төрге секірер.
  46. Туғаным – туырлығым, Қарындасым – қазынам.
  47. Тіріде сыйласпаған өлгенде жыласпайды.
  48. Ұл – қоныс, Қыз – өріс.
  49. Ұл баланың Үй күшік болғаны жараспайды, Қыз баланың Қыдырма болғаны жараспайды.
  50. Ұл туғанға – күн туар.
  51. Ұл туғанға – Күн туған.
  52. Ұлдан туғанның ұлығы жоқ, Қыздан туғанның қиығы жоқ.
  53. Ұлды ұясында баулы.
  54. Ұлың үйленсе – ырысың, Қызың орын тапса – өрісің.
  55. Ұлыңды алып қыз берсе – қорлағаны Құдайдың, Қызыңды алып ұл берсе – сыйлағаны Құдайдың.
  56. Ұлыңды өзің жөнге салмасаң, Өмір тезге салады.
  57. Үйінде атасы бардың берер батасы бар.
  58. Үкісіз қыз болмас, Тікенсіз гүл болмас.
  59. Үлкен бастар Кіші қостар.
  60. Үш баланы өсіргенше, Үш шаһар апат болады.
  61. Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без.
  62. Шешесіне қарап қызын ал, Аяғына қарап асын іш.
  63. Шыққан қыз шиден ары.
  64. Шыққан қыз шиден әрі.
  65. Ыржық қызға – тыржық күйеу.
  66. Ілгері басатын жасты Кері тартқан кәрі қайтарады.
  67. Ініден ізет.
  68. Інінің реті – тас қару, Ағаның жолы – басқару.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ