Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
«Ата-ана» тақырыбындағы 368 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Жетімнің ризығы – жұрттан.
- Жұмақ аналардың табанының астында.
- Жылайын деген баланың Үш күн бұрын көзі қышиды.
- Жылқыдағы боз айғыр, Қуып құлын таламас.
- Жынды қыз ашамайға мінді қыз.
- Жыршы қызға – сыршы күйеу.
- Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады, Жылан мінезді жігіт жұртта қалады.
- Жігіт асыққаннан өлсін, Қыз ынтыққаннан өлсін.
- Жігіт болсаң батыр бол, жау жеңгендей жапырып.
- Жігіт жақсысы түрмеде, Ат жақсысы көрмеде.
- Жігіт жақсысын «сұлтан» дейді, Ит жақсысын «сырттан» дейді.
- Жігіт жанған шоқ болсын, шоқ болмаса – жоқ болсын.
- Жігіт жауда өлер, Шешен дауда өлер.
- Жігіт жиғанын жемейді, бұйырғанын жейді.
- Жігіт жолдасынан белгілі, Сарбаз қолбасынан белгілі.
- Жігіт көзімен қыз алма.
- Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек. Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек.
- Жігітті бірде майданда сына, бірде бейғамда сына.
- Жігітті көркінен таныма, сертінен таны.
- Жігіттің бағы білмейді, жұмысының бабы біледі.
- Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны жетеу болмайды.
- Иесі жардай, аты арық, Түз жұтынан сақтасын. Әйелі жардай, ері арық, Үй жұтынан сақтасын.
- Кәрі қыз ер танымайды, Өлген адам жер танымайды.
- Кәрі қыздың ұяты босағадан аттағанша.
- Кәрінің бары игі.
- Кең пейілді атаның Жүзі жылы, жолы кең.
- Көн етіктіге бармай жүр, Көк етікті алмай жүр.
- Көне киім жаңаны сақтайды, Кәрі кемпір баланы сақтайды.
- Көп беріп көргендінің қызын алсаң, үйіңе мейман келсе құрмет етер. Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң, байымен бір жатқанын міндет етер.
- Көргендінің баласы, Жөргемді келеді.
- Көргенсіз бала – көкірек, Өнерсіз бала – өкірек.
- Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.
- Көшермен болса жұрт жаман, Кетермен болса қыз жаман.
- Күйеу – жолдасымен, Қыз – жасауымен.
- Күйеу жаман болса қызыңнан.
- Күндес көргеннің қызын алма.
- Күтсең ата-анаңды, Кешірер атаң қатаңды.
- Қазанға тиме, қарасы жұғар, Балаға тиме, бәлесі жұғар.
- Қайтып келген қыз жаман, Қайта шапқан жау жаман.
- Қалыңдығына өкпелеген күйеу, Қайнысына сәлем бермейді.
- Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды.
- Қамшыға бүлдіргі Балаға үлгі керек.
- Қанша жақсы болса да, Қайын атаң әкеңдей, Қайын енең шешеңдей болмас.
- Қарға баласын «аппағым» дейді, Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
- Қарына тартпағанның қары сынсын.
- Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтерер.
- Қатын өлсе үйің кетеді, Басыңнан күйің кетеді.
- Қорғасын – қотыр қыздың сырғасы.
- Қотыр қызға – қола сырға.
- Құда болғанша, құлы мен биін сұрас, Құда болған соң, құл да болса сыйлас.
- Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
- Қыз – өріс, ұл – қоныс.
- Қыз «қуыршақ» дейді, Бала «құлыншақ» дейді.
- Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, Ұл атадан көрмейінше үлгі алмас.
- Қыз ат байлатар.
- Қыз ауылдың көркі, Жігіт ауылдың еркі.
- Қыз баққаннан қысырақ баққан оңай.
- Қыз баққанша қысырақ бақ.
- Қыз бала әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.
- Қыз бала кісінің кісісі.
- Қыз бала өкпеші болса қалыңмал көп болар. Ер бала өкпеші болса ырысқа кесір болар.
- Қыз бала үйге жаққан бояу.
- Қыз бен жылқы жаудікі.
- Қыз кетсе – қуаныш, Тұрақтаса – жұбаныш.
- Қыз қылығымен.
- Қыз мінезді келсін, Ұл өнерлі келсін.
- Қыз назы қырық кісіні мас қылады.
- Қыз өссе елдің көркі.
- Қыз түгіл қызыл шүберек те таба алмайсың.
- Қыз ұзатқанның қызылы қалмайды.
- Қыз ұзатқанның қызылы қалмас.
- Қыз ұзатылған үй өлік шығарғандай.
- Қызға берген білінбес.
- Қызға қырық үйден тыйым.
- Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю.
- Қызғаншақтың қызы Күйеусіз қалады.
- Қызғыш құсқа көл пана, Жетім қызға ел пана.
- Қызда қылық болмаса құр шырайдан не пайда?
- Қызда қырық көліктік бақыт бар.
- Қыздан туғанда қиық жоқ.
- Қыздан туғанның қиығы жоқ, Туыс қылудың қиыны жоқ.
- Қыздан туғанның қиығы жоқ.
- Қыздар сәулім болғанда жүріс түзер, жүріс түзеп, жігітке көзін сүзер.
- Қызды асырай алмаған күң етеді, Ұлды асырай алмаған құл етеді.
- Қызды асырап білмеген күң етер, Жібекті түте алмаған жүн етер.
- Қызды ауылдың қызығы көп.
- Қызды кім ілмейді? Қымызды кім ішпейді?
- Қызды қартқа таңдат, Атты жігітке таңдат.
- Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
- Қызды сөкпе, Тұзды төкпе.
- Қыздың аңқауынан сақта, Ұлдың жалқауынан сақта.
- Қыздың барар жері күйеу, Ұлдың барар жері диірмен.
- Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.
- Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.
- Қыздың қабағында құт бар.
- Қыздың құны қырық жеті.
- Қыздың сырын төркіні біледі.
- Қыздың ұяты шешеге.
- Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
- Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ