Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
«Ата-ана» тақырыбындағы 368 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Әкем соқса, шешеме қорғалаймын, Шешем соқса, әкеме қорғалаймын.
- Әкең өлсе өлсін, әкеңді көрген өлмесін.
- Әкеңнің қадірін әке болғанда білерсің, Жастықтың қадірін қартайғанда білерсің, Жақсының қадірін жамандық көріп білерсің.
- Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенін қайтесің?
- Әкесі бардың білісі бар.
- Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.
- Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз тумас.
- Байғазыға байдың қызы.
- Байжанды қыз – ұятсыз.
- Бала – бауыр, Дос – тамыр.
- Бала – жаның, мал – иманың.
- Бала – қымбат, Немере – ыстық.
- Бала анаға аян, Атаға күмән.
- Бала жетіге келгенше Жерден таяқ жейді.
- Бала күлкіге тоймас, Болбыр ұйқыға тоймас.
- Бала өз несібесін ала туады.
- Бала өсірген ата-ана Бала болып ойнайды. Бала оқытқан ұстаздар Бала болып ойлайды.
- Бала тентек болатыны – үйінен, Ердің тентек болатыны – биінен.
- Бала ішегін Шұбатып жүріп ойнайды.
- Балаға әкенің бағы бақ болмайды, малы мал болмайды.
- Балалы әйел – кескекті аю.
- Балалы үйрек көлден кетпес, Балалы жесір елден кетпес.
- Баланың бас ұстазы – ата-ана.
- Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.
- Баланың өзі болғандай, Келіннің өзі келгендей.
- Балапанды торғайлар Өрт болмасын тілейді. Балаларға аналар Дерт қонбасын тілейді.
- Баласы бардың өңі ойнар, Балтасы бардың қолы ойнар.
- Баласыз ана – гүлсіз алма.
- Баласынан айрылған әке Таяғына сүйенер.
- Барша жақсы – бір жаман, Бәрі бидай – біз сабан.
- Бауырындағыны алдырған анасын алдырар.
- Бесіктегі баланың Күлгенін көрген бір мұрат. Алдынан түсіп ананың Жүргенін көрген бір мұрат.
- Бесіктен түскен бөпеге Есікке дейін ен дүние.
- Бойдақ жігіт жұрт күйеуі. Болатын жігіт епшіл, Болмайтын жігіт кекшіл.
- Болар бала Бесігіңде бұлқынар. Болар құлын Желісіңде жұлқынар.
- Болатын бала – пысық, Жауатын күн – ыстық.
- Болатын елдің баласы Бірін бірі: «Батыр!» дер. Болмайтын елдің баласы Бірін бірі: «Қатын!» дер.
- Боранды күні бала құтырар, Желді күні ит құтырар.
- Босаң жүрген жігітті бел үстінде бөрі алар. Еркінсіген көкжалды ебін тапқан ер алар.
- Бөрі аулайтын жігіт бөрігінен белгілі. Жау алатын жігіт серігінен белгілі. Балта соғар жігіт көрігінен белгілі.
- Бір жігіт бар – құр жан, Бір жігіт бар – тірі жан, Бір жігіт бар – жігіт жан.
- Бір қыз күйеуге тисе, басқа қыздар түс көреді.
- Бір қыз күйеуге шықса, Мың қыз түс көреді.
- Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.
- Гүл өссе жердің көркі.
- Даналық ананың сөзінде, Мейірі екі көзінде.
- Даяр астың атасы көп, Қырт сөздің қатесі көп. Далаға түнеген малдың иесі көп.
- Дегелек келді, кемпір шешем қыз болды.
- Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанды баласындай сүйеді.
- Екі ауылдың арасын жол қосады, Екі елдің арасын қыз қосады.
- Ел жатса да енекем жатпайды. Ердің анасы – елдің анасы.
- Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
- Емен ағаштың иілгені – сынғаны, Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
- Ер – шаңырақ, ел – уық.
- Ер – ырыстың кепілі.
- Ер адамның алдында Ашылатын есігі болсын; Әйел адамның алдында Тербететін бесігі болсын.
- Ер бала ата-анаға таяу, Қыз бала – үйге жаққан бояу.
- Ер бала он бесте отау иесі.
- Ер өтірік айтпайды – жоқтық айтқызады. Ер асылық айтпайды – тоқтық айтқызады.
- Ер өтірік айтпайды, ер өтірік айтса да ел өтірік айтпайды.
- Ер салмағын ел көтереді, Ел салмағын жер көтереді.
- Ер сүрінбей ел танымас, Ат сүрінбей жер танымас.
- Ер сыйлаған есікте қалмас.
- Ер сыйлаған жерде қадірлі.
- Ер тағайына тартады.
- Ер талабы өр мегзер.
- Ер тамыры елде, Ел тамыры жерде.
- Ер туған жеріне келер, Ат тұрған жеріне келер.
- Ер шекіспей бекіспес.
- Ер шеруде ерінуді білмейді, шепте шегінуді білмейді.
- Ер ырыстың кілті.
- Ер-тоқымы жаман деп ерді мазақ қылмаңыз. Еккен егін жаман деп жерді мазақ қылмаңыз.
- Еркек – үйдің иманы, Әйел – үйдің жиғаны.
- Ері даңқты болса, елі антты болса – аруағы артып жүреді, жаяу аяғын тартып жүреді.
- Ескі жұрттың қадірін көшкенде білер, Қас жақсының қадірін өлгенде білер.
- Жақсы әке жездедей-ақ.
- Жақсы бала қонаққа үйір, Жақсы тай атқа үйір.
- Жақсы қыз – жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
- Жақсы қыз – жағадағы құндыз.
- Жақсы қыз жағадағы құндыз, Жақсы жігіт көктегі жұлдыз.
- Жақсы қыз жыртық лашық ішінде.
- Жақсы қызды жатқа жібермейді.
- Жақсы қыздың жасауын жақын-жаран жасайды. Жаман қыздың жасауын сұрақ-тілек жасайды.
- Жақсы қыздың жасауын Жақын-жаран жасайды. Жаман қыздың жасауын Сұран-тілен жасайды.
- Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады.
- Жалғыз баласы бардың Шығар-шықпас жаны бар. Екі баласы бардың, Өкпе, бауыр, жалы бар. Үш баласы бардың Бұқарада пұлы бар.
- Жаман болатын жігіт шегіншек келер, Кедей болатын жігіт еріншек келер.
- Жаман да болса ұрпақ қалсын, Ошағыңда отың жансын.
- Жаман күйеу – қайыншыл.
- Жаман қыз әкесінен аса алмайды, аяғын, бойын билеп баса алмайды.
- Жаман қызбен жатқанша, Жақсы қызбен сыбырлас.
- Жаманға айтқан ақылың – Далаға атқан оқпен тең. Талабы жоқ жас ұлың – Жалыны жоқ шоқпен тең.
- Жаңбыр жауса жерге сый, Жігіт туса елге сый.
- Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.
- Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді, Алты жастан жинасаң асады.
- Жасауы көп келіннің күйеуі жуас.
- Жаттан жеген майлы астан, Жақынның жұдырығы артық.
- Жау жеңетін жігіт жарағынан танылады, Дау жеңетін жігіт талабынан танылады.
- Жер дауы мен жесір дауы бітпейді.
- Жетімге жеті бидай да тамақ.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ