Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ағайын-туыс туралы мақал-мәтелдер

«Ағайын-туыс» тақырыбындағы 354 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Бүркіт алсаң, сұрын ал, Талпынса керегең сиырылсын. Қатын алсаң, сұлу ал, Өлгенде ағайының талассын.
  2. Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, Жігітін мақтағанның нағашысын сұра.
  3. Білім туыс таңдамайды.
  4. Бір ауыздан сөз шықса, ағайынның бірлігі, Бір төсектен бас шықса, адамның аз күн тірлігі.
  5. Бірге туған жаманды – өзім деме, Жақсыдан жат жаманды – көзім деме.
  6. Бірге туған жаманды өзім деме, Жат жаманды көзім деме.
  7. Бірге тумақ бар, Бірге өлмек жоқ (бірге көмбек жоқ).
  8. Бірге тумақ болса да, Бірге жүрмек жоқ.
  9. Бірге тумақ болса да, бірге өлмек жоқ.
  10. Бітісі жаман қамысты Су ішінде өрт алады. Туысы жаман жігітті Түйе үстінен ит қабады.
  11. Ғайыптан тапқан алтыннан, Ақсақалдың батасы артық.
  12. Дауласқанда, дауыңды айтпаса, Жауласқанда, таяғыңды соқпаса, Ол туыстан дұшпан артық.
  13. Дауыссыз тиген ажал оқ, Кәрілікке сілет жоқ. Қайтқан көңіл, шыққан жан, Жаман туған кез болса, Дүнияда одан артық пәле жоқ.
  14. Дос бар – туғаннан да тәуір опа көрсететін, Туған бар – жаттан да жаман жапа көрсететін.
  15. Дос пен жақын – ерге тірек.
  16. Дос-жараннан үзілсе үміт – ауыр мұң, Жат кісідей мінезі бар бауырдың.
  17. Досың да ағайын, Дұшпаның да ағайын.
  18. Досың туыстай болғанға мақтан, Жаумен дос болғаннан сақтан.
  19. Дұшпандық етсе туысың, Жолама оған, құрысын.
  20. Дүние, қапаң да көп, жапаң да көп, Қисайып қыңырайған соң қапаңда көп. Дәулет кетіп қолыңнан қайта қонса, Дұшпандарың қызмет қылар апаңдай боп.
  21. Ділі қаттыға әркім жат, Ақ көңілдіге әркім жақ.
  22. Екеу болса – жас аға, Біреу болса – бөрік аға.
  23. Ел ағасыз болмас, көл жағасыз болмас.
  24. Елден безген көмусіз қалады.
  25. Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
  26. Жақсыға мал бітсе, Ағайынға қарасады. Жаманға мал бітсе, Көрінгенмен итше таласады.
  27. Жаман ағайын бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алмайды.
  28. Жаман ағайын күншіл, Жақсы ағайын сыншыл.
  29. Жаман болса туысың, Туыспай-ақ құрысын.
  30. Жаман туыстан жат артық.
  31. Жаман ініге аға болма.
  32. Жарлы болар жігіт, Байталын атқа сатады. Жалғыз болар жігіт, Ағайынын жатқа сатады.
  33. Жеті атасын білген ұл, Жеті елдің қамын жер.
  34. Жиен ел болмас, Желке ас болмас.
  35. Жиен мыңнан, күйеу жүзден үлкен.
  36. Жиеннің назары жаман.
  37. Кәрісі кімнің бар болса, Хаты соның қолында.
  38. Кедей болар жігіт Биесін сатып, ат алар. Жалғыз болар жігіт Ағайынмен ұрысып, жат болар.
  39. Күйеу қартайса, жиен болады.
  40. Қайғы жоқта қайғы болды, Қайынатамның өлгені.
  41. Қарға тамырлы қазақ.
  42. Қарғайын десем жалғызымсың, Қарғамайын десем жалмауызымсың.
  43. Мал қонысын іздейді, Ер туысын іздейді.
  44. Нағашымен күрессе, жығылар.
  45. Өз жұртың – күншіл, Қайын жұртың – сыншыл, Нағашы жұртың – шыншыл.
  46. Өзбек – өз ағам, сарт – садағам.
  47. Өткелді саяз деме, Таяқ салып бойлат. Ісіңді мақұл деме, Ағайынға салып ойлат.
  48. Сұрай келе жанындағы әйелің қарын бөле шығады.
  49. Сүйек тамыр сүйенісіп күн көрер, Ауыз тамыр айтысып, ақысын алар.
  50. Таста тамыр жоқ, Төреде бауыр жоқ.
  51. Туғаныңды көргенім жоқ, Өлгеніңе жыламаймын.
  52. Туыс – атадан, көрші – Алладан.
  53. Туысы жаман туғанын жамандайды.
  54. Түбі бір түтпейді, Туысы бір түртпейді.

Басқа тақырыптар

Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ