Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ағайын-туыс туралы мақал-мәтелдер

«Ағайын-туыс» тақырыбындағы 354 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Арғымаққа көп міндім, Садаға кетсін буданнан. Азаматқа көп ердім, Садаға кетсін туғаннан.
  2. Арғымақтан ат жақсы шабыс болса, Ағайыннан жат жақсы таныс болса.
  3. Арғымақты жамандап, Қане, тұлпар тапқаның?! Ағайынды жамандап, Қане, туыс тапқаның?!
  4. Арғымақты жамандап, Тұлпарды қайдан табарсың? Ағайынды жамандап, Туғанды қайдан табарсың?
  5. Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын.
  6. Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артыңда тұрсын.
  7. Арқаға ердің батқанын иесі емес, ат біледі, Ағайынның азғанын азамат емес, жат біледі.
  8. Арқан бойы жердің, Тұсау бойы жақындығы бар.
  9. Арпа берсең атқа бер, Күтір-күтір шайнасын. Қызды берсең жатқа бер, Алыс-жақынды ойласын.
  10. Артқы айылдың батқанын, Иесі білмес, ат білер. Ағайынның азғанын, Жақыны білмес, жат білер.
  11. Артқы айылдың кеткенін иесі білмес, ат білер. Ағайынның азғанын туыс білмес, жат білер.
  12. Артқы айылым берік болса, Атым тулап нетерсің. Ағайында бірлік болса, Жатым маған нетерсің.
  13. Арттағыны қозғау – ағалық, Алдағыны болжау – даналық.
  14. Арық деген жаман тай, Жазға шығып ат болар. Жамандығың сезілсе, Жақын кісің жат болар.
  15. Асты иә қуыс ішер, Иә туыс ішер.
  16. Асты келін – аналы келін.
  17. Асты қуыс ішер, иә туыс ішер.
  18. Асу-асу белдер бар, Аса алмай атан өлсін. Ағайыныңмен тату бол, Айыра алмай жат өлсін.
  19. Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін.
  20. Асыл аға, алғыр іні.
  21. Ат арқасына ер батса, Аяңшыл болады. Ерге жаттың тізесі батса, Ағайыншыл болады.
  22. Ат жақсы болса, атасын сұрайды, Жігіт жақсы болса, нағашысын сұрайды.
  23. Ат сауырға шыдамас, Ер бауырға шыдамас.
  24. Ат сыры иесіне мәлім, Қыз сыры төркініне мәлім.
  25. Ата – жезде, Ана – кеме.
  26. Ата тұрып, бала сөйлесе – шіркіндігі, Аға тұрып, іні сөйлесе – еркіндігі.
  27. Ата-анадан жар жақын, Туысқаннан мал жақын.
  28. Ата-ананың қадірін – балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін – қаралы болғанда білерсің, жанашырдың қадірін – жалалы болғанда білерсің.
  29. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
  30. Атадан алтау тусаң да, Басыңа бір жалғыздық.
  31. Атадан алтау тусаң да, Басыңа түсер бір жалғыздық.
  32. Аталастан ауылдас жақын.
  33. Аталастың аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын.
  34. Аталастың аты озғанша, Көршілестің тайы озсын.
  35. Аталастың саудасы айында қайтады.
  36. Атаның жақсысы жездедей-ақ.
  37. Атасы басқамен аң аулама, Атар да, жанына байлар.
  38. Атасы басқаны Құдай қосады, Үйірі басқаны ноқта қосады.
  39. Атасы жаман алғанын жамандайды, Туысы жаман туғанын жамандайды.
  40. Атың жақсы болса – қанатың, Ағайын жақсы болса – санатың.
  41. Атыңа сенбе, Қатыныңа сенбе, Ініңе сен.
  42. Ауру – астан, Дау – қарындастан.
  43. Ауру астан болады-дүр, Дау қарындастан болады-дүр.
  44. Ауру астан, Дау қарындастан, Таз таныстан, Қотыр қамыстан.
  45. Ауыл болсаң, қауым бол, Ағайын болсаң, тату бол.
  46. Ауылдасың жақсы болса, Ағайының не керек. Алған жарың жақсы болса, Айтың, тойың не керек.
  47. Ашу – ағадан, Кешіру – ініден.
  48. Ашу ақылмен өш, Ақылсыз жақынмен өш.
  49. Әдепті келін – ауылдың көркі.
  50. Әдептілік белгісі – Иіліп сәлем бергені. Жақындықтың белгісі – Кешіктірмей келгені.
  51. Әділ айтсаң, Ағайынға жақпайсың, Әзіл айтсаң, Маңайына жақпайсың.
  52. Әжеме де барайын, бұзауыма да қарайын.
  53. Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
  54. «Әй» дейтін әже жоқ, «Қой» дейтін қожа жоқ.
  55. Әке – жезде, ана – қазына.
  56. Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ.
  57. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.
  58. Әкесі бардың ырысы бар, Інісі бардың тынысы бар.
  59. Әпкеме жездем сай.
  60. Әрбір адам ақылды бола бермейді, Жат пен жақын бірдей бола бермейді.
  61. Әуелгі сөз – ағадан, Әдепті сөз – ініден.
  62. Бабадан асқан әз бар ма, Батадан асқан сөз бар ма?!
  63. Бабаңнан жүз жас үлкен бол, Балаңнан жүз жас кіші бол.
  64. Бажаны бажа көрсе, басы қышиды.
  65. Бажаны көрсе, бас қышиды.
  66. Бай бауырын танымас. Сауда досқа қарамас.
  67. Бай болайын деген жігіт Айырбасшыл келеді. Адам болайын деген жігіт Қарындасшыл келеді.
  68. Байға келін болғанша, Кедейге қыз бол.
  69. Бақ-бақ еткен текені Жаңбыр жауғанда көр. Шақ-шақ еткен келінді Сиыр сауғанда көр.
  70. Баладағы мал – даладағы мал. Інідегі мал – індегі мал.
  71. Баланың өзі туғандай, Келіннің өзі келгендей.
  72. Балаң жаман болса да, келінің жақсы болсын.
  73. Балдыз – балдан шырын.
  74. Балдыздікі балдан тәтті, Дәмін татсаң, жалдан қатты.
  75. Балта сынса, дөңбек демалады.
  76. Балта сынса, дөңке демалады.
  77. Бар ағайын асырай алмайды, Жоқ ағайын көре алмайды.
  78. Бар болғанның белгісі – туғандығы.
  79. Бар қарындас батуда болмасын, Жоқ қарындас жолда болмасын.
  80. Бар қарындас батуда болмасын, Жоқ қарындас жолда тұрмасын.
  81. Барлық адам сендей емес, Жат пен жуық бірдей емес.
  82. Бармасаң-келмесең, жат боласың.
  83. Бармасаң, келмесең, жат боларсың, Алмасаң, бермесең, сарт боларсың.
  84. Басқа келген бақытты Қырсықты келін, кесірлі бала қашырады.
  85. Басты Құдай береді, Малды еңбек береді.
  86. Бауыр болмай, тәуір болмас, Ұру болмай, бұру болмас, Сәуір болмай, жауын болмас, Екі даугер ауыл болмас, Ит баласы сауын болмас.
  87. Бауыр шырын, бас тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті.
  88. Бауырласың болмаса, жолдас ізде, Жақсы жолдас – бауырлас.
  89. Бауыры бүтін пенде жоқ.
  90. Бауыры жоқ бағананы құшақтайды.
  91. Берекелі ауылдың белгісін Абысынның ас бергенінен байқа.
  92. Берері жоқ туғаннан, Тік сөйлескен жат жақсы. Бүйірі жоқ қамқадан, Бек тоқыған бөз жақсы.
  93. Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме, Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
  94. Би болмақ ініден, Белге шықпақ баладан.
  95. Би болмақ ініден, Билікке шықпақ баладан.
  96. Бөле берік емес, Итмұрын өрік емес.
  97. Бөлемісің, Бөлені көре тұра өлемісің.
  98. Бұқадан өгіз жаман қуаларға, Ағайын жақсы болар жұбанарға.
  99. Бұрын жеті ағайынды едік, Өле-өле үшеу қалдық.
  100. Бұрынғы жеңешем Кейінгі келінге жөн айтады. Бұрынғы пұшық Кейінгі пұшыққа ем айтады.

Басқа тақырыптар

Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ