Ағайын-туыс туралы мақал-мәтелдер
«Ағайын-туыс» тақырыбындағы 354 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағайынның моншағын Күндіз ұрлап, түнде тақ.
- Ағайынның өкпесі айтуменен кетеді, Дұшманның өкпесі кек алумен бітеді.
- Ағайынның ұрысы – торқаның жыртысы.
- Ағайыным барда, дұшпаным жоқ деме. Абысыным барда, күндесім жоқ деме.
- Ағайының бай болса, Асағаның май болар.
- Ағайының барда дұшпаным жоқ деме, Абысының барда күндесім жоқ деме.
- Ағайының есейіп жау болады, Жауың кәртейіп дос болады.
- Ағайының көп болса, қоғам бол, Бірің оған, бірің бұған бол.
- Ағайыныңды іске шақырма, Асқа шақыр.
- Ағайыныңмен алыстан сыйлас.
- Ағалағаннан аялаған артық.
- Ағама жеңгем сай.
- Ағамыз қазақ, Іргеміз ағаш.
- Ағаны әз тұт, өзіңді інің сыйласын.
- Ағаны көріп іні өсер, Апаны көріп сіңлі өсер.
- Ағаның үйі ақ жайлау.
- Ағаның ініні жеңгені – Еңкейіп үйге кіргені. Інінің ағаны жеңгені – Қайырылып сәлем бергені.
- Ағаңның үйі – ақ жайлау.
- Ағасы ақылдының Ауылы азбайды. Жеңгесі шебердің Жеңі тозбайды.
- Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
- Ағасы бардың жағасы бар.
- Ағасы ұрар болар, Інісі тұрар болар.
- Ағасы ұрар болар, інісі тұтар болар.
- Ағасына қарай інісі, Апасына қарай сіңлісі.
- Ағаштан құман болмас, Алаштан туған болмас.
- Ағашты желім қосады, Ағайынды келін қосады.
- Ағашты жердің ырысы мол, Бауырмашылдың туысы мол.
- Адал келін ұлға серік, Арам келін сұмға серік.
- Адамды алдау – Арыңның алдында қылмыс. Ағаңды алдау – Анаңның алдында қылмыс.
- Аз бергенді көп көріп, Көп бергенді көргенмін. Қарындасты қас көріп, Топ көргенді көргенмін.
- Азамат таңдап дос жидым, туған бола алмады. Арғымақ таңдап ат жидым, будан бола алмады.
- Азар болса, жақын жаман, Шабан болса, атың жаман, Шайпау болса, қатын жаман.
- Аздың атасы бір, Көптің көрі басқа.
- Азымтал болса, атың – жау, Тіл алмаса, қатын – жау, Ұрысқақ болса, ұлың – жау, Керіскек болса, келін – жау, Қылықсыз болса, қызың – жау.
- Азын-шоғын ағалық, Аз оқыған молдалық, Ата ұлына керек-ті.
- Ай көрмесе, ағайын жат, Жыл көрмесе, жегжат жат.
- Ай көрмесең туысың жат, Жыл көрмесең жолдасың жат.
- Айға жетпес асыңды, Ауылдастан аяма. Астыңдағы тайыңды, Бауырластан аяма.
- Айғыр өлсе, сәурік мұра, Аға өлсе, қайны мұра.
- Айтпайын десем, Ақым кетіп барады. Айтсам, ағайынның көңілі қалады.
- Айтысқан ауыл болмас, Болыспаған бауыр болмас.
- Айыл мықты болғанмен, Құйысқанға жетпейді. Кескілесіп кеткенмен, Туысқанға жетпейді.
- Айылдың батқанын, Иесі білмес ат білер. Азаматтың қадірін, Ағайын білмес, жат білер.
- Айылың құйысқандай болса, Алашың туысқандай болсын.
- Айылың құйысқандай болсын, Алашың туысқандай болсын.
- Ақ үйге бермейтін қос бар, Туысқа бермейтін дос бар.
- Ақша қарда көп жүрсең, Көзің бір күн қарығар. Ағайыннан шет жүрсең, Көңілің бір күн тарығар.
- Ақыл ағадан, Ілтипат ініден.
- Ақылды өзінен көреді, Ақылсыз ағайыннан көреді.
- Ақылдыны алысым деме, Ақылсызды жақыным деме.
- Ақылсыз туыстан ақылды дұшпан артық.
- Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама, Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама, Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама, Ашуланса мерт қылар, жолбарыспен ойнама.
- Ақылы асқанды аға тұт.
- Ақылы елден артылған, Ақылың болса, бір мақтан. Жұрттығы жұрттан артылған Жақының болса, бір мақтан.
- Ақылы жоқтың жақыны жоқ.
- Ақымақ болса туысың, Ақы беріп, бауыр қыл. Ақылын тауып, Алашты Араз қылма, ауыл қыл.
- Ақымақ тойынса, Туысын танымайды. Ақылды тойынса, Тобасынан жаңылмайды.
- Ала болған елді дұшман аралар, Туысқаның жаман болса, басын қаралар.
- Аласаны ат санама, ағайынды жат санама.
- Алдыңғы айылдың батқанын, иесі білмес ат білер, Азаматтың қадірін, ағайын емес жат білер.
- Алпысқа келгенде Алты ағаң болсын. Жетпіске келгенде Жеті інің болсын.
- Алты аға бірігіп, әке болмас, Жеті жеңге бірігіп, ана болмас.
- Алты айлық жолға арымас Атан деген көлік бар. Асып-тасса ағайынын танымас Адам деген «ұлық» бар.
- Алты Алашқа қорланба, ағайынға қорлан.
- Алты малта ас болмас, Өзіңнен туған жат болмас.
- Алты ұл тапқан әйелді «Ханым» десең болмас па, Аға деген жігітті «Жаным» десең болмас па!
- Алты ұл туған ананы Ханым десе болады. Кезек сыйласқан ағайынды Жаным десе болады.
- Алтыда тісім түсті, Алпыста ағайынға ісім түсті.
- Алтын тон кисең, Атаңды ұмытпа, Орманға барсаң, Балтаңды ұмытпа.
- Алыс жермен құда болсаң, Түйе-түйе ас келер; Жақын жермен құда болсаң, Түйе-түйе сөз келер.
- Алыс жолды жақын ететін атың, Туысты туыс, алысты қиыс ететін қатын.
- Алыс та атаңды жық, Аясаң, тұрғызып жібер.
- Алыссаң, атаң да болса жық, Аясаң, көтеріп жібер.
- Алыссаң, атаңды жық, Аясаң, қоя бер.
- Алыстағы ағайыннан, Алдыңдағы көрші артық.
- Алыстағы ағайыннан, Алдыңдағы көрші артық. Өрістегі арғымақтан, Белдеудегі бесті артық.
- Алыстағы ағайыннан, Ауылы бірге көрші артық.
- Алыстағы ағайыннан, Қасыңдағы көрші артық.
- Алыстағы туысқаннан Жақындағы көрші артық.
- Алысты жақын қылған ат әулие, Алашты жақын қылған қыз әулие.
- Алысты жақындатар – ат, Жақынды алыстатар – жат.
- Амандық ағадан.
- Ана жақсылығын ауырсаң білесің, Қайын жақсылығын қыдырсаң білесің.
- Анасы басқа аттан түс, Атасы бір атқа мін.
- Андызды жерде, ат өлмес, Ағайыны көп ер өлмес.
- Апа десем «а» дейді, Барма десем «мә» дейді.
- Апайының кигенін сіңілісі де киеді, Екеуінің тойы бір күнде болмайды.
- Апама да барайын, тайымды да үйретейін.
- Апама жездем сай.
- Апамды кім алса, жездем сол.
- Апасы киген сәукелені, Сіңлісі де киеді.
- Апасы киген тонды, сіңілісі де киеді.
- Апасының киген тонын сіңілісі де киер.
- Араласпайтын ағайыннан, Жақын жүрген жат жақсы. Пайдасы жоқ техникадан, Ерттеулі тұрған ат жақсы.
- Арба көтергенді ат көтере алмас. Артық сөзді жат көтере алмас.
- Арғымағың жамандап, Кәні будан тапқаның. Ағайынды жамандап, Кәні туған тапқаның.
- Арғымақ атқа көп міндім, Садаға кетсін буданнан. Ер жігітпен дос болдым, Садаға кетсін туғаннан.
- Арғымақ байлап не керек, Арықтап жалы кеткен соң. Ағайын-туыс не керек? Аңдысып күні өткен соң.
- Арғымақ болса мінгенің, Алыс жер жақын емес пе? Ақылды болса сүйгенің Алашың жақын емес пе?
- Арғымақ жалсыз, ер малсыз, Туысқан болмас кермалсыз.
Басқа тақырыптар
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ