Адам туралы мақал-мәтелдер
«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Дәуір – адамның иесі, Адам – тәуірдің түйесі.
- Дәуір әр кісінің басына келер, Білім ер кісінің басына келер.
- Дені сау адамға оның сол сау жүргені жетеді.
- Дерегі жоқтың керегі жоқ.
- Долы кісі бұтына сиеді.
- Дос адам артық сұрамайды.
- Дос адам сарайыңды жұмақ етер.
- Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.
- Досыңмен сөйлессең де, ықтият бол, Үй артында кісі бар, тыңдап тұр ол.
- Дөңгелектің шегі жоқ, Кеңкелестің тегі жоқ.
- Дуадақ шөлін мақтайды, Көкала қаз көлін мақтайды, Кемеңгер елін мақтайды, Дихангер жерін мақтайды.
- Дұға оқып ақша алған кісі әулие болмайды.
- Дұшпанды кісі десең, басың кетер.
- Дүние – киік, адам – ит.
- Дүние – ұшып кеткен құс, Жақсылық – көрген түс.
- Дүние бір серуен, Адам бір көшкен керуен.
- Дүниеде тас қатты, Тастан бас қатты.
- Дүниенің қадірін, Бергенде білерсің. Жанның қадірін, Өлерде білерсің.
- Дүниенің құлпы, кілті – тек адамзат.
- Діті барға діттеп бер.
- Егіз бота не баққа, не даққа туады.
- Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес, Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.
- Екі аяқты адам түгіл Төрт аяқты мал да сүрінеді.
- Екі бас, екі басқа малта да ас.
- Екі кеменің құйрығын ұста, жетсе бұйрығың.
- Екі кісі ығысса, Бір кісілік орын бар.
- Екі сараңның қолдары бір-біріне әрең жетеді.
- Екі себеп, бір сылтау.
- Екі сөйлеген қарияның қадірі кетеді.
- Екі тәтті бір жерден табылмайды.
- Екі үйдің қонағы Емексіп жүріп аш қалар.
- Елден бұрын елпеңдеме.
- Елек сұрап барып ерге шығады.
- Елуде – ел ағасы.
- Емнен жаман жазыла бастаса, Жақсылығыңды ұмыта бастайды.
- Енең болмаса да, инең болсын.
- Ең ақылды адам – ел билеуден аулақ болған адам.
- Еңбеккердің ұйқысы аз.
- Ерінген қалар ұятқа, Іздеген жетер мұратқа.
- Есегіне қарай тұсауы.
- Есек мінген ат сұрамайды, Балық жеген ет сұрамайды.
- Есек семірсе, иесін тебер.
- Есекке ерген күлге аунар.
- Есекті қанша ұрсаң да, ат болмас.
- Есеңгірегеннің есі болмас, Міңгірлегеннің миы болмас.
- Есеп түбі – егес.
- Есепсіз дүние жоқ.
- Есепшінің есебі кісесінде.
- Ескі байдан жұрт қалмас, Жаңа байдан шөп қалмас.
- Ескі темір біз болмас, Ескі мата бөз болмас.
- Ескі ханның ақылы жүрмес, Жаңа ханның бұйрығы жүрмес.
- Ескіге жаңа өлшеуші, Жаманға жақсы өлшеуші.
- Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді.
- Ет асса, нан қалмайды.
- Ет жемей жатып тұздық, Асатпай жатып құлдық.
- Ет сасыса, тұз себер, Тұз сасыса, не себер?
- Ет сүйексіз, күріш күрмексіз болмас.
- Ет тәттілігін қойса, Мен ұрлығымды қояр едім.
- Етігің тар болса, Бұл дүниенің кеңдігінен не пайда?
- Ешкі жейді ебелек, Ешкіні жейді кебенек.
- Жабағы тайды қорлама, Жазға шықса, ат болар, Жас жігітті қорлама, Жұртына ертең бас болар.
- Жазалы ұрының бір беті қара, Жазалы айғақтың екі беті қара.
- Жазасын тартпайтын жамандық болмайды.
- Жазыққа – жаза, айыпқа – әнжі.
- Жайынның құйрығын жеген жатпас.
- Жақсы – сыйлағанының құлы, Жаман – қорыққанының құлы.
- Жақсы адам – елдің көркі, Жауқазын гүл – жердің көркі.
- Жақсы адам – жұрттың ырысы.
- Жақсы адам қартайса – қазына, Жаман адам қартайса – қазымыр.
- Жақсы адам қартайса, Жазып қойған хаттай. Жаман адам қартайса, Бықсып жанған шоқтай.
- Жақсы Ай мен Күндей, Жақсылығы баршаға бірдей.
- Жақсы атағыңды жоғалтқанша, Жұлыныңды үз.
- Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді.
- Жақсы болса – құт, Жаман болса – жұт.
- Жақсы жүрген жерін мақтап жүрер, Жаман жүрген жерін даттап жүрер.
- Жақсы жүрген жерінде кент салады, Жаман жүрген жерінде өрт салады.
- Жақсы қартайса – қазына, Жаман қартайса – сұмырай.
- Жақсы ниетіңе келеді, Жаман етіңе келеді.
- Жақсы оңқай асықтай оңтайлы.
- Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.
- Жақсыға – шарапат, Жаманға – кесапат.
- Жақсыға бәс жетпес.
- Жақсыға берсең асыңды, Жақсы сыйлар басыңды. Жаманға берсең асыңды, Итке тастар басыңды.
- Жақсыға жақсы жарасар.
- Жақсыға құрмет – Жас жаранға міндет.
- Жақсыға сөз ереді.
- Жақсыға шаң жуымас, Жаманға жан жуымас.
- Жақсыға ісің түссе, Үзігіңді жалғайды; Жаманға ісің түссе, Бүтініңді жалмайды.
- Жақсыда кек жоқ, Жаманда тек жоқ.
- Жақсылық ағаш басында, Жамандық аяқ астында.
- Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.
- Жақсылық жайында жасқанбай сөйле.
- Жақсылық зая кетпейді, Жамандық пайда етпейді.
- Жақсылық көрсем – өзімнен, Жамандық көрсем – өзімнен.
- Жақсылық қылсаң – өзіңе, Жамандық қылсаң – өзіңе, Аспанға қарап оқ атсаң, Қайтып тиер өзіңе.
- Жақсылық қылсаң, бүтін қыл.
- Жақсылық ұзақ тұрмайды, Жамандық әр кез тозбайды.
- Жақсылықтың жақсылығы – Жақсылығың тимеген кісінің жақсылығы.
- Жақсыны жаман қабар.
- Жақсыны күшінен емес, ісінен таны.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ