Адам туралы мақал-мәтелдер
«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Әкім әділ болмаса, халық бұзылады, Сауда әділ болмаса, нарық бұзылады.
- Әкімнің көзінде болма, Көңілінде бол.
- Әлсіз әр уақытта да айыпты.
- Әншейін сұрағанға берсең, Өзіңді қорлағаның.
- Әншейінде ауыз жаппас, «Айт!» дегенде жағын ашпас.
- Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға тап болады.
- Әркім өз қозысын қошқар қояды.
- Әркім өзі шығар тауын биік болсын дейді.
- Әркімнің бір ойы бар, Қорасында мың қойы бар.
- Әрі кіріп, бері шыққан.
- «Әттеген-ай» деген сайын ақыл қосылады.
- Бағайын десе малы, Ауырайын десе ауруы жоқ.
- Бағы ашылған адам бәріне де ұнайды.
- Базарға әркім барар, Өзіне керегін алар.
- Базарда мың адам бар, Әркім сүйгеніне сәлем береді.
- Бай атқа мінсе, «Құтты болсын!» – дейді. Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алдың?» – дейді.
- Бай байыған сайын қалтырайды.
- Бай баласы – балпаң, Жарлы баласы – жалтаң.
- Бай болсаң аспа, Жоқ болсаң саспа.
- Бай малына мәз.
- Байға жағынамын деп, Жарлының зықы шығады.
- Байдың малы ардақты, Жарлының жаны ардақты.
- Байлық түбі – бақыл, Қазына түбі – ақыл.
- Байыдым деме, Кедейлік басыңа жетер. Жетістім деме, Қара жер түбіңе жетер.
- Бақ таздың басына, Пұшықтың мұрнына қонады.
- Бақырауық болса да, түйенің бары игі.
- Бақыт – қолға қонған құс. Байлық – қолға ұстаған мұз. Құс ұшып кетеді, Мұз еріп кетеді, Дүниенің қызығы – сіз бен біз.
- Бақытты кімге бердің? Кел деген кісіге.
- Балық бастан бұзылады, Сараң астан бұзылады.
- Бар шабылса, табылар, Жоқ шабылса, тарығар.
- Барды сөкпе, нарды теппе.
- Барлық адам бірдей емес.
- Барлық не жегізбес, Жоқтың не дегізбес.
- Бармын деп мақтанба, Жоқпын деп қорланба.
- Бармын деп тасыма, Жоқпын деп жасыма.
- Барымтаны бай алады, Пәлесіне жарлы қалады.
- Бас жаққа барыспаған жөн.
- Басқа үйдің жығуын білсе де, тігуін білмейді.
- Басқаның бейбақтығына қуанба, бақыттылығына қуан.
- Баста ми болмаса, Екі аяққа күш түседі.
- Басы аман, малы түгелдің Құдаймен ісі жоқ.
- Басы ауырған бақсыға барады, Даулы жақсыға барады.
- Басыңды сыйлама, жасыңды сыйла.
- Батыр өлмейді, мерт болады.
- Баяғы жартас – бір жартас.
- Бәрі жеген бөксемді иттен неге аяйын.
- Бек берсе, бетіне қарама.
- Бекзаттан би қойсаң, Ойлар тамағын. Бейзаттан би қойсаң, Білмес сабағын. Жаманнан би қойсаң, Ашпас қабағын.
- Бектен белгі белге медет.
- Берейін десең ештеңең жоқ, Бес ешкің бар да, пейілің жоқ.
- Бермесе қақсама, берсе тастама.
- Бермесіңді жылтыратпа.
- Берушіден қалмайды, сұраушыдан қалады.
- Бетерден де бетер бар.
- Беттен – қытық, жүректен – сезім.
- Би болған адам ақырып бола ма?
- Бит ішіне қан құяды.
- Биік ағаш бұрын құлайды.
- Боғы – ботқа, сідігі – сорпа.
- Болар адам – он бесінде бас болар, Болмас адам – қырық бесінде жас болар.
- Болбыр адамның бұқасын Қасқыр жейді, Берік адамның бұқасын Қасқыр тақсыр дейді.
- Болымсыз өзі бола алмайды, Болғанды көре алмайды.
- Борыш көркі – төлеген.
- Ботасын алма біреудің, Өз тайлағың кетеді.
- Бөдененің үйі жоқ, Қайда барса бытпылдық.
- Бөтен жерде бұлбұлды қарға дейді.
- Бұзау ұрлаған өгізді де ұрлайды.
- Бұқа иесіне бұзау жоқ.
- Бұқа кімдікі болса, онікі болсын, бұзау өзімдікі.
- Бұлбұл құс зымыстан көрмей, Гүлстанның қадірін білмес.
- Бұрынғының адамынан ақыл сұра, Бұрын қонғаннан қоныс сұра.
- Бұрынғының кісісі – бүгінгінің кішісі.
- Бүйректен сирақ шығарады.
- Бүлінгеннен бүлдіргі алма.
- Быламық бетінен суыйды, Көже түбінен суыйды.
- Быламық ішейін деген асым ба еді, Тоқсан көрейін деген жасым ба еді.
- Бізден айна мен тарақ қалғалы қашан.
- Білсе – барымта, білмесе – қарымта.
- Білсең қызайыңмын, Білмесең құдайыңмын.
- Бір адам – самал, Екі адам – амал, Үш адам – жамал, Төрт адам – қамал.
- Бір бассаң да, жақсылыққа бас.
- Бір беткей адам – бірлікті бұзады, Теріс мінез адам тірлікті бұзады.
- Бір қазаға екі жаза жоқ.
- Бір нәрсені ұмыт – Біреуге жасаған жақсылығыңды.
- Біреу, біреуге сүйеу.
- Біреуге ор қазба, Қазсаң терең қаз, Өзің түсуіңе жақсы.
- Біреудікі біреуге қыздай көрінер.
- Біреудің ботасына дегені, Өзінің бурасына келеді.
- Біреудің бурасына дегені Өзінің ботасына келеді.
- Біреудің бұзауына деген, Өзіңнің өгізіңе болар.
- Біреудің бұзауына дегені өзінің өгізіне тиеді.
- Біреудің бұзауына дегенің, Өзіңнің өгізіңе көрінер.
- Біреудің жоғын біреу ән салып жүріп жоқтайды.
- Біреудің көзілдірігін киген өз көзін бүлдіреді.
- Біреудің талын біреу кеспейді.
- Гүл бар жерде тікен бар.
- Ғалам – адам үшін, Адам – ғалам үшін.
- Ғашықтық ханды да, Қараны да теңестіреді.
- Данышпаныңды сөксең де, қор болмайды, Дәлдірді көтерсең де, зор болмайды.
- Дауды шешен бітірмейді, шебер бітіреді.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ