Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам туралы мақал-мәтелдер

«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (10-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Хан сыртынан жұдырық.
  2. Ханға – хандық, биге – билік.
  3. Ханды кім сөкпейді?
  4. Ханның екі сөйлегені – өлгені.
  5. Шабан үйрек бұрын ұшар.
  6. Шажырқайда май болмас.
  7. Шайтанға сенген бақсыны тыңдағанша, Шындыққа сенген жақсыны тыңда.
  8. Шақты деп араз болма арамен, балы бар.
  9. Шалға қарттық, Жігітке жастық жарасады.
  10. Шалдың сөзі – бал.
  11. Шаруа кісіні қыдыр тұт! Сақы кісіні кәдір тұт.
  12. Шойын қара, Шойын қараның ойын қара.
  13. Шоқ қайдан болса, жылу содан.
  14. Шортанның өзі өлсе де, тісі қалады.
  15. Шөлде жүрген шөл таныр, Жолда жүрген жол таныр.
  16. Шөпте селеу жаман, Адамда тілеу жаман.
  17. Шуда жіптен бау таққан жейдең құрысын, Сары майдан дәметкен кеудең құрысын.
  18. Шыбын да балға қонады.
  19. Шыбынның басына бақ қонса, Самұрық келіп сәлем береді.
  20. Шыдаған ойына жетер.
  21. Шыдамдылық қуанышқа жеткізер.
  22. Шыдамның да шыдамы бар.
  23. Шын батыр сын үстінде танылар.
  24. Шын би сөзіне бағады, Сұм би көзіне бағады.
  25. Шын жақсыда тарлық жоқ, Әділ сөзде зорлық жоқ.
  26. Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
  27. Шындық қамал бұзар.
  28. Шындықтың шырқы бұзылмас, Өтіріктің өрмегі жиылмас.
  29. Шынжараны білмеген тұнжырар.
  30. Шірік ағашқа асылма, құларсың, Шірік адамға бас ұрма, жыларсың.
  31. Ырылдарсың қаппассың, Менен жақсы таппассың.
  32. Іздегенге – сұраған.
  33. Ілгері басқанның иті оттайды.
  34. Ілекер күркені құйын бұзады, Қыңыр адам жиын бұзады.
  35. Інгеніме қараймын деп мінгенімнен айырылдым.
  36. Ініңнің ақтығына қарама, Маңдайындағы бағына қара.
  37. Іреп қойған сойғылыққа жақсы, Айтып қойған сұңғылыққа жақсы.
  38. Істеу қиын, сынау (айту) оңай.
  39. Ішкені алдында, ішпегені артында.
  40. Іші ассыз, сырты тонсыз.
  41. Ішіне кіріп, сыртынан шығар.
  42. Ішіне шынашақ айналмайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ