Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Оқу, білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер

«Оқу, білім, ғылым» тақырыбындағы 273 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ой ойласаң, кең ойла, Алды, артын тең ойла.
  2. Ойлай берсең, ой да көп, сана да көп, Ойнай берсең, ой да жоқ, сана да жоқ.
  3. Ойна да күл, Оқы да біл.
  4. Оқу – білім азығы, Білім – өмір шырағы.
  5. Оқу – білім азығы, Білім – ырыс қазығы.
  6. Оқу ойдан артық емес.
  7. Оқуға сенген ұмытшақ, Жазуға сенген жаңылшақ.
  8. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
  9. Оқыған – білгір, оқымаған – ділгір.
  10. Оқыған қара суды теріс ағызар, Ошаққа қара тастан май тамызар.
  11. Оқығанды айтпа, тоқығанды айт.
  12. Оқығанның бәрі жарық, Оқымағанның беті шарық.
  13. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
  14. Оқымаған бір бала – Оқыған екі бала.
  15. Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала.
  16. Оқып сөйлеме, Көңіліңе тоқып сөйле!
  17. Отының болмаса, көршіден сұра, Өзің білмесең, кісіден сұра.
  18. Өз ақылым ақыл-ақ, Кісі ақылы шоқырақ.
  19. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса, кішіден сұра.
  20. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
  21. Өзің білмес ісіңді Білгендерден сұрап біл. Өліп жатсаң наданнан Қабіріңді жырақ қыл.
  22. Өмір – теңіз, Еңбек – егіз, Ақыл – сегіз.
  23. Өмір – үлкен мектеп.
  24. Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
  25. Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ғылым – жанып тұрған шырақ.
  26. Өнер – қанат, Білім – сағат.
  27. Саналымен санаспа, Санасызбен жанаспа.
  28. Сәулесі жоқ адамның бәрі соқыр.
  29. Сен оқысаң, мен тоқыдым.
  30. Сиырдың сүті – тілінде, Жігіттің құты – білімде.
  31. Су түбіне жетпейсің Бойлағанмен, Ой түбіне жетпейсің Ойлағанмен.
  32. Сұрағанның айыбы жоқ.
  33. Сұрай-сұрай Меккеге барады.
  34. Сыпайы сызып айтады, Шешен қызып айтады. Шорқақ үзіп айтады, Жаман бұзып айтады.
  35. Сіңбес астың бөгеуі көп.
  36. Тақырға біткен төбе Таудай көрінеді. Екі тентек қосылса, Саудай көрінеді. Бір тентек бір ақылды қосылса, Жаудай көрінеді.
  37. Талабы жоқ жас ұлан – жалыны жоқ шоқ.
  38. Талабы жоқ жас ұлан, Қанаты жоқ құс.
  39. Талабы таудай.
  40. Талап – талмас қанат.
  41. Талап – тұлпар, Білім – сұңқар.
  42. Талапты – тас жарар, Талапсыз – бас жарар. Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы!
  43. Талапты бала талпынған құстай, Құмары қанбас биікке ұшпай.
  44. Талаптыға нұр жауар.
  45. Талаптың жолы тастан да ауыр.
  46. Тәттіден де тәтті тіл, Ащыдан да ащы тіл.
  47. Төрде отырған ақыл айтар, Есікте отырған нақыл айтар. Босағада отырған басын шайқар, Ақылды кісі ойлап, байқар.
  48. Туа білмейді, жүре біледі.
  49. Тура тілді тия алмадым, Туғаныма сия алмадым.
  50. Тұрмыс түзер ойыңды, Ойың түзер бойыңды.
  51. Түбі тесік қазанға Қанша құйсаң толмайды. Ақылы жоқ адамға Қанша айтсаң да қонбайды.
  52. Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын.
  53. Түстік өмірің болса, Кештік білім жи.
  54. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
  55. Ұққаның жақсы болса – Жақының көбейеді. Ұстазың жақсы болса – Ақылың көбейеді.
  56. Ұлы адамның ойында Ұлы іс жүреді, Ұлы зергер бойында Алтын, күміс жүреді.
  57. Ұстаздан шәкірт озар.
  58. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
  59. Ұстазына қарап бала өсер, Бақташысына қарап мал өсер.
  60. Ұстазыңды атаңдай сыйла.
  61. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
  62. Үгітті ұққанға айт, Ақылды жұққанға айт.
  63. Үйрене алмаған ұстазынан көреді.
  64. Шәкіртсіз ұста – тұл.
  65. Шәкіртсіз ұстаз – тұл. Алтын алма, білім ал.
  66. Шәкіртсіз ұстаз тұл.
  67. Шәкірті зейінді келеді. Ұстазы бейілді болса.
  68. Шексіз оқу болса да, тексіз оқу жоқ.
  69. Ырыс ауысады, Білім жұғысады.
  70. Іздеген инені де табады.
  71. Ізденбеген ілгерілемейді. Іздеген табады, сұраған алады.
  72. Ізденген шығатын ағашын да табады.
  73. Ілім – бұлақ, Білім – шырақ.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ