Оқу, білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер
«Оқу, білім, ғылым» тақырыбындағы 273 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Білім басы – бейнет, соңы – зейнет.
- Білім гауһар – Бағасы жоқ. Надандық кесел – Дауасы жоқ.
- Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
- Білім өз иесін білдіріп тұрады.
- Білім сүріндірмейді, білек сүріндіреді.
- Білім талапқа құмар.
- Білімді бесіктен тесікке дейін ізде.
- Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
- Білімді болғың келсе, Дананың айтқанын тыңда.
- Білімді қайда да болса іздейсің.
- Білімді өлсе, қағазда аты қалады, Өнерлі өлсе, істеген заты қалады.
- Білімді ұстаз бермеген, білікті Құдай береді.
- Білімді шарап ішсе, Білгенінен айрылар.
- Білімдіге биік орын.
- Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.
- Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні қаріп.
- Білімдіден ақыл шығар, Ақылдан нақыл шығар.
- Білімдінің аты өсер, Білімсіздің аты өшер.
- Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
- Білімнің басы – бейнет, түбі – зейнет.
- Білімсіздің білмегенін кешірмесең, Білгенің қайсы.
- Білімсіп, өзіңнен жоғарыны күндей көрме, Өзіңнен төменгіні жүндей көрме.
- Білімі бардың аты өседі, Білімі жоқтың аты өшеді.
- Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
- Біліп тұрсаң да, сұрап ал.
- Бір білімдар айтқан екен солайша: «Дәмі кетер ас-ауқатың молайса».
- Біреу білмегенді біреу білер.
- Біреу білмегенді, біреу білер, Біреу жылайтынға, біреу күлер.
- Ғалым болдың, жеттің мұратқа.
- Ғалымдық – шам, Надандық – қараңғы там.
- Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
- Ғылым – Алланың бір сипаты.
- Ғылым гауһар – Бағасы жоқ, Надандық кесел – Дауасы жоқ.
- Ғылымды надан жер етер.
- Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
- Ғылымнан білім зор, Білімсіз ғылым қор.
- Дана, Дананы да туған ана.
- Дәлдір тіліне сүйенеді, Дана білігіне сүйенеді.
- Досың аз, дұшпаның көп болса – Зор боласың. Ақылың аз, ашуың көп болса – Қор боласың.
- Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас.
- Екі баланың арасындағы шал Бала болады. Екі шалдың арасындағы бала Дана болады.
- Еңбегі жоқ ғалым – Ыстығы жоқ жалын.
- Еңбек ердің – санаты, Білім ердің – қанаты.
- Ер жігіттің өлгені – Ессіз болса алғаны. Әділ бидің өлгені – Сөзінің болса жалғаны.
- Ердің атын аты шығарар, Ғалымның атын хаты шығарар.
- Есерге ақыл айтам деп, Есіңді тауыспа. Қумен құмар ойнаймын деп, Кешіңді тауыспа.
- Ескерген – ескісін сақтайды, Ел болған естісін мақтайды.
- Ескісіз жаңа болмайды, Есепсіз дана болмайды.
- Есті кісі елінен кетпес, Есті егінші жерінен кетпес.
- Есті шәкірт Есебінен жаңылмас. Ессіз шәкірт Сабағынан табылмас.
- Естіге ел тоқтайды, Есерге жын тоқтайды.
- Естінің сөзі – Ескінің көзі.
- Жалғыз шала жанбайды, Шала оқыған оңбайды.
- Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей.
- Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей; Қартайғанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей.
- Жаста оқыған оқуың Тасқа жазғанмен бірдей. Үлкейгенде оқыған оқуың, Мұзға жазғанмен бірдей.
- Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ырыстың тізгіні.
- Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім.
- Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.
- Жоғары қарап пікір ет, Төмен қарап шүкір ет.
- Жүлде алмаған жүйріктен, Белі жуан бесті артық. Білгені беку «ғалымнан» Басалқа айтқан есті артық.
- Жігіттің екі өнері бар: Атқан да жыққан, Ашқан да оқыған.
- Заманына қарай киімі, Зердесіне қарай түйіні.
- Зейінді жас – Білімге бейімді жас.
- Кең ойлаған, Кем ойламас.
- Кешірімділік – анадан, Кішіпейілділік – данадан.
- Киім ауыр болмайды, Азық ауыр болмайды, Ақыл ауыр болмайды.
- Киіміне қарап, қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады.
- Көз көруге, Ақыл білуге, Жүрек сүюге тоймайды.
- Көз көруге, құлақ естуге тоймайды.
- Көл жағасынан құдық қазба.
- Көлді жел қозғайды, Ойды сөз қозғайды.
- Көп ақылды жиналса, Қиын істі бітірер. Көп ақымақ жиналса, Оңай істі жітірер.
- Көп жасаған білмейді, Көп көрген біледі. Көп көрген білмейді, Көп түйген біледі.
- Көп сұраған алар, Көп ойлаған табар.
- Көргеннен көзақы алады.
- Көргеннен көрмегенің көп, Білгеннен білмегенің көп.
- Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп.
- Күш-қуатым барда Көшіп-қонып алайын, Ақыл-есім барда, Ойлап-толғап қалайын.
- Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде.
- Кітап – алтын қазына.
- Кітап – алтын сандық, Іші толған қазына, құт. Оқы, оқы, ойыңа тұт.
- Кітап – білім бұлағы, Білім – өнер шырағы.
- Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім.
- Кітап – қаймақ, білім – оймақ.
- Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан.
- Кітап оқығандікі, Білім тоқығандікі.
- Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.
- «Кіш» деп айтуға тілі жоқтың көзін қарға шоқыр.
- Қанағатсыздың көзі үлкен, Ақылсыздың сөзі үлкен.
- Қару деме қылышты, Шапқанда сүйек қаппаса. Ақылды деме – туысты, Сасқанда ақыл таппаса.
- Қатты жерге егін шықпас, Қаңсыған басқа білім жұқпас.
- Қатыныңмен дос бол, Үйіңе береке кіреді. Азаматпен дос бол, Қадіріңді біледі. Білімдімен дос бол, Сасқанда ақыл береді.
- Қой асығы демей-ақ, Қолыңа толса сақа тұт, Жасы кіші демей-ақ, Ақылы асса аға тұт.
- Қолдағы бар алтынның Қадірі жоқ.
- Қолыңда жарық болса, Қараңғылық қашады; Даналық көзіңді ашса, Бақытсыздық қашады.
- Құсты қанат ұшырады, Ерді талап ұшырады.
- Құшаққа сыймаған, Қиялға сыяды.
- Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.
- Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ