Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өлім туралы мақал-мәтелдер

«Өлім» тақырыбындағы 243 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Бар болып байы өлгенге не жетсін.
  2. Барын жемей бай өледі, Бірін жемей жарлы өледі.
  3. Барын жемей бай өледі, Жоғын жемей жарлы өледі.
  4. Барын жемей бай өледі.
  5. Бас білген өгізге, «Өк» деген өлімнің қарабасы.
  6. Бас білігі өгізге «өк» дегені – өлім.
  7. Батыр алдынан өледі, Қорқақ артынан өледі.
  8. Батыр өлерін білмейді, Сыншы берерін білмейді.
  9. Батыр өлімі маржадан.
  10. Батырды бәрекелді өлтіреді.
  11. Батырдың ажалы атынан, Ақынның ажалы қатыннан.
  12. Батырдың көзі өмірде, Қорқақтың көзі өлімде.
  13. Болжалсыз таң атпайды, Ажалсыз жан шықпайды. Құдайдың бұйрығынан басқа Құмырысқаның аяғы сынбайды.
  14. Борай-борай қар жауса, Бұ боран атты өлтірер. Аз кісіні көп кісі Жаман да болса, біреуіне келтірер.
  15. Борай-борай қар жауса, Бұл боран атты өлтірер.
  16. Боран болса, бай жылар: «Қырылады малым» деп. Малайлар да ренжір: «Қиналады жаным» деп.
  17. Ботасы өлген түйеге нар теліген, Құлыны өлген биеге тай теліген.
  18. Ботасыз інген боздаса, Баласы өлген ананың Қайғы шерін қозғайды.
  19. Бөріні шопан қылсаң, «Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
  20. Бура өле ме, бота өле ме? Кәрі өле ме, жас өле ме? Айы жеткен айда өлер, Күні жеткен күнде өлер.
  21. Бұзауы өлген сиыр тұлыпқа мөңірейді.
  22. Бұзауы өлген сиырдың сүті болмайды.
  23. Бұл өмірдегі ең соңғы баратын жер – көр.
  24. Бүгін жер үстінде, Ертең жер астында.
  25. Бүкір өлгенде түзеледі.
  26. Былай тартсам, өгіз өледі, Бұлай тартсам, арба сынады.
  27. Былтыр өліпті, Биыл исі шығыпты.
  28. Білмеген (надан) көзі болса да – соқыр, Тірі жүрсе де – өлік.
  29. Біліксіз кісі ауру іспетті, Ауруды емдемесе, тез өледі.
  30. Білім білген пілге мінер, Білім білмеген көрге түсер.
  31. Біліммен атың шығады, Өзің өлсең де, атың қалады.
  32. Біреу өлер қылыш сермеп, қол жиып, Біреу өлер текке жатып қылжиып.
  33. Біреудің баспағына өлім тілесең, Өзіңнің өгізің өледі.
  34. Ғалымның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді.
  35. Ғылымменен дүниеге шықса даңқы, Өзі өлсе де, өлмейді оның аты.
  36. Жоқтың артын ашады.
  37. Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
  38. Өзен ағысын бөгеуге болады, Өмір ағысын бөгеуге болмайды.
  39. Өлім байдың малын шашады.
  40. Өлім деген – ұзақ жолдың алысы.
  41. Өлімнен басқанын ертесі жақсы.
  42. Өтпейтін өмір жоқ, Сынбайтын темір жоқ.
  43. Тыста ұзақ жүргенің – Ұзақ өмір сүргенің.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ