Өлім туралы мақал-мәтелдер
«Өлім» тақырыбындағы 243 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ардан безген ұяттан Тағдырдан келген өлім артық.
- Арманда өлгенше, қармана өл.
- Арпалыссаң, ар кетер, Жанжалдассаң, жан кетер.
- Аруақтан басқа ес жоқ, Көлеңкеден басқа дос жоқ.
- Арық мал өлсе, союға кісі шықпас, Жаман адам өлсе, қоюға кісі шықпас.
- Арың үшін алыссаң, өлмейсің.
- Арыстан айға шабамын деп мерт болыпты.
- Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзілер.
- Ас жақпаған ауру өледі.
- Ас сіңгенде жақсы, Қатын өлгенде жақсы.
- Аса пысық болсаң, дарға асыларсың, Аса жасық болсаң, аяққа басыларсың. Жұрттың жуан ортасы болсаң, Ақылыңды асырарсың.
- Асықтың етін Аштан өлсең де жеме, Тобықтың етін, Тойып отырсаң да тастама.
- Асыл адамға өлім жоқ.
- Асылсаң, биік дарға асыл, Аяғың жерге тимесін.
- Асырайтын жас болса, Өлетін кәрі жоқ.
- Ат жалында ажал тұрады.
- Ат көрмеген ат мінсе, Шаба-шаба өлтірер. Тон көрмеген тон кисе, Қаға-қаға бітірер.
- Ат көрмеген атты шауып-шауып, өлтірер.
- Ат қалдыру туралы ғой әңгіме, Адам емес, аты өлмейді мәңгіге.
- Ат мінбеген ат мінсе, Шаба-шаба өлтірер. Тон кимеген тон кисе, Қаға-қаға тоздырар.
- Ат мінбеген ат мінсе, Шаба-шаба өлтірер. Тон кимеген тон кисе, Сілке-сілке тоздырар.
- Ат өледі, құс қашады.
- Ат, өгіз терін бай бермес, Жарлы болсаң, көз көрмес. Өлсе жаман мал берер ысқатына, Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
- Ата өлсе де, атаны көрген өлмесін.
- Ата өлсе, бала аман.
- Ата өліп, бала қалса, Мұратына жеткені. Бала өліп, ата қалса, Арманы іште кеткені.
- Ата тұрып бала қалса, мұратына жеткені, бала өліп ата қалса, арманы іште өлгені.
- Атағы шыққан өлмейді, Есте қалмаған өледі.
- Атан өлсе, сойылар, Атаң өлсе, қойылар, Қансонар қайдан табылар.
- Атан өлсе, тайлақ бар, Жүгі жерде қалмасқа. Атаң өлсе, бала бар, Орны қараң қалмасқа.
- Атаның жаманы малға ортақ, әзірейілдің жаманы жанға ортақ.
- Атаң өлсе де, атаңды көрген өлмесін.
- Атаң өлсе, өлсін, Атаңды көрген өлмесін.
- Атаңа нәлеттен кісі өлмейді.
- Атасы өлген жөн жетім, анасы өлген шын жетім.
- Атқа міндің – ажалға міндің.
- Аты қалған ер өлмейді.
- Ауру – ажалдың поштабайы.
- Ауру – көрде, Сау – төрде.
- Ауру – өлімнің алғашқы елшісі.
- Ауру – өлімнің түрткісі.
- Ауру адам өле-өлгенше жаннан үміт күтеді.
- Ауру аздырады, Өлім аза қылады.
- Ауру алмайды, Ажал алады.
- Ауру елемеген – өлер, Дау төлемеген – төлер.
- Ауру қанша қатты болса да, Өлімнің кепілі емес.
- Ауру өлгенше жанынан дәмелі, Бай өлгенше малынан дәмелі.
- Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі, Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
- Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі, Жарлы өле-өлгенше малдан дәмелі.
- Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі.
- Ауру өлмес, ажалды өлер.
- Ауру шықпаған жаннан дәмелі, Жалқау бітпеген малдан дәмелі.
- Ауруда өлесің деген жаман, Дауда бересің деген жаман.
- Ауруды жасырма, әшкере қылады, Өлімді жасырма, масқара қылады.
- Аурулы өлмейді, Ажалды өледі.
- Ауруын емдетпеген тез өледі.
- Ауруын жасырған өледі.
- Ауруын жасырған өлер.
- Ауырғанның бәрі өле берсе, Аспан асты бос қалар.
- Ауырлықты жер көтерер, Ауыр қазаны ер көтерер.
- Ауырып ажалымен өлмеді, Аштан үзіліп өлді.
- Аш адам жүріп өледі.
- Аш адам тұрып өлмейді, жүріп өледі.
- Ашаршылықта бай баласы бұрын өледі.
- Ашаршылықта қомағай бұрын өледі.
- Ашаршылықтан көп көрдім, Май жеген өлмейді екен.
- Аштан өлген кісінің моласы жоқ.
- Аштан өлгеннен жарылып өлген абзал.
- Аштан өлмей, көштен қалмай.
- Аштан өлместей, Көштен қалмастай.
- Аштан өлсең – өл, Аттан өлме.
- Әзірейіл барда, жаным бар деме, Һауада бұлт барда, малым бар деме.
- Әзірейіл барында жаным бар деме, Буыршын барында малым бар деме.
- Әзірейіл жанға ортақ, Отанның жаман ұлы малға ортақ.
- Әйел жомарттық қылғанда, еркек намарттық қылғаны өлім.
- Әйел өлсе үйің кетеді, басыңнан күйің кетеді.
- Әке-шешесіне жаман сөз айтқан кісіні өлтіруге тиісті.
- Әкем өлгені маған жақсы, Көпшігі көтіме жақсы.
- Әкем өлсе де, өлгенім жоқ.
- Әкемді алсаң ал, шешемді қой, Шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой.
- Әкеңді өлтіргенге шешеңді бер.
- Әккінің ажалы амалынан, Ашкөздің ажалы тамағынан.
- Әл үстінде жатқан адамның Аузына мақтамен су тамызады.
- Әр айып сайын бас кесілсе, Дүниеде тірі жан қалмас.
- Әруақ қанға тояды.
- Әрі-сәрінің қонағы аштан өлер.
- Бай болып көргем жоқ, Жарлы болып өлгем жоқ.
- Бай мен жарлы көмгенде теңелер, Қорқақ пен батыр өлгенде теңелер.
- Бай өлсе, ескісін дайындайды, Кедей өлсе, ешкісін дайындайды.
- Байдың әйелі өлсе, төсегі жаңғырар. Кедейдің әйелі өлсе, басы қаңғырар.
- Байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырады, Кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырады.
- Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар, Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.
- Байдың малын аяма, Өлсе менің қа…ма.
- Байысаң да өлетұғын кез жетер, Сонда саған екі-ақ құлаш бөз жетер.
- Бақыт құсы бәйтерекке де, Өлімтікке де қонады.
- Бала нені білсе жастан, ұядан, Өле өлгенше соны таныр қиядан.
- Баласы өлген тобаға тоймайды, Жоқ қараған обаға тоймайды.
- Балта ұстап әкең қалғанша, Ұршық ұстап шешең қалсын.
- Балықтың тірлігі суменен.
- Балықшының аты шөлден өледі.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ