Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Жолдан алған жолда қалады.
  2. Жолы шаң, қолы қан.
  3. Жорғаң болса, өрге сал, Ісің ақ болса, көпке сал.
  4. Жортқан озар, жатқан тозар.
  5. Жуанды жонып же.
  6. Жуас түйе жүндеуге жақсы.
  7. Жұғын бар жерде шыбын бар, Шыбын бар жерде шығын бар.
  8. Жұмыла істеген іс жеңіл.
  9. Жұмыртқа жегенің – Тауықты құрттым дегенің.
  10. Жұмыры бардың ғұмыры бар.
  11. Жұмыс басты – ер қашты.
  12. Жұмыс қылып бой түзе. Өнер қуып ой түзе.
  13. Жұмысты адам емес, азбар істейді.
  14. Жұмыстың жаманы жоқ.
  15. Жұмыстың көзін тап, Қисықтың тезін тап.
  16. Жұмысы жемістінің өмірі келісті.
  17. Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
  18. Жүгерісі барға жұт жоқ.
  19. Жүгі жеңіл есек жатаған.
  20. Жүйрік атқа жал бітпес, «Тәк-тәкке» мал бітпес.
  21. Жүйрік аттың сауырын берік алар.
  22. Жүйрік шабан болады, Мойнынан жалы кетсе. Жігіт кедей болады, Қолынан малы кетсе.
  23. Жүк көтерген түйе қамыс қомды ауырламайды.
  24. Жүк тартпаған түйенің нарлығы жоқ.
  25. Жылқы бақтым – жорғалаттым.
  26. Жылқы күнде мінілсе – есек, Айына мінілсе – ат, Жылына мінілсе – тұлпар.
  27. Жылқыны жауында, қойды дауылда бақ.
  28. Жігіт – табысына мырза.
  29. Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра.
  30. Жігіттің күйін сұрама, Жұрттан сауын сауған соң. Малдың күйін сұрама, Қонысынан ауған соң.
  31. Жіп үзілді – жүк шашылды.
  32. Именіп жүріп көрген игіліктен Қарсыласып көрген бейнет артық.
  33. Ит жүрсе, сүйек табады.
  34. Ит иесіне тартады, Түйекеш түйесіне тартады.
  35. Ит итаяғын жаламай тойынбайды.
  36. Ит күшіктеп сауын болмас, Бұлт болмай жауын болмас.
  37. Ит семірсе, керіледі. Надан семірсе, ерінеді.
  38. Ит төлеуі – бір күшік.
  39. Итаяғын ит екеш ит те қорғайды.
  40. Кәріге еңбек – көмек, көп ас – масыл.
  41. Кәсібі бардың, нәсібі бар.
  42. Кәсібі бөлектің – нәсібі бөлек.
  43. Кәсіп түбі нәсіп.
  44. Кебек жеген ат жүйрік болмас.
  45. Кедей нан тапса, ыдысын таппас.
  46. Кедейді тер қысса, Керегесін арқалап тауға шығады.
  47. Кедейдің аты қара жарыста озады.
  48. Кедейдің ауы жүрмес, Ауы жүрсе, дауы жүрмес.
  49. Кедейдің етегіндегі бидайды тізесі қағып төгеді.
  50. Кедейдің сүйген тамағын кім береді?
  51. Кедейлігіңді білейін десең, көшіп көр.
  52. Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір, Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір.
  53. Кедейлік кемдік емес.
  54. Кедейлік кетсін десең, еңбек ет. Молшылық жетсін десең, еңбек ет.
  55. Кедейшілік кетсін десең, еңбек ет, Молшылық жетсін десең, еңбек ет.
  56. Кедейшілік шоқтығы – ертеңгі астың жоқтығы.
  57. Келеге түспеген бура керенау.
  58. Келсап құрыса, Келі керектен өзі-ақ қалады.
  59. Керекті тастың ауырлығы жоқ.
  60. Керсен алдыңда, кездік қолыңда.
  61. Кері кеткен кеусен сұрауға да ерінеді.
  62. Кетпен шауып өлгем жоқ, Кемтаршылық көргем жоқ. Таңмен таласа тұрғанның Талай ісі бітеді. Тал түске дейін жатқанның Талай ісі кетеді?
  63. Кетпеннің басын бассаң, Сабы өзіңе тиеді.
  64. Кеудесі түкті Жер-ана, Құт дарыт та, жарылқа.
  65. Киелі мал иелі.
  66. Кимесең де тоның жақсы, Жемесең де наның жақсы.
  67. Киікті көрінбеген атады, не ерінбеген атады.
  68. Киім пішсең, кең піш, Тарылтуы оңай; Темір кессең, қысқа кес, Ұзартуы оңай.
  69. Көбең мініс көтермейді, Мәстек жүріс көтермейді.
  70. Көже деген тоқ ас, Түре келсең жоқ ас.
  71. Көз қорқақ, Қол батыр.
  72. Көкпар тартқандікі, қоян қаққандікі.
  73. Көлік жисаң атан жи, қияға салсаң мойытпас. Сауын жисаң бие жи, Үш ай тоқсан болғанда, Ариды деп ағытпас.
  74. Көн етіктіге құрым шұлғау.
  75. Көндікпесең бейнетке, Қолың жетпес зейнетке.
  76. Көңілсіз басталған іс көпке бармайды.
  77. Көңілсіз жұмыс – өнімсіз.
  78. Көп еңбегі көңілді.
  79. Көп жұмысқа қиналсаң, Машақатқа тап боларсың. Азға қанағат етпесең, Оған да зар боларсың.
  80. Көп суыр ін қазбас, ін қазса, кең қазбас.
  81. Көшке берген тайлағыңды сұрама.
  82. Көшпелі елдің қоры болғанша, Егінші елдің зоры бол.
  83. Көшсе, мал семіреді, Көшпесе, қатын семіреді.
  84. Көштің көркі түйе еді, Шыңырауға қауға байлап бақ.
  85. Күбі де май, күбінің түбі де май.
  86. Күздік ексең, үздік ек.
  87. Күн аязға айналды, Ет азға айналды.
  88. Күн күркіресе, жер иір, Жер иісе, мал иір.
  89. Күндіз қойын күтерсің, Түнде жүнін түтерсің.
  90. Күншілдің Күні кеш, Еңбегі еш.
  91. Күрекке боқ көп.
  92. Күріш азса – күрмек.
  93. Күтімсіз мал өнбес, Күйсіз көлік жүрмес.
  94. Күш жақсы, күштен іс жақсы.
  95. Күшенген жеңбейді, Күші көп жеңеді.
  96. Күштінің арты диірмен тартады.
  97. Күшің барда, істе! Тісің барда, тісте!
  98. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
  99. Кім еңбек етсе, сол тоқ.
  100. Кірекештің түйесі жүгімен жайылар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ