Еңбек туралы мақал-мәтелдер
«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Есті бір өледі, Еріншек мың өледі.
- Ет жүзге жетеді, Жүзге жетсе де, күзге жетпейді.
- Еттің соры – қуырдақ, Ұнның соры – бауырсақ.
- Етігін шешпей ер тыңаймас, Ер-тоқымын сыпырмай ат тыңаймас.
- Етікшіні балға мен бізі асырайды, Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
- Ешкі баққан зыр қағар.
- Ешкі бақсаң, түбіті көп, мүйізі пышаққа сап.
- Ешкі бақтым – еңіреп бақтым.
- Ешкі қырыққан сайын бір өледі.
- Ешкі орнына лақ ал, Лақ ал да, тына қал.
- Ешкі сойғанның екі амалы бар: Мүйізі – пұшпағына сап, Терісі – бұтына қап.
- Ешкі сойып жесең, бір күндік, Сауып ішсең, мың күндік.
- Ешкілі үй ағы көп сиырлымен тең.
- Жадағайсыз жан қалмас, Жаға берсе, тал қалмас.
- Жайылымын тапса, мал семіреді, Қайырымын тапса, жан семіреді.
- Жақсы аз, жаман көп, Бидай аз, сабан көп.
- Жақсы асын жер, Жаман басын жер.
- Жақсы ат аяғынан қалады, Жақсы кісі тамағынан қалады.
- Жақсы болар жігіттің Жұмыссыз жүрген күні жоқ. Жаман болар жігіттің Еш жұмысқа қыры жоқ.
- Жақсы жұмыс жанға тыныш.
- Жақсы жұмыстан Жан рахат алады. Жаман жұмыстан, Көңіл қалады.
- Жақсы сөз – жан азығы. Жақсы еңбек – ырыс қазығы.
- Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас, Жаманмен сауда қылсаң, тегіс болмас.
- Жалғыз атты жарыстан қалмас.
- Жалғыз болсаң, түйе сақта, Жарлы болсаң, бие сақта.
- Жалғыз құртты жарып жеген.
- Жалқау – жарты кісі.
- Жалқау – өзіне жау.
- Жалқау асын жатып ішеді, Қарызға батып ішеді.
- Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
- Жалқау көп ұйықтайды, іс жақпайды, Жұмыс тапсырса, мойынсұнбай қылжақтайды.
- Жалқау тек жатар, Бастан ырысы қашар.
- Жалқауға жатса да – мейрам, Тұрса да – мейрам.
- Жалқауға күнде той.
- Жалқауға от басы – айшылық жол.
- Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді.
- Жалқаудың арбасы зар жылайды.
- Жалқаудың жауы – жұмыс.
- Жалқаудың жұмысы өнбейді, Жаяудың жүрісі өнбейді.
- Жалқаудың соры – байлығы.
- Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады.
- Жалқаулықтан кісі өлмейді, Кісі өлмегенмен ісі өнбейді.
- Жалшыға да малшы керек.
- Жаман болар жігіт шегіншек келер, Кедей болар жігіт еріншек келер.
- Жаман етікші біз таңдайды.
- Жаман қой ісегінде қартаяды.
- Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.
- Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады.
- Жаман сиыр жазда бұзаулайды.
- Жаман сиыр өрешіл.
- Жаман топ көбейтеді, Алма бақ көбейтеді.
- Жаман іс жоқ.
- Жаманға жан жуымас, Жалқауға мал жуымас.
- Жамандық көрген жеріңнен, Еңбектеп те қаш. Жақсылық көрген жеріңе, Еңбектеп те жет.
- Жаманның малы үйінде күйеді, Жақсының малы жиында күйеді.
- Жамау тапқан жарлы болмас.
- Жан аяр жау жеңе алмас, Еріншек егін еге алмас.
- Жан жоламас жатқанға, Жөргем ілінер жүргенге.
- Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай мұратқа жетпес.
- Жантайып ішкен жақсы екен, жатып ішер ас болса.
- Жанын аямаған жау алады, Малын аямаған дау алады.
- Жаңбырмен жер көгерер, Еңбегімен ер көгерер.
- Жапырағыңды малдан сақта, Бұтағыңды балтадан сақта.
- Жар басындағы жантақты Жаннан кешкен нар жейді.
- Жарлы білегіне сенеді, Жігіт жүрегіне сенеді.
- Жарлылығын жасырған байымас.
- Жас әкетпейді, күш әкетеді.
- Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер.
- Жас өсер, жарлы байыр.
- Жауыр атқа жіп құйысқан.
- Жаяу қойшы күніне үш тасады.
- Жаяудың несібесін атты жемес.
- Жебір түйе жабуын жер, Жебір жігіт ауылын жер.
- Жеген білмес, Кескен білер.
- Жегіштің батасы көп, малы жоқ.
- Желкілдеген түйе жеген, Желіні қарыс бие жеген.
- Желі құтты болса, бие сүтті.
- Жемісті жұмыс Жаныңды тындырады. Сауық құмарлық Сағыңды сындырады.
- Жеп еті, ішіп сорпасы жоқ.
- Жер – байлықтың көзі, Еңбеккер иесінің өзі.
- Жер – өмірдің бесігі. Еңбек – ердің несібі. Еңбек еткен – Мұратқа жеткен.
- Жер – ырыстың кіндігі, Еңбек – ырыстың қазығы.
- Жер асыңнан жемес асың көп болсын.
- Жер екеш жер де ауырады.
- Жер жыртқанда ізің болмаса, Қырманда жүзің болмайды.
- Жер зымыранса, дүние қараң.
- Жер көңді жақсы көреді, Ат жемді жақсы көреді.
- Жер құнары – саз.
- Жер отты болса, мал сүтті.
- Жер тойынбай ел тойынбайды.
- Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
- Жердің құты – жаңбыр, Елдің құты – азамат. Үйдің құты – жақсы әйел, Аймақтың құты – әділ басшы.
- Жеріне қарай астығы.
- Жеріне қарай егін ек, Жолына қарай жегін жек.
- Жетең жаман болмаса, Жете жарлы болмассың.
- Жетпес жарлылық – басқа қорлық.
- Жеті кедей жиналғанмен, Ортасынан бір бай шықпас.
- Жетіскен жеті шапан киер.
- Жоқтық жомарттың қолын байлайды.
- Жол ақысы – жүру, Кісі ақысы – беру.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ