Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (6-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Кісі алатын бура көп жасамайды.
  2. Кісі бергені кісіге ырыс болмас.
  3. Қаз тойғанына семірмейді, Орғанына семіреді.
  4. Қазан аузы жоғары.
  5. Қазанға не салсаң, Шөмішіңе сол ілінер.
  6. Қайраты бар кісінің берекеті бар ісінің.
  7. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
  8. Қақылдаған тауық тумай қоймас.
  9. Қалауын тапса, қар жанар.
  10. Қалған іске – қар жауар.
  11. Қара жердің қадірін, Ойда, қырда сарт білер. Керқұланның қадірін, Ойда, қырда қазақ білер.
  12. Қарны ашқан қазанға қарайды.
  13. Қарның ашса, қазан ас, Ет болмаса, сазан ас. Сазан тамақ емес пе, Сазан тамақ жемес пе?
  14. Қасапшыға жолықсаң, Сойғаны мен сатқанын айтады. Сиыршыға жолықсаң, Шелегіндегі қаймағын айтады.
  15. Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар.
  16. Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге мал тұрар.
  17. Қауынның пәлегі ащы, түйнегі тұщы.
  18. Қимылдаған қыр асар.
  19. Қиынға қиналмаған оңайға ойланбайды.
  20. Қой анасы – оннан, Жылқы анасы – бестен.
  21. Қой бақтым – қоңырау тақтым.
  22. Қой егіз тапса, Шөптің басы айыр шығады.
  23. Қой иесі бірге санаса, Қойшы басқа санайды.
  24. Қой семіз болса, Ішіндегісі егіз болады.
  25. Қой семізі – қойшыдан.
  26. Қой сүті – қорғасын, Қойды соққан оңбасын.
  27. Қой шелді болмай, төлді болмайды.
  28. Қойды қорада сат, Астықты ұрада сат.
  29. Қойдың жайын ойласаң, құмға көш, Сиыр жайын ойласаң, Сырға көш.
  30. Қойдың пірі – Шопан ата.
  31. Қойшы көп болса, қой арам өледі.
  32. Қойшыны таяғы, Қасқырды аяғы асырайды.
  33. Қойшының қызы қой келгенде іс қылар.
  34. Қойың болмаса, Байлықта ойың болмасын.
  35. Қол күрек: шабуылда қалқаның, бекіністе қорғаның.
  36. Қолы қимылдағанның ауызы қимылдар.
  37. Қолыма жұмыс бергенің, Жаныма тыныс бергенің.
  38. Қора толы қойыңды қотыр тоқты бүлдірер.
  39. Қорасында айыры жоқтың малға қайырымы жоқ.
  40. Қорасында қойы жоқтың итінің сағын қара.
  41. Қорлы саба сарқылмас.
  42. Қошқардың жайын қой баққан біледі.
  43. Қуатты қол – құрыш, Даналық ой – ырыс.
  44. Құдай жүгіртпегенді Бұзау – жүгіртеді.
  45. Құлан ату менің не теңім, киік атпай, Киік ату менің не теңім, үйде жатпай.
  46. Құлдай қызмет етсең, Бектей жатып жейсің.
  47. Құнан атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер.
  48. Құр алғыс азық болмайды.
  49. Құрал-сайман саз болса, Машақатың аз болар.
  50. Құрсағы жібіген ит жатпас.
  51. Құрыққа сырық жалғайды.
  52. Құрыш қайрат, Құрылыста шынығар, Ісін сүйген, Істей жүріп тынығар.
  53. Қырсыққан жігіт мал таппас, Адасқан жігіт жол таппас.
  54. Қыс киімін жаз киіп, Жарлы қайдан байысын. Жазы-қысы жұмыс қып, Мая қайдан қайысын?
  55. Қысқа жіп күрмеуге келмейді, Күрмеуге келсе де, байлауға келмейді.
  56. Қыста малыңды бақ, Жазда шөбіңді шап.
  57. Қыстағы қар – жерге ырыс, Жаздағы ылғал – елге ырыс.
  58. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр, Жерге жауған нұр.
  59. Қыстай қайрап, жаздай шапқан кетпенім, Кетпен шауып мұратыма жеткенім.
  60. Қысыр қалған ешкіден лақтаған шыбыш артық.
  61. Мал – баққандікі, Жер – жыртқандікі.
  62. Мал – баласы, жер – анасы.
  63. Мал ашуы – жан ашуы.
  64. Мал аяған аттан құр, Төл аяған ақтан құр.
  65. Мал баға білмеген пайда таба білмейді.
  66. Мал баққанға бітеді, Отын жаққанға бітеді. Егін еккенге бітеді, Жерін тауып сепкенге бітеді.
  67. Мал баққанға бітеді.
  68. Мал бақпаған мал бақса, Жайламаған сай қоймас. Би болмаған би болса, Билемеген ел қоймас.
  69. Мал барда шығын бар.
  70. Мал басқа, қына тасқа бітеді.
  71. Мал жайған малдың жайылғанына тояды.
  72. Мал жисаң қонысың, Ас жисаң, ыдысын тап.
  73. Мал құлағы – саңырау.
  74. Мал малсақты табады.
  75. Мал мен бас – егіз.
  76. Мал өсірсең мол өсір, Кеңейтеді пейіліңді. Еңбек етсең – көл көсір, Қандырады мейіріңді.
  77. Мал өсірсең, қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.
  78. Мал семіз болса, төл егіз, Жер семіз болса, дән егіз.
  79. Мал тапқан ердің жазығы жоқ.
  80. Мал тұяғы – қазына.
  81. Мал, малдан кейін ал.
  82. Малда жазық жоқ, Менде азық жоқ.
  83. Малды баға біл, бабын таба біл.
  84. Малды бақсаң, қойды бақ, Май кетпейді шарадан. Ит асырасаң сырттаннан, Қой бермейді қорадан.
  85. Малды жақсы баққаның, Өзіңе абырой тапқаның. Малды жаман баққаның, Келген бақты қаққаның.
  86. Малды жерден сұра, Не аққан терден сұра.
  87. Малды жисаң – машақат, Жоғалтсаң – өкініш.
  88. Малды тапқанға бақтыр, Отты шапқанға жақтыр.
  89. Малды тауысам десең, пұл қыл, Астықты тауысам десең, ұн қыл.
  90. Малды теппе, ақты төкпе.
  91. Малды іріктемесең, Тұқымы азады. Қонысты жаңартпасаң, Өрісі азады.
  92. Малдының беті жарық, Малсыздың беті шарық.
  93. Малдың бір ұшы білекте, Бір ұшы жүректе.
  94. Малдың жайын баққан білер, Оттың жайын жаққан білер.
  95. Малдың жатар орны – жарым құрсақ.
  96. Малдың тамағын қара, Малшының табағына қара.
  97. Малсыз деп ерден түңілме, Ерсіз деп елден түңілме, Елсіз деп жерден түңілме.
  98. Малы жоқ деп ерден түңілме, Шөбі жоқ деп жерден түңілме.
  99. Малы көптің қайғысы көп.
  100. Маңдайы терлемегеннің, Қазаны қайнамайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ