Еңбек туралы мақал-мәтелдер
«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (7-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Мәуесі бардың әуесі бар.
- Мехнат түбі – кейіс, Рахат түбі – пейіш.
- Мойнында – қосақ, артында – тіркеу.
- Мынау атты жұрт көргендей тәуір ғып бер, Болмаса, бәрін құртып, жауыр ғып бер.
- Мың қойға – бір Шопан, Мың жылқыға – бір Қамбар.
- Нан – тамақтың атасы.
- Нанның негізі – дән.
- Нар жолында жүк қалмас.
- Нар малының жүні – жібек, сүті – бал, Нар жігіттің аймағы – ел, алды – мал.
- Нар өлген жерде жүк қалады.
- Нарға – ашамай, қоспаққа – жазы.
- Нары бар, нары бардың малы бар.
- Не ексең, соны орарсың.
- Не, еріншек өледі, Не, көңілшек өледі.
- Оймақ пішсең де, ойлап піш.
- Ойшы ой ойлағанша, Тентек іс бітірер.
- Оң қолым, сол қолым, Екеуі де өз қолым.
- Оң қолың, сол қолың – бәрі өз қолың.
- Оңай олжа оңалтпас.
- Опасызбен дос болма, Еріншекпен қос болма.
- Ортақ өгізден оңаша бұзау.
- Ортаның малын олжа көрме.
- Отсыз өріс малға жайсыз, Батпақты жер жолға жайсыз.
- Оттай орақшы, жаудай қарақшы.
- Өгіз өлгенше өседі.
- Өгізді қойшы – өлген қойшы, Жеп болғанда көрген қойшы.
- Өз елінде шекпен пішпеген Кісі елінде мақпал пішеді.
- Өз қуырдағы өзінде.
- Өзі ірі, еті тірі, жаны сірі – Жұмыстың пірі.
- Өзің илеген терінің пұшпағы.
- Өзің таппаған дүниенің қадірі жоқ.
- Өзіңді олжалатпай, Өзгені олжалай алмайсың.
- Өлген сиыр сүтті.
- Өле жегенше, бөле же.
- Өлі жебемей, тірі байымайды.
- Өліп өскен малға сүйін, Өлмей өскен басқа сүйін.
- Өмірі зақым жылқы бақсын, Үзеңгісін ұзын тақсын.
- Өнімсіз іске өңмендеме.
- Өңештен өткен өзіңдікі.
- Өсер малда өлім жоқ.
- Палуанға да күш керек.
- Пәлен жерде бақыр бар, Барсақ, тап-тақыр.
- Пейіліңді кеңге сал, Қырманыңды дөңге сал.
- Пұл қадірін сатқан біледі, Ас қадірін татқан біледі.
- Пұлсыз берді, құнсыз алды.
- Піскен асқа тік қасық.
- Рахат түбі – кейіс, Бейнет түбі – кеңіс.
- Рысты еңбек етіп, Жерден сұра, Жерге аққан ыстық, Мөлдір терден сұра.
- Сақырлаған сары аязда Сары қамысты қыста, Малыңа сая, өзіңе үй болады.
- Салмай жортқан жігіттен, Салмай құлындаған бие артық.
- Салт атты, сабау қамшылы.
- Сарман тауда салқын жоқ, Саналы ерде ұйқы жоқ.
- Сары майдан дәметкен итің құрысын.
- Сауда соңы – кемістік, Шаруа соңы – келістік.
- Саудагер есепке байиды.
- Сауыны аздың жазы қысқа.
- Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк дүркірер.
- Сәуірдегі жауын – сауып тұрған сауын.
- Семіздікті қой көтереді.
- Семірген сайын тауықтың арты бітер.
- Серт берген шегінбес, Еңбектенген ерінбес.
- Сиыр баққанды сүттен қаққан оңбас.
- Сиыр бақтым – сидаң қақтым.
- Сиыр жайған тоқ болады, Уайым-қайғы жоқ болады.
- Сиыр жисаң, тарлан жи.
- Сиырлы бай – сары май.
- Сиырлының үйі – айран, Сиырсыздың үйі – сырдаң.
- Соңғы түйенің жүгі ауыр.
- Сөз – сабан, іс – дән.
- Сөз қуған пәлеге жолығады, Шаруа қуған олжаға жолығады.
- Сөз қуған пәлеге жолығар, Шаруа қуған дәулетке молығар.
- Сөзге көп – іске жоқ.
- Сөзі – аз, Ісі – саз.
- Суыртпақтап жинаған, Сорлыға көйлек шығады.
- Сүйіп істеген іс – Шаршатпайды.
- Сынық арба көп көшер.
- Сынық ине, сыдырым таспа бермес.
- Сыпырғы келсе шаң қашар.
- Табында да жоқ, Сауында да жоқ.
- Таздың шашы өспес, Айдапсалдың малы өспес.
- Талапты ерге нұр жауар.
- Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады.
- Талдырмаш таза айырдан, Жүк көтергіш қоспақ артық.
- Там салғанның тамтығы қалмайды.
- Тамыздығын тапсаң, тас та жанады.
- Тамырың қашса, тары ек, Келер жыл тағы ек. Тамырың келер қасыңа, Қайыры тиер басыңа.
- Таңдағы тауықтан, Сол күнгі жұмыртқа артық.
- Тарта жесең, тай қалар, Қоя жесең, қой қалар, Қоймай жесең, не қалар?
- Таршылық адамды шынықтырады, Баршылық адамгершілікті ұмыттырады.
- Тары болса, тауық табылады.
- Тарыны берген кісіден көрейін бе, Жей білмеген кісіден көрейін бе?!
- Тасқа тары, мұзға бидай еккен.
- Тау белгісі – тас, Жомарт белгісі – ас.
- Таудан тас арқалаған.
- Таутанын тастап барыс ат, Жаға болар ішікке.
- Тауық құс емес. Жалқау кісі емес.
- Тегін ағаш тез қасында жатпайды.
- Тегін жеген мал тесіп шығады.
- Тек жүрсең – тоқ жүресің.
- Телміріп алған теңгеден, Тер төгіп тапқан теңге жұғымды.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ