Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

«Денсаулық» тақырыбындағы 263 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Қартайғанда тістен тынарсың, Тістен тынсаң, іштен тынарсың.
  2. Қартайып өлсең, қапың жоқ.
  3. Қартаң тартқан адамның оты азаймақ, Оты азайса, әр істің бәрі тайғақ.
  4. Қасық асым – қайғысыз басым.
  5. Қотырды қаси берсең қаны шығар. Киізді қаға берсең шаңы шығар.
  6. Құдай ұрған қонағымен керісер.
  7. Қыры кеткен, Қырқында таз болады.
  8. Қырық атан ұстама, Қырық тамыр ұста.
  9. Қырық жыл қырғын келсе де, Ажалды өледі.
  10. Лас адам – кіршіл, Надан адам – діншіл.
  11. Мөлдек атып ішкен ас, Мерт кетірмей тындырмас.
  12. Ойда түп жоқ, ашта күш жоқ.
  13. Он екі мүшең сау болса, Дәулет емей немене? Он саусағың сау болса, Сәулет емей немене?
  14. Он екі мүшең сау болса, Қара басың ханмен тең.
  15. Орта жолда атың өлмесін, Орта жолда қатының өлмесін.
  16. Өлген – моладан қорықпайды.
  17. Өлгенге қайтып келмек жоқ, Өлгеннің артынан өлмек жоқ.
  18. Өлгеннің соңынан өлмек жоқ.
  19. Өлердей ішіп омақата құлағанның обалы өзіне.
  20. Өлмек бар, тірілмек жоқ.
  21. Өлсең көрің көң болсын, Тіріде терің кең болсын.
  22. Өлік шыққан үйдің, Табалдырығында жолбарыс жатады.
  23. Өлім – ойран, Өмір – майдан.
  24. Өлім деген ойран, Өмір деген майдан.
  25. Өлімнің оңдысы жоқ.
  26. Өлінің түсі суық.
  27. Өлінің тілін тірі алмас.
  28. Өмір – самал, ажал – амал.
  29. Өмір барда қаза бар.
  30. Сақинаны сәнге салмайды, Тазалыққа таразы.
  31. Сау болса жаным, Сөз емес дүние-малым.
  32. Сау төрде, ауру көрде.
  33. Сексен – жермен жексен.
  34. Серке еті – ем, ешкі еті – жел.
  35. Сиырдың майы жанға рахат, Зығырдың майы тәнге рахат.
  36. Соқырдың тілегені – екі көзі.
  37. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады.
  38. Сырқат – тән жарасы, Қайғы – жан жарасы.
  39. Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.
  40. Таздың тарағы алтын, Мергеннің садағы алтын.
  41. Тал таяқ болады, Шал қонақ болады, Нан тамақ болады.
  42. Тас, тасты жібітер – ас.
  43. Тат темірді, қайғы адамды кеміреді.
  44. Тәні саудың – жаны сау.
  45. Тәтті-дәмді мың болар, Денсаулық деген бір болар.
  46. Тер шықпаған аурудан дерт шықпайды.
  47. Тер шықпаған кісіден, Дерт шықпайды.
  48. Той әнмен ажарлы, Өлім өксумен азалы.
  49. Тостағандай басымда Тоғыз жара. Жұдырықтай жүректе Жеті жара.
  50. Туа мүкіс жазылмас.
  51. Тұмау аяғы – құрт, Тұман аяғы – жұт.
  52. Тұмаудың түбі – құрт, Тұманның түбі – жұт.
  53. Тыймаған ауызда пәле бар.
  54. Тыныш ұйықтағанның төсегі жайлы.
  55. Тіс бүлінді дегенше, Іш бүлінді десеңші, Іш бүлінді дегенше, Іс бүлінді десеңші.
  56. Ұрынарға қара таппай, Емдетуге жара таппай...
  57. Ұстағанша жүз дәрігерді қайдағы, Тамағыңды шақтап ішкен пайдалы.
  58. Ұшқын – өртке сеп, Достық – дертке сеп.
  59. Үстіне оттан көйлек киген.
  60. Үш нәрсенің алдын ал: Аурудың алдын ал, Жаудың алдын ал, Қайта қозған даудың алдын ал.
  61. Шиқан үстіне қотыр.
  62. Ыштаны жоқтың түсіне, Екі қарыс бөз кіреді.
  63. Ішкі дерт сыртқа шықпай қоймайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ