Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

«Денсаулық» тақырыбындағы 263 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ауырып тұрдың, Аунап тұрдың.
  2. Аш кісі ұрысқақ, Ауру кісі тырысқақ.
  3. Аш қадірін тоқ білмес, Ауру қадірін сау білмес.
  4. Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес.
  5. Аштың ақылы болмас, Тоқтың қайғысы болмас.
  6. Ашу ауруыңды қозғайды.
  7. Аяғы сынған кісіге не серуен керек.
  8. Аяншақ көзге шөп түскіш.
  9. Әдемілік – ақылдыны сынды қылады, Ақылсызды жынды қылады.
  10. Әділдікпен кескен бармақ ауырмайды.
  11. Әп-әсем ән еді, Пұшық айтып қор қылды.
  12. Әуелгі байлық – денсаулық, Екінші байлық – он саулық, Онан кейін ақ жаулық. Әдемілік – ақылдыны сынды қылады, Ақылсызды жынды қылады.
  13. Әуелгі байлық – денсаулық.
  14. Бай күйігі сыртта, Бала күйігі іште.
  15. Байлық – байлық емес, Денсаулық – байлық.
  16. Байлықтың алды – денсаулық.
  17. Байлықтың басы – денсаулық.
  18. Бақсының емі өзіне қонбайды.
  19. Балаға пышақ бермесең бір жылар, Берсең екі жылар.
  20. Барлық аурудың дәрісін тауып бере бермейді.
  21. Бас ауырып, балтыр сыздар.
  22. Басты балта бұзады, Жылқыны маңқа бұзады.
  23. Басты бұзған маңқа.
  24. Басы ауырған бақсы-балгерге тоймайды.
  25. Басы ауырып, балтыры сыздамағанның Тәңірмен ісі жоқ.
  26. Басы ауырып, балтыры сыздамағанның Тәңіріменен ісі жоқ.
  27. Басы ауырып, басы сыздамағанның – Тәңірмен ісі жоқ.
  28. Басы жұмыр пенденің Барар жері белгілі...
  29. Басың ауырса, бақсы ізде.
  30. Басың ауырса, палшы ізде.
  31. Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады.
  32. Батыр ұлды жауыр етпе, Жүйрік арқасын жара етпе.
  33. Батырға жара да жарасады.
  34. Бауыры бүтін, басы аман.
  35. Болдырған ат болпақ.
  36. Боранын бұрқыратқан қыстан, Сай-сүйегіңді сырқыратқан Сары уайым жаман.
  37. Бота қотыр болса, енесін былғайды, Енесі келесін былғайды.
  38. Бұл ауырудан жаным қалса, Ендігі ауырудың алдымен.
  39. Бұл дүниенің құсасы о дүниеге кетпейді.
  40. Білмегеннен түбінде бас ауырар.
  41. Білмегеннің білегі ауырмас.
  42. Білім соқырдың көзін, Кереңнің құлағын ашады.
  43. Білімнен қымбат досың жоқ, Аурудан бетер қасың жоқ.
  44. Бірге тумақ бар, Бірге өлмек жоқ.
  45. Біреуге өлім тілегенше Өзіңе жүрім тіле.
  46. Біреудің көзі соқыр, Біреудің өзі соқыр.
  47. Ғалымнан білім жұғады, Қотырдан ірің жұғады.
  48. Дәрі шөптен шығады, Дана көптен шығады.
  49. Демі бардың емі бар.
  50. Денсаулықпен тең түсер досың жоқ, Дерт-кеселмен тең түсер қасың жоқ.
  51. Денің сау болса, жарлымын деме, Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
  52. Денің сау болса, Жарлымын деме. Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме. Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.
  53. Дос-жаран ауырып қалғанда, Елемей селсоқ жүрерсің. Әлекке ауру салғанда, Қадірін жанның білерсің.
  54. Екі ауру бір келсе – ажалыңның жеткені.
  55. Емнің алды – еңбек.
  56. Ердің құны – жүз түйе, Көздің құны – елу тайлақ.
  57. Ерінбегеннің саулығы егіз, қозысы семіз.
  58. Ет – етке, сорпа – бетке.
  59. Жан – денеге қонақ, Денені демеген – тамақ.
  60. Жан ауырса, тән азады, Қайғы басса, жан азады.
  61. Жан жарасына уақыт емші.
  62. Жарлының байлығы – денінің саулығы.
  63. Жас жігіттің жарасы, Жол-жөнекей жазылар.
  64. Жас өсемін деп үмітті, Жалғыз көбейем деп үмітті, Жарлы байимын деп үмітті, Ауру жазылам деп үмітті.
  65. Жасырғанның жарасы асқынады.
  66. Жаяудың аты – ширақ, күші – азық.
  67. Жеңіл барып, ауыр қайт, Аман барып, сау қайт.
  68. Жетім бала жеті күлшеге тоймас.
  69. Жетімнің жегені – желім, ішкені – ірің.
  70. Жоғалып табылған мал олжа, Ауырып жазылған жан олжа.
  71. Жоқтау айтқанға тоқтау айт, Қайғысын қозғама, Қайратын қолда.
  72. Жөргекте жабысқан ауру өлмей қалмас.
  73. Жуанның жіңішкерер, Жіңішкенің үзілер шағы.
  74. Жүрек дертін Тәңірі де жаза алмайды.
  75. Жылан шаққан адам, Ала арқаннан аттамайды.
  76. Жын ұрғаннан жұқана қалады.
  77. Кәріге бас қайғы.
  78. Кәрілік – дауасыз дерт.
  79. Кебін кигеннен түңіл, Кебенек кигеннен түңілме.
  80. Кейде тән ауырмаса да, жан ауырады.
  81. Кем жесең, төрге шығарады, Көп жесең – көрге.
  82. Керең – адамның аузына қарар, Соқыр – кісінің дауысын бағар.
  83. Кесел батпандап кіріп, Мысқалдап шығады.
  84. Көбікті қарда түлкі ойнар, Көңілді көзде күлкі ойнар.
  85. Көзің ауырса, қолың тый, Ішің ауырса, тамағың тый.
  86. Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса, аузыңды тый.
  87. Көкірек ауру күнде өлер.
  88. Көп ауырған ем табады, Көп адасқан ел табады.
  89. Көтеремді отқа айдаса, жоққа қашады.
  90. Күлегештің көңілі азбас, Күтіншектің өзі азбас. Қырықта қылау, Сексенде шылау.
  91. Күлкі – ашылған гүл, Көңіл – шашылған нұр.
  92. Күрек тісің сынса, Күлкің бұзылады.
  93. Қаза көрген жүрек жаралы.
  94. Қай жерің ауырса, жаның со жерде.
  95. Қайғы – саңырау.
  96. Қайғы қартайтады, Қуаныш марқайтады.
  97. Қайғыдан жан шіриді, Жан ауырса, тән шіриді.
  98. Қара көзден нұр тайса, Айналаң қара түн болар. Екі аяқтан әл кетсе, Қарға адым жер мұң болар.
  99. Қаралы көңіл жаралы.
  100. Қардан кебіс киіп, мұздан құрсау салған.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ