Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бірлік туралы мақал-мәтелдер

«Бірлік» тақырыбындағы 407 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Жер берігінде қосың болсын, Ел берігінде досың болсын.
  2. Жер шайқалса, төбеге қатер, Ел шайқалса, төреге қатер.
  3. Жерді шым, елді қыз біріктіреді.
  4. Жері азған елде Тоқшылық болмайды. Ері ынтымақты елде Жоқшылық болмайды.
  5. Жолдасы көптің қолдасы көп.
  6. Жолдасы көптің олжасы көп.
  7. Жұмсақты қию оңай, Жұқаны жию оңай.
  8. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
  9. Жұрт жұтаса – жұтық.
  10. Жұрт келгендей жиын болсын, Жұмылған қолдай ұйым болсын.
  11. Жүзді айдап, бірді жетелеген.
  12. Жүзді жетелеп, бірді мінген.
  13. Жылқылы елде жау көп, Жатақ елде дау көп.
  14. Ит жеген ішінен таусылар.
  15. Ит пен ит ырылдасса, Тамағының тоқтығы. Жігіт пен жігіт ұрысса, Ынтымақтың жоқтығы.
  16. Ит ұяласын таламайды.
  17. Итпен ит ырылдасса Тамағының тоқтығы. Жігітпен жігіт қырындасса Ынтымағының жоқтығы.
  18. Иті семіз, малы арық – жер азғаны, Ынтымағы болмаса – ел азғаны.
  19. Келелі елде қаңлы бар, Қаңлыны хан көтерер.
  20. Кемедегінің жаны бір.
  21. Кең киім тозбайды, Кеңесшіл ел азбайды.
  22. Кең пейілді кемімес.
  23. Кеңес қылған ел азбас, Кеңінен пішкен тон тозбас.
  24. Кеңескен іс келісер, Ақылы жақсы бөлісер.
  25. Кеңеспен шешкен шешімнің Кемісі болмас.
  26. Кеңесті ел кемімес.
  27. Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
  28. Керіскен көп бопсалар, Артында қызыл шоғы қалар.
  29. Керіскеннің кесірі келген бақты кетірер.
  30. Көзсіз күнелтсең де, Көпсіз күнелте алмайсың.
  31. Көк ит көп итті жеңбес.
  32. Көнектен шошынған бие оңбас, Көптен бөлінген үй оңбас.
  33. Көңілің тартпаған іске қол ұрма.
  34. Көп ақылды жиналса, Қиын істі бітірер. Көп ақымақ жиналса, Оңай істі бүлдірер.
  35. Көп ауызы – зеңбірек.
  36. Көп қайда болса, Құдай сонда.
  37. Көп қорқытады, терең батырады.
  38. Көп ісінде береке.
  39. Көпке қорлық жүрмейді.
  40. Көппен көрген – ұлы той.
  41. Көптеген жау алады, Көмектескен дау алады.
  42. Көптен бөлінген үй оңбас.
  43. Көптен жау құтылмас.
  44. Көптен қоян құтылмас.
  45. Көптескен жау қашырады, Көмектескен қонақ аттандырады.
  46. Көптік қайда болса, тоқтық сонда.
  47. Көптің көзі көреген, қолы береген.
  48. Көптің қолы көкке жетеді.
  49. Көптің қолы ұзын.
  50. Көпшіліктен береке кетпес, Берекелі жерден мереке кетпес.
  51. Көрші қадірін не түйе, Не диірмен қайырады.
  52. Көсеуің ұзын болса, күймес, Ағайының көп болса, ешкім тимес.
  53. Көтере алмасаң, қоса арқала.
  54. Көшпелі елде ақың болса, Көше-көше қасыңа келер.
  55. Күш – бірлікте.
  56. Күшке күш қосылса – құп, Елге ел қосылса – құт.
  57. Кілем сатсаң, ауылдасыңа сат, Бір шетінде өзің отырасың.
  58. Қазақ ауылы қарайлас, Шеру соңы орайлас.
  59. Қазан асылса, тамақ пісер, Әйтеуір бір ошақтан түсер.
  60. Қайғы бөліссе, азаяды, Қуаныш бөліссе, көбейеді.
  61. Қанша жуан болса да, Жалғыз ағаш үй емес. Қанша жақсы болса да, Жалғыз адам би емес.
  62. Қара наннан қалаш жақсы, Жаман ағайыннан Алаш жақсы.
  63. Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң, Ел қайда, Сыр дуаннан бір кеткен соң.
  64. Қарағай бойы қар жауса, Жұтамайды сауысқан. Қанды қалпақ кисе де, Қиыспайды туысқан.
  65. Қой ақсағымен мың болар.
  66. Қой мыңға жетсе, Кереге басынан бас кетпейді.
  67. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар.
  68. Қойды шартық бүлдіреді, Елді қортық бүлдіреді.
  69. Қол жұмылмай жылынбайды.
  70. Қоңсы тату болса – құт, Қоңсы қаңқу болса – жұт.
  71. Қос аттылымен қол көбейеді, Қозысымен қой көбейеді.
  72. Қос-қос орда, қос орда, Қосылып қонбас малдан соң. Қоспақ өркеш сары атан, Қом жинамас майдан соң.
  73. Қосылғанның – қолы ұзын, Қос керуеннің – жолы ұзын.
  74. Құданың белгісі – сыйыс, Қоныс белгісі – бейіт.
  75. Құдасымен Құдай ұрған ұрысады.
  76. Құланның оттауы бірге, жусауы бөлек.
  77. Құрама жиып ел өткен, Құрақ жиып шөп еткен.
  78. Құс топтанса – ұшайын дегені, Ел топтанса – көшейін дегені.
  79. Қыдырлы қонақ қыдырып келер, Қыдыры артынан шұбырып келер.
  80. Қыздың баласындай, қолдың саласындай.
  81. Қылауына қыл түспеген татулық.
  82. Қылыш даттанса, ел бұзылады, Ел даттанса, ат сабылады.
  83. Қырқын мінгеннен қыр артылмас.
  84. Малы бірдің жаны бір.
  85. Мың адам салған көпірді бір адам бұзады, Бір адамның жаққан отына мың адам жылынады.
  86. Назыңды ер көтерер, Ер көтермесе, ел көтерер.
  87. Науды аяма, дауды ая.
  88. Ноғай, қазақ – бір кісі.
  89. Он адам жүрген жерде із, жүз адам жүрген жерде соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады.
  90. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
  91. Ордалы құлан ақсағын білдірмес.
  92. Отбасы ала болса, Кереге басы сайын пәле бар.
  93. Отты қузаған өшірер, Көршіні қузаған көшірер.
  94. Отты түрте берсең, өшеді, Көршіні түрте берсең, көшеді.
  95. Өз басыңды дауға берсең де, Жолдасыңды жауға берме.
  96. Өлсек, көріміз бір, Шықсақ, төріміз бір.
  97. Өнер алды – бірлік, Ырыс алды – тірлік.
  98. Өсер халықтың арманы көп, Өшер халықтың жанжалы көп.
  99. Саған дұшпан – маған жау.
  100. Сайда саны көптің, Қырда жаны көп.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ