Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бірлік туралы мақал-мәтелдер

«Бірлік» тақырыбындағы 407 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Дәулетіне қарай сәулеті.
  2. Дос – егіз, дұшпан – сегіз.
  3. Достыққа бірлік пен теңдік дәнекер.
  4. Егесіз ел азар, Иесіз жер тозар.
  5. Егіз аттан жығылса, Басын сүйер ағасы. Жалғыз аттан жығылса, Неге келер шамасы?
  6. Ежелгі жау ел болмас.
  7. Ежелгі жауда елдік жоқ.
  8. Екеу – біреудің құдайы.
  9. Екеуге иық көрсеткен біреу – өзінің соры, Біреуге иық көрсеткен екеу – елінің соры.
  10. Екі ағайынды жігіттің, Кере қарыс жалы бар. Жалғыз басты жігіттің, Шығар-шықпас жаны бар.
  11. Екі ауыз біріксе, Кер ауызды басады.
  12. Екі аяқ бір етікке сыймайды.
  13. Екі батыр елде жатыр, Жеке батыр жерде жатыр.
  14. Екі ел егес болса, Епті жігіт қатын алар.
  15. Екі жақсы қосылса, Ай мен Күндей жарасар; Екі жаман қосылса, Ырылдасар, таласар.
  16. Екі жақсы қосылса, Бірін-бірі қиыспайды. Екі жаман қосылса, Кең дүниеге сыйыспайды.
  17. Екі жақсы қосылса, Қыл өтпейді арадан, Екі жаман қосылса, Қол кетпейді жағадан.
  18. Екі жақсы таққа таласса, Ортада қу тойынар.
  19. Екі жаман ауыл болмас, Ауыл болса да, қауым болмас.
  20. Екі жарты – бір бүтін.
  21. Екі кісі сыйласса, Бір кісіге орын бар.
  22. Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар.
  23. Екі қатынның баласы екі рулы ел.
  24. Екі қатынның үйінде дау, Бір қатынның үйінде жау.
  25. Екі құзғын таласса, Бір қарғаға жем болар.
  26. Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.
  27. Екі сиырың болса, айран болар, Екі қатының болса, үйің ойран болар.
  28. Екі тентек елге сыймас.
  29. Екі тентек қосылса, аудай болар, Екі ақылды қосылса, таудай болар.
  30. Екі ұштыны бір күшті қосар.
  31. Ел – ырыстың кілті.
  32. Ел ағасы іріткішіл болса, Елін жауы шабар.
  33. Ел айырылса көбіне, Жол айырылса кеңіне.
  34. Ел болам десең, сыйлас, Қор болам десең, қастас.
  35. Ел бұзылса, шайтан өрнек салады.
  36. Ел бірлігі – ел теңдігі.
  37. Ел даусыз болмас, Ер жаусыз болмас.
  38. Ел егессіз болмайды.
  39. Ел екпіні – сел екпіні.
  40. Ел көшті, жау жетті деп, қашуыңа болайын.
  41. Ел қауымдасса, ер болады, Ер қауымдасса, ел болады.
  42. Ел қуатты болмай, Қуаныш тұрақты болмайды.
  43. Елге ел қосылса – құт, Елден ел айырылса – жұт.
  44. Елде болса, ерінге тиеді, Ауылда болса, ауызға тиеді.
  45. Елдестірмек – елшіден, Жауластырмақ – жаушыдан.
  46. Елді іс біріктіреді, сөз бұзады.
  47. Елдің елдігі – аузының бірлігі, Ердің ерлігі – етінің тірлігі.
  48. Елдің күші – селдің күші.
  49. Еңбек етпей, ер оңбас, Бірлік болмай, ел оңбас.
  50. Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас.
  51. Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.
  52. Ер татулығы – ел татулығы.
  53. Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды, Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды.
  54. Ер шекіспей (өліспей) бекіспейді.
  55. Ерден – сауға, елден – достық.
  56. Ердің ерлігін білмеген Құдайдың бірлігін білмейді.
  57. Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды.
  58. Есептескен ел болмайды.
  59. Есік алдынан жел келгенше, Үй сыртынан жау келсін.
  60. Жақ-жақ жүргенше, тақ-тақ жүр.
  61. Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.
  62. Жақсы көрші – саяң, Жаман көрші – шаян.
  63. Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды.
  64. Жақсының қасиеті – жарастыру, Жаманның қасиеті – таластыру.
  65. Жақын таласса, жатқа жем.
  66. Жақынды жат етсең, Жатқа күлкі боларсың.
  67. Жақыннан – қорған, алыстан – айбар.
  68. Жақының өлсе қойысқан, Атың өлсе сойысқан, Жауың келсе қуысқан, Бәрінен жақсы туысқан.
  69. Жалғыз ағаш орман емес, Жалғыз кірпіш қорған емес.
  70. Жалғыз ағаш пана болмас, Жалғыз биеге саба толмас.
  71. Жалғыз ат мініс емес, Жалғыз аяқ жүріс емес.
  72. Жалғыз батыр жауға жоқ, Жалғыз жігіт дауға жоқ.
  73. Жалғыз биенің қымызы, Қарындаспен қағыстырар. Жалғыз түйенің шұбаты, Ағайынды табыстырар.
  74. Жалғыз біткен дәулеттің, Жалғыз айтқан әннің сәні жоқ.
  75. Жалғыз жаңқа жанбайды, Жалғыздың ісі оңбайды.
  76. Жалғыз жүріп жол тапқанша, Көппен жүріп адас.
  77. Жалғыз жігіт би болмас, Жалғыз ағаш үй болмас.
  78. Жалғыз жігіт жарымас.
  79. Жалғыз иттің үргені білінбес, Жалғыз адамның жүргені білінбес.
  80. Жалғыз кісі жау алмас.
  81. Жалғыз кісі жауынгер емес.
  82. Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
  83. Жалғыз мая қайымас, Жалғыз жігіт байымас.
  84. Жалғыз тері тон болмас, Жалғыздың сөзі оң болмас.
  85. Жалғыз үйдің қарғасы боққа тоймас.
  86. Жалғыз шала сәуле болмас, Жалғыз шырақ тәубе болмас.
  87. Жалғыздың жағы жоғалса табылмайды, Көптің оғы жоғалса да табылады.
  88. Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
  89. Жалғыздың ісі бітпес.
  90. Жалғыздың ісі оңалмас. Көптің ісі жоғалмас.
  91. Жалғыздың ісі өнбейді, Жаяудың жүрісі өнбейді.
  92. Жаман арба жол бұзар, Жаман адам ел бұзар.
  93. Жаманды ел ішінен жау алады.
  94. Жар басына үй тікпе, Жар құласа үй кетер. Ала болса ағайын, Рулы елден күй кетер.
  95. Жар құласа, жайын өледі.
  96. Жартыны жарып жеген татулық.
  97. Жарылғанды жау алар, Бөлінгенді бөрі жер.
  98. Жас-жастың тілегі бір, Ынтымақтың білегі бір.
  99. Жауыңды басындырма, Халқыңды ашындырма.
  100. Жеңілген елде желке жоқ.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ