Батырлық туралы мақал-мәтелдер
«Батырлық» тақырыбындағы 294 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Елге ел қосылса – құт, Желге сел қосылса – жұт.
- Елдік түбі – бірлік.
- Елмен дауласпа, Ермен жауласпа.
- Елуінде ер – дана, Елу жылда ел жаңа.
- Елі еріксіз болса, Ері көріксіз болар.
- Елі жоқ – жер жетім, Ері жоқ – ел жетім.
- Елінен айрылған ер мұңлық, Көлінен айрылған қаз мұңлық.
- Елінен кетсе, ер – жетім, Егінші кетсе, жер – жетім.
- Елінің даңқын батыры шығарар, Батыры шығармаса, ақыны шығарар.
- Ер – намысының құлы.
- Ер бақыттың қонғанын білмейді, Ұшқанын біледі.
- Ер басына дау келсе, Ерлігі кетер басынан. Би басына дау келсе, Билігі кетер басынан.
- Ер екі сөйлемейді.
- Ер елдің – Ық жағының қаласы, Жел жағының панасы.
- Ер елінде кәдірлі, Гүл жерінде кәдірлі.
- Ер еруде бала мінезді, Ер сайыста шала мінезді.
- Ер жапа көрмей, Опа көрмес.
- Ер жігіт – Етек, жеңі кең жігіт.
- Ер жігіт айтпайды, Айтса, қайтпайды.
- Ер жігіт бір сырлы, Сегіз қырлы болсын.
- Ер жігіт бір терінің ішінде Семіріп толады да, Арықтап солады да.
- Ер жігіт елдікі. Ебелек желдікі.
- Ер жігіт елі үшін туады, Елі үшін өледі.
- Ер жігіт не көрмейді, Ер көңілі не бермейді.
- Ер жігіт үйінен шықса, үйіріне қосылар.
- Ер көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді.
- Ер қадірін білмеген Ел қадірін білмейді.
- Ер қадірін іс түскенде білерсің, Етік қадірін қыс түскенде білерсің.
- Ер қартайса, қазаншы болады, Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
- Ер намысқа шабады, Намысқа шапса, Алысқа шабады.
- Ер не көрмейді, Ер көңіл не бермейді.
- Ер өтірік айтпайды, Ел өтірік айтады.
- Ер сүйгендей досың болсын, Жер сүйгендей қосың болсын.
- Ер сыйлаған есікке отырмас.
- Ер сыйлаған жерде кәдірлі.
- Ер шекіспей, бекіспейді. Ер тарықпай, молықпайды.
- Ер шешуде, нар кешуде сыналар.
- Ерге лайық ат туар, Жерге лайық шөп шығар.
- Ерге сүйенсең, Ергенегің мықты болар. Елге сүйенсең, Қараша үйің құтты болар.
- Ерден ердің қаупы бар.
- Ерді ел өсіреді, Гүлді жер өсіреді.
- Ерді ер ақтайды, Еңбекті жер ақтайды.
- Ерді жаяулық емес Қаяулық аздырады.
- Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер.
- Ерді талап ұшырар, Құсты қанат ұшырар.
- Ерді тасқанда көр, Жауды қашқанда көр.
- Ердің айнасы – елі, Жердің айнасы – көлі.
- Ердің асылы Күшінен білінеді. Қатынның асылы Ісінен білінеді.
- Ердің атағы туырлықтай, Өзі буылдырықтай.
- Ердің атын не аты шығарар, Не қатыны шығарар.
- Ердің жақсысы Елімен ойласады.
- Ердің көңілі жібектей Бір түйілсе, шешілмес. Ер қонысы түбектей Жау еркіндеп көсілмес.
- Ердің қадірін Өлгенде білерсің. Елдің қадірін Жат жерде жүргенде білерсің.
- Ердің ұялғаны – өлгені, Еменнің майысқаны – сынғаны.
- Ердің ісі – келіс. Ездің ісі – керіс.
- Ерегіспен ер өлер, Екі тентек егессе, Екеуінің бірі өлер.
- Ерегісте ер өлер, Екі батыр егессе, Екеуінің бірі өлер.
- Ерлік пен бірлік – егіз.
- Ерлікте шек жоқ, Жақсыда кек жоқ.
- Ері даңқты болса, Елі антты болса, Әруағы артып жүреді, Жауы аяғын тартып жүреді.
- Ерінен айрылған, Көмгенше жылайды. Елінен айрылған, Өлгенше жылайды.
- Етек-жеңі кеңдік Елге тән қасиет. Ептілік пен ерлік Ерге тән қасиет.
- Етектен кесіп жең болмас, Ежелгі дұшпан ел болмас.
- Етігін шешпей, Ер тыңаймас. Ер-тоқымын шешпей Ат тыңаймас.
- Жағым сынса да, сағым сынбасын.
- Жайсаң жігіт болғаның, Жолдасыңның арқасы. Қайсар жігіт болғаның Қолбасыңның арқасы.
- Жаман жолдас жауға алдырар, Жаман би дауға алдырар.
- Жаман жігіт Жолдасын жауға алғызар, Өзін ұятқа қалғызар.
- Жанжалшыл елге жақын қонба, Оқпанды жерге егін салма.
- Жау жеңетін жігіттің Жарағынан танимын. Дау жеңетін жігіттің Талабынан танимын.
- Жау жоқта – батыр көп, Дау жоқта – ақыл көп.
- Жау мен дау – егіз.
- Жау тілегенге жасым түседі.
- Жау шақырып, аттан салма! Дау шақырып, барымта алма!
- Жауға барсаң, бәрің бар, Дауға барсаң, бірің бар.
- Жауға жаның берсең де Сырыңды берме.
- Жаудан жер де жиренеді.
- Жауды басындырма, Жақынды ашындырма.
- Жаудың тысында болма, ішінде бол.
- Жауынан қашқан жарға паналар, Жаудан қашқан қайда паналар.
- Жел тұрды десе, Үйіңе арқан сал. Жау келді десе, Қарыңа қалқан ал.
- Желмен жарыспа, Ноймен алыспа.
- Жеңілген күреске тоймайды.
- Жердің жарлысына Ердің сорлысы қонар.
- Жол жарасты көрінер Ылдиы мен өрімен, Қол жарасты көрінер Қолбасшы батыр ерімен.
- Жорға жолға түспесе, Жол ұрады. Ер жолға түспесе, Қол ұрады.
- Жортуылшы жолда өлер.
- Жүйрікті шапқанда көр, Ерді сасқанда көр.
- Жүк ауырын нар көтереді, Ел ауырын ер көтереді.
- Жығылған күреске тоймайды.
- Жығылған, жерге сүйенеді, Жыққан елге сүйенеді.
- Жыланды шала өлтірме, Жауды жақын келтірме.
- Жылқы үйірін сағынар, Сағынар да сабылар. Ер үйірін сағынар, Етек, жеңін қағынар.
- Жібек белбеу – белдің көркі, Батыр жігіт елдің көркі.
- Жігіт жолдасынан белгілі, Сарбаз қол басында белгілі.
- Жігіттің жолбарысы – Жол торымайды, ел қориды.
- Кезенген жаудың кезінен сақтан, Сойқандының сөзінен сақтан.
- Керуен басы білікті болса – Көлік азбайды. Қолбасы білікті болса – Сарбаз тозбайды.
- Керуен көркі – нарымен, Батыр көркі – арымен.
- Күміс тозса – күл, Жігіт арыса – құл.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ