Батырлық туралы мақал-мәтелдер
«Батырлық» тақырыбындағы 294 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Күшті болсаң – нәпсіңді тый.
- Кісі есігі – тоң есік, Ерітерге ер керек.
- Қайқы қылыш – ер сәні, Қалі кілем – жер сәні.
- Қайрат деген қыран бар, Қайғыға тізгін бермейтін. Қайғы дейтін жылан бар, Өзекті жағып өртейтін.
- Қақпақты найзамен ашпас болар, Күлді қылышпен шашпас болар.
- Қалың кілем төрге керек, Қызғалдақ гүл жерге керек, Алмас қылыш ерге керек.
- Қамысты бос ұстасаң, Қолыңды кеседі. Қасыңды бос ұстасаң, Төбеңді теседі.
- Қас батыр, қараға шабар, Жас батыр, далаға шабар.
- Қас боп жүріп, Дос болғанға мақтан. Дос боп жүріп, Қас болғаннан сақтан.
- Қасапшының үйінде Қайрақ тұрар. Қас батырдың үйінде Байрақ тұрар.
- Қасында қара көп болса, Нөкер емей немене? Шөлдегенде ішкен су Шекер емей немене? Ат жалынан тапқан мал Бекер емей немене?
- Қасындағы жау Қанжарын қапыда қадайды.
- Қасың менен досыңды Қас-қабағы танытар.
- Қаһарман бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.
- Қашпақ, қумақ ерге сын, Көшпек, қонбақ елге сын.
- Қияң – құстың қанаты, Қиял – ердің қанаты.
- Қорқақ, көлеңкесінен де қорқады, Қас батыр жауын жеңгенше жортады.
- Қорқақты көп қусаң, батыр болады.
- Қорқып, бұғып өлгенше Тайсалмай, тауға шығып өл.
- Қорыққан бұрын жұдырықтар, Шабан үйрек бұрын ұшар.
- Қорыққанға қос көрінер.
- Қос ұл туған қатынды Ханым десе болады. Ел қорғаған батырды Нарым десе болады.
- Қуаныш жоқ, қайғы жоқ, Қас наданның белгісі. Тәуекел жоқ, талап жоқ – Оңбайтұғын – ез кісі.
- Қуаттының қолы ұзын, Талаптының жолы ұзын.
- Құс қанатымен, Ер атымен.
- Қылышты қорқақты Сойылды батыр соғып алады.
- Қылышынан қан тамған батырды, Тілінен бал тамған ақын алады.
- Қынапсыз қылыштан шошын, Күтпеген ұрыстан шошын.
- Қырық жыл қырғын болса да, Ажалды өлер.
- Мақтанып жүрмей, Сақтанып жүр.
- Мерген – қорғаныста тіреніш, Шабуылда сүйеніш.
- Намысы бар жігіттің Нар күшіндей күші бар. Намысы жоқ жігіттің Намыспенен несі бар?
- Оқ қадалса денеңнен суырарсың, Кек қадалса жүрекке не қыларсың?!
- Оқ-дәріңді отқа жақ.
- Оқтаулы мылтық Бір кісіні қорқытар. Оқтаусыз мылтық, Мың кісіні қорқытар.
- Оқтаулы мылтық Мың күн атылмайды, Бір күн атылады.
- Оқтаулы мылтық Мың күн тұрса, өзі атылады.
- Орақшы орақ таңдамайды, Батыр жарақ таңдамайды.
- Орындалмаған аманат – Ерге тағылған жаман ат.
- Отандасыңмен отқа түс, Күймейсің. Отандасыңмен отқа ұш, Өлмейсің.
- Оты жанбаған қатын ашулы, Мылтығы от алмаған батыр ашулы.
- Отызыңда орда бұзбасаң, Қырқыңда қыр аса алмассың.
- Өжеттен өлім қорқады.
- Өз нәпсісін жеңген – батыр.
- Өзі істеген өкінбес, Жаудан қорқып бекінбес.
- Пенде көресісін көрмей, Көрге кірмейді.
- Пұлыңды берсең, нарға бер, Жолында жүк қалдырмас. Қызыңды берсең ерге бер, Жолдасын жауға алдырмас.
- Пышақ болмас жетесіз, Ешкі болмас текесіз. Өзі болған жігіттің Тегін сұрап не етесіз?!
- Сабы бос шотпен отын жарма, Сабырсыз доспен жауға барма.
- Сағы сынған жігіттің – Қамшысының сабы сынар.
- Сақ жүрсең – нақ жүрерсің.
- Сақ жүрсең, сау жүрерсің.
- Сақтықта, қорлық жоқ, Сәлемде, зорлық жоқ.
- Сенің шешен болғаның – Шер халықтың арқасы. Сенің көсем болғаның Ер халықтың арқасы.
- Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді.
- Сойылды соңғы соққан жеңеді.
- Сөзде тұру – ерлік, Сөзді жұту – қорлық.
- Судан тонын аямаған, Жаудан жанын аямас.
- Сырттан келген жаудан да Іштен шыққан дау жаман.
- Тазалығы қатынның Тарағынан белгілі. Батырлығы батырдың Жарағынан белгілі.
- Тайынбаған тауды жығады, Тайсалмаған жауды жығады.
- Татулыққа не жетсін?! Тәуекелден не кетсін?!
- Тауды биік демеңдер, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты демеңдер, Жарақтансаң жығарсың.
- Тәйке түссе – талабымнан.
- Тәуекел бас жарады, Бас жармаса, тас жарады.
- Тәуекел нарды жығады.
- Тәуекел тас жарады, Таяқ бас жарады.
- Тәуекел тау бұзады.
- Тәуекел тау жығады.
- Тәуекел тау жығар.
- Тәуекелдің кемесі Суға салса, батпайды.
- Тепсе темір үзетін – Жас қолында күзетім.
- Той өткен соң дағара, Жау кеткен соң дабыра.
- Тоқсанымыз жиылып, Тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жиылып, Серке жыққан батырмыз.
- Төленгіттен ер шықса, Төренің ұйқысы қашады.
- Туы бірдің – түбі бір, Жолы бірдің – жүгі бір.
- Түпкі айылдың батқанын Иесі білмес, ат білер. Ер жігіттің кәдірін Ағайын білмес, жат білер.
- Тымырсық болса, ер оңбас, Тоңта жатса, мал оңбас.
- Тізерлеп өмір сүргеннен Тіке тұрып өлген артық.
- Ұрыс болса, ырыс қашады.
- Үйренген жау атыспаққа жақсы.
- Үйіңе келгенде, Үйдей өкпеңді айтпа.
- Халық қазанын қайнаттым, Қолымның кәне қарасы?! Ел қазанын қайнаттым, Етімнің кәне жарасы?!
- Хас сұлуды қаралысында сынама, Хас батырды жаралысында сынама.
- Шеберді шебер қолынан таниды, Батырды батыр жонынан таниды.
- Шеру оты – шендес.
- Шоқпарды сала білмеген, Өзіне тигізер. Инені ұстай білмеген, Көзіне кіргізер.
- Шөлде суыңды сақта, Соғыста туыңды сақта.
- Шын сақыға жолықсаң, Су орнына бал берер. Шын батырға жолықсаң, Шындық үшін жан берер.
- Ылдисыз өр болмайды, Табыссыз ер болмайды.
- Ынтымақ – орман, Жау ала алмас – қорған.
- Ынтымақты ел – Сарқылмас көл.
- «Ырит шу» деген атанға демеу, «Әуп» деген ерге демеу.
- Ырысқа қарай, ер өсер, Қонысқа қарай, мал өсер.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ