Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ас-ауқат туралы мақал-мәтелдер

«Ас-ауқат» тақырыбындағы 279 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Дастарқанында наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ.
  2. Дастарханда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ.
  3. Дәм айдаса, қалмаспын, Адам айдаса, бармаспын.
  4. Дәм мен дидар ғанибет.
  5. Дәм тартпаса, барман, Ажал айдаса, қалман.
  6. Дәм татқан құдығыңа түкірме.
  7. Дәм татқан құдыққа түкірме.
  8. Дәметпеген астан құр қалады.
  9. Дәмін байқап татпаса, Пысқан аста шикі бар. Байқап сырын тартпаса, Адамда да түлкі бар.
  10. Дәнді шашпа, нанды баспа.
  11. Денім сау болсын десең, көп жемегін, Құрмет тұт, лепіріп көп сөйлемегін.
  12. Диқан еккенін жейді, Шаруа – баққанын.
  13. Диірмен өзі тас болса да, Жұртқа жейтін ас болары.
  14. Дос зынданда жатқанда керек, Дастарқан үстінде дұшпан да дос.
  15. Дос табылмас, Дос табылса, ас табылмас.
  16. Дос табылса, ас табылмайды, Ас табылса, дос табылмайды.
  17. Доспенен алыс-беріс қылма, Асты бірге іш.
  18. Доссыз адам, Тұзсыз тағам.
  19. Доссыз өмір – тұзсыз ас, Достық құлпын байқап аш.
  20. Достық астан танылмас, істен танылар.
  21. Досы жоқ басым, Тұзы жоқ асым.
  22. Досы көптің жаны семіреді, Асы көптің тәні семіреді.
  23. Досыңа ет турат, Дұшпаныңа шәй құйдыр.
  24. Досыңның асын дұспанша іш, Дұспаныңның асын досша іш.
  25. Досыңның асын дұшманыңдай іш.
  26. Досыңның асын дұшпаныңдай же!
  27. Досыңның асын, Қасыңдай іш.
  28. Дүниенің басы – сайран, Аяғы – айран.
  29. Екі жас, Екі жасқа желке менен жөргем де ас.
  30. Елде болса, ерінге тиеді.
  31. Еңкейген екі асайды, Еңсесі кеткен бір асайды.
  32. Ертеңгі асты өзің іш, Түскі асты түстенгішпен бөліп іш, Кешкі асты жиналып көбің іш.
  33. Есікте отырған, Төрде отырғаннан дәмелі.
  34. Ет жақсысы қарта-ды, Ол нәсіліне тартады.
  35. Еттің бәрі қазы болмас, Иттің бәрі тазы болмас.
  36. Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес.
  37. Жазғы күннің саясы – сапырулы қымыз, салқын үй.
  38. Жазым болса, быламыққа тіс сынар.
  39. Жайын құйрығын жеген – жатпас.
  40. Жақсы ас қалғанша, Жаман қарын жарылсын.
  41. Жалғыз биенің қымызы – Қарындаспен қағыстырар. Жалғыз түйенің қымыраны – Туғаныңмен табыстырар.
  42. Жалғыздығың ас ішкенде білінер, Жарлылығың ел көшкенде білінер.
  43. Жаман ауруға жақсы ас.
  44. Жаманнан жарты қасық ас қалар.
  45. Жандыда бәрі мешкей, Жансызда тері мәшкей.
  46. Жарты құрсақ пайда, Бүтін құрсақ қайда?!
  47. Жас қымыздың қызуы түске шейін, Желігі кешке шейін.
  48. Жатақты жатақ бозаға шақырады. Бозасы таусылса, көжеге шақырады.
  49. Жауын бар жерде Қақтың қадірі жоқ. Қауын бар жерде Ақтың қадірі жоқ.
  50. Жаяудың сыбағасын Атты жемес.
  51. Жеген – тоқ, ішкен – мәз.
  52. Жейтін ауызды Жемес ауыз байлайды.
  53. Жеп жарымаған, Ішіп жарымайды.
  54. Жоқты бар десең – құт болар, Барды жоқ десең – жұт болар.
  55. Жұмыры бардың – құмыры бар.
  56. Жұтаған жұртын мақтар, Жұғымсыз құртын мақтар.
  57. Жұтаған шүкірге тоймайды.
  58. Жылқының етін жесең, Тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді.
  59. Келеді екен деп көп қойдым, Келмеген соң жеп қойдым.
  60. Кенеуі кеткен қомағай келеді, Тамақ десе домалай береді.
  61. Кеспе көже күн батқанша, Бидай көже ел жатқанша, Тары көже таң атқанша.
  62. Кешкі асқа Күндік жерден қонақ келеді.
  63. Көже – қатығымен, Табақ – қасығымен.
  64. Көженің де кенеуі бар, Көбіктің де демеуі бар.
  65. Көженің көнеуі болса, Қымыздың қызуы бар.
  66. Көмбенің иесі екеу: Бірі – көрген, Бірі – көмген.
  67. Көңілсіз берген қымыздан Көңілді берген шай артық. Жапалап асқан жасықтан Жағып жеген май артық.
  68. Күйісің жаман болса, Тән азады; Көңілің жаман болса, Жан азады.
  69. Күн жазға айналды, Ет азға айналды.
  70. Күріш жеген арымас, Көрмек жеген жарымас.
  71. Күріштің мәнін май келтірер.
  72. Қағанағы жарылған, Уызын мақтайды. Торсығы жарылған, Қымызын мақтайды.
  73. Қазан асқа келмейді, Ас қазанға келеді.
  74. Қазан сапырғанның да буы бар.
  75. Қазансыз алтын ошақтан, Қара су қайнатқан мосым артық. Қаңыраған алтын ордадан Қара көжеге тоятын қосым артық.
  76. Қазаныңа не салсаң, Шөмішіңе сол ілінеді.
  77. Қамбасында дәні жоқтың, Дастарқанында наны жоқ.
  78. Қамыстың Шоғы болмас, Көк судың Тоғы болмас.
  79. Қарны ашқан қазанға қарар.
  80. Қарны ашқан Қараша үйге қабады.
  81. Қарны ашқанға Қара нан да май татыр. Шөлдегенге Қара су да бал татыр.
  82. Қарны ашқанға Қара талқан майдай көрінеді. Қатын зары өткенге Қара қатын айдай көрінеді.
  83. Қарның ашса қосқа бар, Қайғың асса досқа бар.
  84. Қарның ашса, қазан ас, Ет болмаса, сазан ас, Сазан тамақ емес пе, Сазанды жұрт жемес пе!?
  85. Қарның ашса, Қазаншының қасына отыр. Ерке сөйлеп, Етегін басып отыр.
  86. Қарын тойса, Қарта әлем сасиды.
  87. Қарынның құрышы – Қаптың бұрышы.
  88. Қас сараң өз тамағын Өзінен қызғанады.
  89. Қасық тары ботқа болмас, Ботқа болса да, жұртқа болмас.
  90. Қасықтап жинап, Шөміштеп төкпе.
  91. Қатықсыз асым – Қайғысыз басым.
  92. Қозы қарын майым бар, Көп сақтаған жайым бар.
  93. Қой еті – қоян еті.
  94. Қомағайдың сазасы Бір шұқым ет.
  95. Қонақ айтпай қонады, Қоңсы айтпай кіреді.
  96. Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
  97. Қоныс көркі – там, Дастарқан көркі – нан.
  98. Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің.
  99. Құлақтай ет жеп, Қырмандай сорпа іш.
  100. Құр аяққа бата жүрмес.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ