Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ас-ауқат туралы мақал-мәтелдер

«Ас-ауқат» тақырыбындағы 279 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Құр табаққа бата жүрмейді.
  2. Қыдырып жеген жамбастан, Шақырулы жеген жауыр артық.
  3. Қыдырып жеген жанбастан, Шақырулы жеген жауырын артық.
  4. Қыдырып ішкен көженің Кенеуі жоқ. Қыдырып айтқан биліктің Керегі жоқ.
  5. Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
  6. Қыз жігіттікі, Қымыз көптікі.
  7. Қызды кім айттырмайды, Қымызды кім ішпейді.
  8. Қымыз асын Қыдырып ішсе де ерсі емес.
  9. Қымызға құныққан қыдырып ішеді.
  10. Қымызы бар үйдің қызығы бар.
  11. Мешкей қазанның астына қарамай, Үстіне қарайды.
  12. Мың «сіз, бізден» Бір шыж-быж.
  13. Нан – асалы, Ана – адамның асалы.
  14. Нан – тамақтың атасы, Ынтымақ – көптің батасы.
  15. Нан астығын жинаймын, Елге астық сыйлаймын.
  16. Нан бар жерде ән бар.
  17. Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.
  18. Нармаяның шуаты – Нартүйенің қуаты.
  19. Отынды әйел шаптырар, Отты тамақ жақтырар, Жоқты «керек» таптырар.
  20. Ошақ басы, от қасы, Пісіп тұрған ботқасы.
  21. Өгіз қарын майыңды Өлгенде бастаймысың?! Көкек айы туған соң Итке тастаймысың?
  22. Өзі тоймағанның, Сарқытын жеме.
  23. Өзіне қарай, қосағы, Қазанына қарай, ошағы.
  24. Өкпе бер, бауыр бер, Сыбағамды тәуір бер.
  25. Өле жегенше, Ағайынмен бөле же.
  26. Өре табылса – шабақ, Талқан табылса – тамақ.
  27. Салулы ауыз Сақтағаныңды жейді.
  28. Сараңның асы, Сарқытқа жетпес.
  29. Сараңның тамағына тойғанша, Сақының қабағына той.
  30. Сарқытта сыпа да, шыпа да бар.
  31. Сары қазыны кертіп жеп, Сараңдар отыр жоқпыз деп.
  32. Сары қауынның қағын жеп, Сақылар отыр тоқпыз деп.
  33. Сарымсақты жедің бе, Сырқатқа ем дедің бе?!
  34. Сенде жазық жоқ, Менде азық жоқ.
  35. Сиырыңды сырттатпай: Сауып ішсең мың күндік, Сойып жесең бір күндік.
  36. Соғым басы – елдің асы, Наурыз асы – жердің асы.
  37. Сұрап бергенше, Соғып бер.
  38. Сүйекті алып берген Кісімнен көрейін бе? Оны мүжи алмаған Тісімнен көрейін бе?
  39. Сүлейе тойған сұмдық түс көрер.
  40. Сыйлап берсе, суын іш.
  41. Сыпайы сойғанына мәз, Тоғышар тойғанына мәз.
  42. Сырдың әр қамысының Түбінде бір кесек от жатады.
  43. Сіңбес астың бөгеуі жаман.
  44. Табағы таза қатынның, Тамағы да таза.
  45. Тамақ тоқ, Көйлек көк.
  46. Таңғы асты тастама.
  47. Тапқаным – тамағыма, Жұтқаным – жұмырыма.
  48. Тары түйіп көже асқан – Тапшылықтың белгісі, Кісен сап, ат байласқан Сақшылықтың белгісі.
  49. Тарысы бардың – тақаты бар, Құрт, майы бардың – рахаты бар. Қауыны бардың – сауыны бар, Тілігі бардың – тынымы бар.
  50. Тас әулие, Тастай жанды балқытатын ас әулие.
  51. Тас, Тасты жібітетін ас.
  52. Таспен атқанды аспен ат. Асты түскен кезінде жейді. Егінді піскен кезінде орады.
  53. Таспен ұрғанды аспен ұр.
  54. Тату үйдің тамағы тәтті.
  55. Татулардың талқаны таусылмас.
  56. Тауы жоқ болса, тасқа қорлық. Жеушісі жоқ болса, асқа қорлық.
  57. Тоймай ішкен асың құрсын, Қорлықпен жасаған жасың құрсын.
  58. Тоймай ішкен асың құрысын.
  59. Тоймай ішсең, Көршіңнің көңілін аулайсың. Тойып ішсең, Бұтаның түбін аулайсың.
  60. Тойсаң – тоба ғыл.
  61. Тоқ мейілді тойғызу оңай.
  62. Тоқты сойған тоқалдар, Шөміш алып қоқаңдар.
  63. Тоқшылықта жеген Тоқпан жілік, Ашаршылықта Көзіңнен бір-бір ұшады.
  64. Туған ай – тураған ет.
  65. Тұз астың дәмін келтіреді, Мақал сөздің дәмін келтіреді.
  66. Тұзсыз май татымсыз, Қантсыз шай татымсыз.
  67. Түскі асқа Түстік жерден қонақ келеді.
  68. Тістем нанның кәдірін Тарыққанда білерсің. Анық достың кәдірін Зарыққанда білерсің.
  69. Тісің тісіңе тимесе – ас, Аяғың жерге тимесе – ат.
  70. Үйінде асы жоқтың Көңілінің қошы жоқ.
  71. Үйінде асы жоқтың Түзінде досы жоқ.
  72. Үркер туса сорпа да ас. Сүйген құда, Сүрінен сақтар.
  73. Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.
  74. Шыбын жеп тауыспайды, Ауру егеді. Шымшық жеп тауыспайды, Шашып төгеді.
  75. Шірігенге шыбын үйір.
  76. Ішер астан жиренбе, Қарның одан да жаман.
  77. Ішілмеген ас умен тең, Кісі кірмеген үй – көрмен тең.
  78. Ішін пысса тұз жала.
  79. Ішіп тоймаған Жалап тоймайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ