Адам туралы мақал-мәтелдер
«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (7-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Құмсыз шөл, ұрысыз ел болмайды.
- Құр атқа мінгендей.
- Құр сүйекті ит те қаузамайды.
- Құс жаманы – саңғығыш, Адам жаманы – қаңғығыш.
- Құс жеткен жеріне қонады.
- Құстың қайдан екенін сұрама, сайрағанын сұра.
- Қыдырымпаз адамда – ұят болмайды, Кеуек адамда қуат болмайды, Жел мінез адамда мұрат болмайды.
- Қызба, қызуың басылғанда қызарарсың.
- Қызыл дүние – көздің құрты.
- Қылша мойным – талша.
- Қылыштың міндеті – кесу, Қолдың міндеті – шешу.
- Қыңыр адам топқа кірмес, Топқа кірсе түзу жүрмес.
- Қыран қартайса, жағалтайға жалтаңдайды.
- Қырыққа келген қырқылжың Қыл арқанға тайып құлады.
- Қырын алған қырқында таз болады.
- Қыста ызғар, жазда шаң тимеген.
- Қысылсаң, жүгіңді жөңге сал.
- Лұқпан мың жасаған.
- Мақтаған сиыр шелекке тышар.
- Мақтамақшы болсаң, сақиды мақта.
- Мақтаншақ өз дамбалын былғайды.
- Мал дара тартады, Адам қара тартады.
- Малы бардың назы бар.
- Мастық шалқығанда, ақыл тартылар.
- Махаббатсыз өмір тастақта өсіп қурап қалған ағашқа ұқсас.
- Мен де едім сендей, Сен де боларсың мендей.
- Мешкей деген жақсы атақ емес.
- Мешкей қусынып асайды.
- Мешкей семірмейді, ұры байымайды.
- Мойынға байланған кәрі жілік.
- Нақыл қайдан шығады, ой болмаса, Киіз қайдан шығады, қой болмаса.
- Науқастың беті бері қараса, Шақыртпай тәуіптің өзі келеді.
- Нәрсенің сыртына қызықпа, Асылы ішінде болар.
- Нәсілі жаман сиырдан өлі бұзау туады.
- Не аңсағанда аларсың, Не қақсағанда аларсың.
- Не жоқ болса, сол қат.
- Нілдей бұзылады.
- Озбыр олжа үшін өледі, Күншіл күндеумен өледі.
- Ойға қонған ой өлмейді.
- Ойлаған ойды, қыстаған тұрмыс аздырады.
- Ойланбай істеген іс опық жегізеді.
- Ойсыз өңмендеуін қоймас.
- Ойсызды би сайласаң, тәкаппар етесің.
- Ойы бөлектің жолы бөлек.
- Ойы шолақ адамның ісі олақ.
- Ойында өрелік жоқ, Ханда төрелік жоқ.
- Оқ қадалса, денеңнен суырарсың, Жүрегіңе кек қадалса, не қыларсың?
- Оқтың да жарасынан аман қалған, Қоңыздың шаққанына арандаған.
- Омыртқаны ұстап отырғанша, Қабырғаны қағып алып, тастай бер.
- Омыртқаңмен ойлас, Қабырғаңмен кеңес.
- Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жерде – соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.
- Оншадан мұнша жүріп.
- Оң қолың сол қолыңа арашашы болсын.
- Опақтан сопақ шығады.
- Опасыздан құзғын да жиренеді.
- Опасыздың өкіндіреді.
- Ораздының кәрісі Қартайғанда қазына болады. Шиырлының кәрісі Қартайғанда қазымыр болады.
- Орман – жер сәулеті.
- Орынсыз жылаған жас – шығын, Арамға берген ас – шығын.
- От жақпа – пісерсің, Ор қазба – түсерсің.
- Отыз ұлың болғанша, Осырақ шалың болсын.
- Өгіз терісі – талыс.
- Өгізді өрге айдағанның өмірі өксиді.
- Өгіздің құйрығы болғанша, Бұзаудың құлағы бол.
- Өз айғағы өзінде.
- Өз ақылың – өзіңе жол.
- Өз отына қан құйған, Кісі отына май құйған.
- Өз сүйгенің өзіңе, үрдей көрінер көзіңе.
- Өзгеге деген өседі, Өзіме деген өшеді.
- Өзі білмегеннің аузына қарама.
- Өзі жаман туған шешесінен көреді, Дау айта алмаған төрешіден көреді.
- Өзі жарымағаннан сарқыт дәметпе.
- Өзі жоқтың көзі жоқ.
- Өзі жығылған өкінбес.
- Өзі қара болса да, Бақ, дәулеті сай болса, Жер жарады қаңқылы.
- Өзі өрде, сөзі төрде.
- Өзі сұранғаннан сарқыт дәметпе.
- Өзі тоймағанның сарқытын ішпе.
- Өзі ұры біреуді ұры дейді, Өзі қара біреуді қара дейді.
- Өзім есек бола тұрып түйені жетектедім.
- Өзімдікі деген басын ұстайды.
- Өзің болғанша, Болғанның атын ертте, Болсаң, аударып тастап кетпе.
- Өзің диуанасың, Кімге пір боласың?
- Өзің жатық болсаң, Ішкенің қатық болар. Өзің қиық болсаң, Ішкенің сұйық болар.
- Өзіңдікі өзіңе оттай ыстық көзіңе.
- Өзіңнен бір жас үлкеннен ақыл сұра.
- Өкпелесең, көшке берген тайлағыңды қайтып ал.
- Өлгеннің жазасын көмген берсін.
- Өлдің, Мамай – қор болдың.
- Өледі деген пақырың өгіз мініп келіп тұр.
- Өлерменнің көзі жаман, Өзеурегеннің сөзі жаман.
- Өлі – тірінің азығы.
- Өлім – тіршіліктің елесі.
- Өлім – ұзақ жолдың алысы.
- Өлім жөнінде көп айтса, Тірінің берекесі қашады.
- Өліспей беріспейді.
- Өмір өзіңдікі, өлім өзгенікі.
- Өнерпаздың қолы игі, Ұлы адамның жолы игі.
- Өрең жетпесе, асылма, Сөзің өтпесе, бас ұрма.
- Өрлеген балық ауға жолығар, Өркөкірек жігіт, дауға жолығар.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ