Адам туралы мақал-мәтелдер
«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (9-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Талағы тарс айырылды.
- Талансыз адам – табансыз, Алымсыз адам – шалымсыз.
- Талтаңдасаң талтаңда, Ақшаң болса қалтаңда.
- Тана желіндегенді білмейді, Бұзаулағанды біледі.
- Тар киім тозғақ.
- Таразы тура сөйлейді.
- Таразыдан жеген бақа болады.
- Тартып үзген – шабанның ісі, Өткізіп қуған – жаманның ісі.
- Тас қадақ болғанмен, тамақ болмайды.
- Тасқа тісі өтпеген жалайды.
- Тастаған шоқпар сорлыға тиер.
- Тастай батып, судай сіңді.
- Тасты тас қозғайды.
- Татқан да бір, тойған да бір.
- Тауда туған баланың екі көзі таста. Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста.
- Таудан арқасы бардың, Тастан жүрегі бар.
- Таутекенің тауға шықпаса, тұяғы қышиды.
- Тауық құсқа ұшу жоқ, Там үйлерге көшу жоқ.
- Тауықты тойындыра алмайсың, Қызды киіндіре алмайсың.
- Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең.
- Тәуекелдің көңілі тоқ.
- Тәуекелдің нары күшті.
- Тезекті түртпе, иісі шығады.
- Телегейге тел жаңғырық, Ұшқан құсқа жел жаңғырық.
- Темірдің бір басы ыссы, бір басы суық.
- Тентектен тез хабар.
- Тигенге тиіп, Тимегенге сідігін шашады.
- Тозбас соғылмайды, Өлмес жаралмайды.
- Той тондыға жарасады, Ас аттыға жарасады.
- Тойда тоныңды сұрама.
- Тойсам торғайдай тамағым жоқ.
- Тоқ адамды ұйқы басады, Аш адамнан ұйқы қашады.
- Тоқтықта жараспаған Аштықта қараспайды.
- Тоңған тонын мақтайды, Адасқан жолын мақтайды.
- Төбе би төрде өледі, Ит ошақтың басында өледі.
- Төбелес «боқ жемеден» басталады.
- Төбелестен кейін жұдырық сермемейді.
- Төлерде төредей бол.
- Төрден орын тисе, төредей орнық.
- Төреге ерген ерін арқалайды.
- Төренің иті төрде үреді.
- Төренің тілі тәтті, діні қатты.
- Төсектің тарлығы – тарлық, Көңілдің тарлығы – қорлық.
- Тұлпардан жабы озады, Тұлпар мамада тұрып бұтын созады.
- Тұлпардан тұяқ қалар, Сұңқардан қияқ қалар.
- Тұр, тұрдан хабар келсе, Ұйқыдан маза кетеді.
- Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
- Түйе бауырынан тоңады.
- Түйе терісі есекке жүк.
- Түйе ұрлаған да ұры, Түйме ұрлаған да ұры.
- Түйеге жантақ керек болса, мойнын созар.
- Түйені көпір астына жасыра алмайсың.
- Түйенің басы тегешке сыймас.
- Түйенің бурасы жақсы. Сөздің турасы жақсы.
- Түйесі өлген жұртта қалады, Баласы өлген жұртқа ереді.
- Түйесін қу бас десең – иесіне тиеді.
- Түйесіне қарай жазысы, Биесіне қарай қазысы.
- Түймедейді түйедей етеді.
- Түкіргеннің де түбі бар.
- Түн болма, күн бол.
- Түсі игіден түңілме.
- Тырна көкте, тұяқ жерде.
- Тырнадан бастық қойсаң, Басыңнан қиқу кетпес.
- Тілде бар да, істе жоқ.
- Тілеушінің бір беті қара, Бермеушінің екі беті қара.
- Тінтінген – тілегіне жетеді.
- Тірі адамның ісі – үміт.
- Тіріге – сәлем, өліге – бата.
- Тіріде жанға тыным жоқ.
- Тіріде жылы қарамас, Өлгенде жоқтап жыламас.
- Тіс шұқыр қылтанағы жоқ.
- У ішсең де уытын тауып іш.
- Ұн сатқанда желдетеді, Тұз сатқанда селдетеді.
- Ұрлаған – бір кісі, Ұрлатушы – мың кісі.
- Ұрлығыңа көнсем де, қорлығыңа көнбеймін.
- Ұрлық түбі – қорлық.
- Ұрлықтың соңы қоңыраулы.
- Ұры – бір түнде бай, бір түнде кедей.
- Ұры – қарының серігі.
- Ұры басқаның малын жейді, Өзінің арын жейді.
- Ұры ит тойса да, тіміскілеуін қоймайды.
- Ұры қасын жейді, Саудагер досын жейді.
- Ұры қосыларда ауыз жаласады, Айырыларда итше таласады.
- Ұры өз малын жейді.
- Ұры өле-өлгенше ақпын дейді.
- Ұры ұрлығын қойса да, Ұры аты қалмайды.
- Ұрылық – жұқпалы дерт.
- Ұрының арты қуыс.
- Ұрының қатыны өзіне лайық.
- Ұрының өзіне лайық сойылы бар, Қарттың сөзіне лайық орны бар.
- Ұрының үйі көп, Бірінен алады, біріне береді.
- Ұстаған жерде қолы, Тістеген жерде тісі қалады.
- Ұстаз алдында тілің тый, Ұста алдында қолың тый.
- Ұялғаннан кісі өлмес, Асыққанның ісі өнбес.
- Ұяттан кісі өлмейді, Бетте сызы қалады.
- Үлкен десең, түйеге жүгін, Сақалды десең, текеге жүгін. Ақыл іздесең, адамға жүгін.
- Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.
- Үлкенді сен сыйласаң, Кіші сені сыйлайды. Кіші сені сыйласа Кісі сені сыйлайды.
- Үміттінің өз дәулеті өзінде.
- Үркер – жұлдыздардың ағасы.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ