Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам туралы мақал-мәтелдер

«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (6-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Кілемге бергісіз алаша бар, Ханға бергісіз қараша бар.
  2. Кімнің жерін жерленсең, Соның жырын жырларсың.
  3. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы.
  4. Кіреріңде шығарыңды да ойла.
  5. Кісі арасында кісі бол, Үлкені болма, кіші бол. Қызмет қылсаң жорғалап, Маңдайдан терің сорғалап, Азаматтың ісі бұл.
  6. Кісі аты тершіл, Кісі киімі кіршіл.
  7. Кісі қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас.
  8. Кісіде ақың кетсе де, хақың кетпесін.
  9. Кісідегінің кілті аспанда.
  10. Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды.
  11. Кісінің шырайына қарама, Райына қара.
  12. Кішкентай кісі де керемет түстер көреді.
  13. Кішіні алдап үйренген, Үлкенге де ауыз салады.
  14. Қадірлі кісі қартаймайды.
  15. Қадіріңді білгің келсе, Көршіңнен қарыз сұра.
  16. Қадіріңді білмегенге қадіріңді кетірме.
  17. Қажы бардағы күн қайда?
  18. Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.
  19. Қазаны басқаның қайғысы басқа.
  20. Қазыға тойсаң, қарта әлем сасиды.
  21. Қайғы басқан кісіге Мамық төсек таспен тең. Қайғысы жоқ кісіге Екі аяғы атпен тең.
  22. Қайғы қан аздырады, Мылжың ми тоздырады.
  23. Қайғылының қайғысын, Қабағынан білерсің. Жарлы мен бай кісіні, Тамағынан білерсің.
  24. Қайғысыз адам болмайды, Қапысыз қадам болмайды.
  25. Қайқайып тұру терекке жарасар.
  26. Қайратың жетпесе, амалына бақ.
  27. Қайталаған дерт жаман, Қайта бұзылған серт жаман.
  28. Қайыр сұрап, зекет береді.
  29. Қайырсыз адам – сараң, Құм ішінде шөлмен тең. Қайыры мол адам – Суаты шалқар көлмен тең.
  30. Қайырсыз адам болмаса да, Қайғысыз адам болмас.
  31. Қайырымды адамды Халық қадірлейді. Қайырымсыз наданды Қайдан жаратты тәңір дейді?!
  32. Қаланған қыш құламас, Қайырымды адам жыламас.
  33. Қалған көңіл – шыққан жан.
  34. Қалған көңілдің мұзы кетсе де, сызы кетпес.
  35. Қалжырағаннан былжыраған жаман.
  36. Қалпақтың қапысы жоқ, Киетін басты айт.
  37. Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.
  38. Қанша білгіш десе де, Адам сүймес малсызды.
  39. Қаңғыбас, .. Қаңғыбас адам мандымас.
  40. Қара арғымақ арыса, Қарға адым жер мұң болар.
  41. Қара жерді жамандама – қайтып сонда барарсың.
  42. Қара көзден нұр кетсе, Жарық күнің түн болар.
  43. Қара қайыспен соққан түйенің дағы кетпес.
  44. Қара май шелек тазармас, Жаман кісі түзелмес.
  45. Қара шаштың ақтығы – бір өлімнің хақтығы.
  46. Қарау бай жаназасына жинайды.
  47. Қарау байдан қарыз сұраған күні ажырасасың.
  48. Қараша ханға жыласа, Хан ханымға жылайды.
  49. Қарны ашқан қараша үйге шабады.
  50. Қарт адамның қайраты тілінде қалады.
  51. Қарт қойнында қалаш бар.
  52. Қартайған түйе кетеген келеді.
  53. Қартайғанда кәрі боз жорға шығады.
  54. Қары ауырмағанның басы ауырмайды.
  55. Қарыз күліп кіріп, жылап шығады.
  56. Қарызың болса, малым бар деме.
  57. Қас екенін қабағынан таны, Сараң екенін табағынан таны.
  58. Қас сараң өз тамағын өзінен тығады.
  59. Қасқыр қарызын терісімен өтейді.
  60. Қасқыр ішігі бар кісі, Жолдасының тоңғанын білмес.
  61. Қастағы сызу көзді алдайды.
  62. Қатты жауған күн тез ашылады, Қатты ашуланған кісі тез басылады.
  63. Қатынның қары күлегеш, Еркектің қоры күлегеш.
  64. Қауызында дәні жоқ, Сабан мінезді адам болады. Қорсылдаса көңілі тоқ Қабан мінезді адам болады.
  65. Қаһарлы қамал бұзады.
  66. Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» десе не жорық.
  67. Қиналып сұрағанға берсең, Өзіңді сыйлағаның.
  68. Қисық ағаш қиыспайды, Қыңыр кісі сыйыспайды.
  69. Қисық ағаштың түбінде жатпа, Қыңыр адамның үйінде жатпа.
  70. Қисық болса да, жол жақсы, Долы болса да, қыз жақсы. Саз болса да, жаз жақсы, Соқыр болса да, қыз жақсы.
  71. Қисық істің қырық жылдан кейін де қиығы шығар.
  72. Қозысы өлген саулыққа Қой теліген барлықта.
  73. Қой алты күн аштыққа шыдайды.
  74. Қой асығы демеңіз, Қолыңа жақса, сақа тұт.
  75. Қолағаш болса да, қолға тоқ болсын.
  76. Қолдағының құны жоқ.
  77. Қолы ашықтың жолы ашық.
  78. Қолы ұзын сүйгенін алар, Қолы қысқа тигенін алар.
  79. Қолында жоқ жомарт.
  80. Қолың көтермес шоқпарды беліңе қыстырма.
  81. Қомағайдың сыбағасы – бір асам май.
  82. Қонақ көже қол жуғанша, Кеспе көже күн батқанша. Тары көже таң атқанша, Бидай көже ел жатқанша.
  83. Қорқақ күнде өледі, Жолдастары күнде көмеді.
  84. Қостың кішісі болғанша, Иттің күшігі бол.
  85. Қотыр теке қора былғар.
  86. Қу бастан қуырдақтық ет алған.
  87. Қуды мініп, құланды құрықтаған.
  88. Қулығы көген (басынан) аспайды.
  89. Қураған терек құлап тынады.
  90. Құдайдың сақалын сипағандай.
  91. Құдығына қарай қауғасы, Базарына қарай саудасы.
  92. Құзғын ас таңдамайды.
  93. Құлақ естігенді көз көрер.
  94. Құлаққа – құлақ, тұяққа – тұяқ.
  95. Құлақпен естігенді көзбен көрген артық, Көзбен көргенді бастан кешкен артық.
  96. Құлан қайда семірсе, Сол жерге түгін төгеді.
  97. Құлан семірген жеріне жынын шашады.
  98. Құлға да бір билік.
  99. Құлшар өссе, қожаның құлы.
  100. Құлықсыздың қырық желеуі бар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ