Адам туралы мақал-мәтелдер
«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Итке артқан қос далада қалады.
- Итке сүйек тастасаң қаппайды.
- Итпен құда болсаң, боқпен той жасарсың.
- Иттен бір сүйек қарыздар.
- Иттің жатқан жері – төсегі.
- Иттің ұяты болса, Іш киім киер еді.
- Кәрі білгенді пері білмейді.
- Кәрі қыз ер таңдамайды, Өлген кісі жер таңдамайды.
- Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
- Кәрісі жоқтың жасы дуана.
- Кебін киген келмейді, Кебенек киген келеді.
- Кебіс ұрлаған – бір кісі, Күмәнді болар мың кісі.
- Кедейге көтере алмастай бас береді.
- Кедейге қарыз бер де, амандығын тіле.
- Кедейде лебіз болмас.
- Кедейді «бәрекелді» жұтатады.
- Кедейдікі көзеде.
- Кедейдің аузы асқа тисе, тісі тасқа тиеді.
- Кедейдің бір есігі ашық, бір есігі жабық.
- Кедейдің кәрінен сақтан.
- Кедейдің кеңесі бітпейді.
- Кедейдің күні кіжінумен өтеді.
- Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
- Кедейліктен кісі өлмейді, Қиналады жан шіркін.
- Келбеті келгеннен Кеңес сұра.
- Келгеніңе сүйінбеген кеткеніңе күйінбейді.
- Келсем өз аяғым, кетсем өз аяғым.
- Келіннің тойына, Кемпірдің өлімі қатар келді.
- Кемедегі хан болды, Біз нөкер болдық. Тағдыр солай болды, Біз су төгер болдық.
- Кең жерде тар отырсаң, Тар жерде кең отырасың.
- Кең пейілге ас көп, менменге тас көп.
- Кеңге кең дүние, Тарға тар дүние.
- Кептер болып тусаң, қарға болып өлме.
- Керекке – терек.
- Кері кеткеннің сақалы кеңірдегіне бітеді.
- Кестешінің бізі – алтын, Кемеңгердің сөзі – алтын, Көрегеннің көзі – алтын.
- Кеудеден көкірек жақын.
- Кеудесі басқаның жаны басқа.
- Киіз кімдікі болса, білек сонікі, Ауыз кімдікі болса, сөз сонікі.
- Көз – қорқақ, қол – батыл.
- Көз көргенді ой таниды.
- Көз көрмей, көңіл сенбес.
- Көз көрмей, көңіл толмас.
- Көз қайда түссе, көңіл сонда.
- Көз мыңды көрер, Көңіл бірді сүйер.
- Көктегі жұлдыз жиылса, Бірден туған Айдай жоқ. Өңкей жарлы жиылса, Жалғыз үйлі байдай жоқ.
- Көкірегі – кең сарай.
- Көкірегі жел адам – өр кеуде, Көкірегі көр адам – жай пенде.
- Көлгірдің көзі жасты.
- Көңіл – қазы, көз – таразы.
- Көңіл жүйрік пе, Көк дөнен жүйрік пе?
- Көңіл көгіне үйіріледі.
- Көңіл көзі көргенді Маңдай көзі көрмейді.
- Көңіл кімді қаласа, сол сұлу.
- Көңіл қартаймас, көз қартаяр.
- Көңілі көкте, басы жерде.
- Көңілі пасық ерде дәулет болмас.
- Көңілі сұлудың өңі сұлу.
- Көңілің қалған адамның Көлеңкесі де сүйкімсіз.
- Көп асқанға бір апат, Кесірліге бір кірапат.
- Көп жасап күміс болғанша, Аз жасап алтын бол.
- Көп күлкісі Күннен де жылы.
- Көп қаласа, көк тоқтыңды сойып бер.
- Көп ойлаған табар, Көп үрлеген жағар.
- Көп іздеген адам, Көмбенің үстінен шығар.
- Көпті көрген дана болады, Қартайып кетсе, бала болады.
- Көрген сайын «сіз» десіп, Сыйласқанға не жетсін. Шашылғанды бірлесіп, Жинасқанға не жетсін.
- Көрнекті іс көмілмейді.
- Көрпеңе қарай көсіл.
- Көрікті әйелдің күйеуі көзсіз.
- Көрінгенге көз түрткі – Қордың қоры.
- Көсеумен түрткеннің кегі бітпес.
- Көтере алмаған, Қосып арқалайды.
- Көшпей, қонбай қараша қатынын жоғалтты.
- Куәсі бар сөздің дауасы бар.
- Куәсіз істі күмән табады.
- Күйерің де, сүйерің де – от.
- Күйесіз қазан жоқ, Қайғысыз адам жоқ.
- Күйікті күлкі сүймейді.
- Күлегештің тісі алтын.
- Күлшелі бала – сүйкімді.
- Күміс азса, күл болады.
- Күн жауғанда қойнында, Күн ашықта мойнында.
- Күндес күнде өш.
- Күндес қатын күнде ауру, Қала берді түнде ауру.
- Күндесті болғанша, күнің басқа болсын.
- Күндестің көрген күні құрысын.
- Күндестің күлі де күндес.
- Күннің бәрі жаз емес, Көңілдің бәрі наз емес.
- Күннің жаманы кетер, Адамның жаманы кетпес.
- Күншіл адам – міншіл.
- Күншіл адам күні бойы ренжиді.
- Күншілге өлімнен өзге ем жоқ.
- Күніне жүз түлкі алса да, Тазының ит аты қалмайды.
- Күң көтінде күміс жылтырайды, Оны бәйбіше сұрайды.
- Күркіреуі бар да, жауары жоқ.
- Күшті есіктен кірсе, Төре түндіктен шығады.
- Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.
- Күштінің қолы ұзын.
- Күшігі жоқ ит жүгірмес.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ