Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам туралы мақал-мәтелдер

«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (8-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Өткеннің жақсылығы – тағылым, Жаманы – сабақ.
  2. Өткеннің үлгілі сөзін жатта, Көңіліңе ой салады әр уақытта.
  3. Өтпес жарлық – байға қорлық.
  4. Өтірік айтып жылағанша, Шыныңды айтып жалың.
  5. Өтірік айтып қарабет болғанша, шынды айтып жара бет бол.
  6. Өтірік айтып пайда тапсаң, Ақырында залал табарсың. Рас айтып залал тапсаң, Ақырында пайда табарсың.
  7. Өтірік деген дұшпан бар, Отқа сүйреп салатын.
  8. Өтірік өрге баспайды.
  9. Өтірік шындықтың қасына түнейді.
  10. Өтіріктің адымы қысқа.
  11. Өтіріктің алды – мұз, арты – ор.
  12. Өтіріктің балын жалап тірі жүргеннен, Шындықтың уын ішіп өлген артық.
  13. Өтіріктің құйрығы бір тұтам.
  14. Өтіріктің шиесін шындық шешеді.
  15. Өтірікші айғақ қойып сөйлейді.
  16. Өтірікші алдымен өзін алдар.
  17. Өтірікшінің сөзі өрге баспас.
  18. Патша бере алмаған ақылды ойшыл берер.
  19. Патшаның қолтығы кең, құйрығы ұзын.
  20. Пәле қуған пәлеге жолығады, Жала қуған жалаға жолығады.
  21. Пәрменсіз адам болса да, Армансыз адам болмайды.
  22. Пейілі кедей байдан сақтан.
  23. Пейілі кең кемімес, Пейілі тар кеңімес.
  24. Рахат іздесең, бейнетінен қорықпа, Қуаныш іздесең, қайғысынан қорықпа.
  25. Сабасына қарай піспегі, Мұртына қарай іскегі.
  26. Сабы алтын болса да, Көсеудің көсеу аты қалмайды.
  27. Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа.
  28. Сабырлы ойлаған саспай жауап береді.
  29. Сай сайға құяды, Шұқанаққа дәнеңе жоқ.
  30. Сақылардан сұлтан ал, Құтпан жалдан ұлтан ал, Пат құндыздан ұлпан ал.
  31. Сақының сақылығын Сараңды көрсең білерсің. Адалдың адалдығын Арамды көрсең білерсің.
  32. Сан тимеске сан тиді, Шен тимеске шен тиді.
  33. Саналы адам Сағыңды сындырмас. Санасыз адам Жаныңды тындырмас.
  34. Сараң – малдың құлы.
  35. Сараң асын бермейді, көзінің жасын береді.
  36. Сараң бай союға қозы таппай, Жарлының жалғыз тоқтысын сұрапты.
  37. Сараң байлығына жүкші ғана.
  38. Сараң соқырдың өз бидайын өзіне қуырып береді.
  39. Сараңға мал қайғы, Сардарға жан қайғы.
  40. Сараңнан сарқыт жегенше, иттен тартып же.
  41. Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.
  42. Сараңның жиған малы арам.
  43. Сараңның қолы қалтырауық.
  44. Сасқанда аузың табылмас.
  45. Сауға сұраймын деп дауға қалыпты.
  46. Саудагер ажарын сатады, Сұрамсақ назарын сатады.
  47. Саудагер алдымен досын алдайды, Өзгелерін сосын алдайды.
  48. Саудагер құнықса, Сақалын күзеп сатады.
  49. Саудагер сақалды қолдан береді.
  50. Саудагерде дос болмас.
  51. Саулықтың жасы үлкен, Ісектің басы үлкен.
  52. Сексенде сегіз байлық, сегіз жарлылық.
  53. Сиыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді.
  54. Сойыл күшін басқа түскен біледі.
  55. Сойылды соға білмеген езіне тигізер.
  56. Соқырға таяқ ұстатқандай.
  57. Соқырдан қарауыл қойсаң, Елді жауға алдырар. Наданнан би қойсаң, Елді дауға қалдырар.
  58. Сом алтынды басып отыру үшін де көтен керек.
  59. Сорлыға сойылдың жуан басы тиер.
  60. Сорлыға соққы бұрын тиер.
  61. Сөз бергеннің сөзіне ерсең, Басыңа бейнет болады. Бөз бергеннің бөзін алсаң, Үстіңе көйлек болады.
  62. Сөзге батыр, іске пақыр.
  63. Сөйлей-сөйлей шешен, Көре-көре көсем боласың.
  64. Су да ылдиға ағады, Кішіпейілділік адамға жағады.
  65. Суық бауыр баладан суыртпақ жіп күтпе.
  66. Сұқ семірмес, ұры байымас.
  67. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.
  68. Сұраған адам – қайыршы, Ұрлаған адам – қарашы.
  69. Сұрағаннан берген артық.
  70. Сұрап алған сыйлықтың қадірі жоқ.
  71. Сұратып бергенше, ұрып бер.
  72. Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.
  73. Сүйіктінің көзі сыршыл.
  74. Сүтсіз қой маңырауық.
  75. Сыйлай берсең, сараң да мырза болады.
  76. Сыйлық қымбат емес, Сүю қымбат.
  77. Сыланайын десем, байдан қорқам, Сыланбайын десем, тоқалдан қорқам.
  78. Сылдыры бар да, салмағы жоқ.
  79. Сын түзелмей, мін түзелмейді.
  80. Сыпайы сырын білдірмес.
  81. Сыпайы сырын жасырмас, Пұшық мұрнын жасырмас.
  82. Сыпайы сырын сақтар, Әдепті арын сақтар.
  83. Сыпайы тоңбай қалтырайды.
  84. Сыпайы тоңбас, қалтырар.
  85. Сыпайы, киімді киіп тоздырады, Сараң, киімді жиып тоздырады.
  86. Сыпайылық жоқ жерде, Сыйласу да жоқ.
  87. Сыпырғышың жаман болса, шаңға өкпелеме.
  88. Сыр – шымылдық, шындық – айна.
  89. Сыр айтқанға сенбе, Шын айтқанға сен.
  90. Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.
  91. Сырт көз – сыншы.
  92. Сырты жалтырауықтың Іші қалтырауық.
  93. Сыртың сайлы болғанша, Ішің майлы болсын.
  94. Сырын білмеген адамға Сырыңды айтпа. Қасақы қу жаманға Шыныңды айтпа.
  95. Табы бірдің – тәңірі бір.
  96. Таз – әңгі, соқыр – қиық, Бұйықта бар аз қиық.
  97. Тақиялы бас талайды көреді.
  98. Тақиям жаман болса да, Таяғым жақсы.
  99. Тақыр кедейдің ұйқысы тыныш.
  100. Тақырбастан тарақ сұрама.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ