Адам туралы мақал-мәтелдер
«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Жақсыны сыйласаң, есіңнен кетпейді, Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.
- Жақсының басына іс түссе, Ашынар да, ашылар. Жаманның басына іс түссе, Бір тулар да, басылар.
- Жақсының жауы көп, Жаманның дауы көп.
- Жақсының жолы жарық күн, Жаманның жолы көмескі.
- Жақсының жүрген жері – абат.
- Жақсының жүрген жері базар, Жаманның жүрген жері азар.
- Жақсының қайрағаны өтер, Жаманның жанығаны өтер.
- Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
- Жақсының сыры кетсе де, Сыны кетпейді.
- Жақсысы болса, қостай бер, Жаманы болса, тастай бер.
- Жалаң аяқ жан кешті.
- Жалаңаш кісіні ұры тонамайды.
- Жалғыздың шығар-шықпас жаны бар, Екеудің ер мінер аттай жалы бар.
- Жаман адам кетсе, Дүние кеңіп қалғандай болады. Жақсы адам кетсе, Дүние кеміп қалғандай болады.
- Жаман адам Құлқынның қара қабы. Жақсы адам Адалдықтың алтын тағы.
- Жаман адамға жақсы құрмет жараспас.
- Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас.
- Жаман би дауда алдырады.
- Жаман итті еркелетсең, Аузыңды жалар. Жаман адамды еркелетсең, Жаныңды алар.
- Жаман көрші көңіліңді қалдырар, Жақсы көрші жұлдызыңды жандырар.
- Жаман өкпелеймін деп Сыбағасынан құр қалады.
- Жаман сай тасыса, өткел бермес, Жаман байыса, сусын бермес.
- Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді.
- Жаманға еткен жақсылығың Жатқа кеткен малмен тең. Адамға қылған жақсылығың Арнап бір берген нармен тең.
- Жаманға мал бітсе, Жақынын танымас.
- Жамандық жақын, жақсылық алыс.
- Жамандықты ұмыт, Жақсылыққа ұмтыл.
- Жаманнан да жаман бар.
- Жаманнан жарты аяқ ас қалады.
- Жаманның әлі жапалаққа жетеді.
- Жаманның жақсысы өлсе, Адам бармайды, Жақсының жаманы өлсе, Бармаған адам қалмайды.
- Жаманның жақыны жоқ, Жақсының алысы жоқ.
- Жаманның көңілін ауласаң да, дауын даулама.
- Жаманның қолына бергенше, Жақсының жолына бер.
- Жаманның тілі ащы, Көк мияның гүлі ащы.
- Жан жұтамай мал жұтамайды.
- Жандыда балық үлкен, Жансызда қамыс үлкен.
- Жаным десе, жан семірер.
- Жаңа байдан қалтаң қалмайды, Ескі байдан талтаң қалмайды.
- Жаңадан байыған жақынын танымас.
- Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.
- Жарау кісі байқап сөйлейді, Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.
- Жарлы кісі бай болса, Көтін қоюға жер таппайды. Бай кісі жарлы болса, Бетін қоюға жер таппайды.
- Жарлы мен жалғыздың сөзі жалған.
- Жарлылық сені қайтейін, Жандай досты жат еттің. Кәрілік сені қайтейін, Сөйлер сөзге мерт еттің.
- Жарлының байға тоқтылы қой ақысы кетіпті.
- Жартаста шөп болмайды, Айнатазда шаш болмайды.
- Жастықта да кәрілік тұр, Байлықта да жарлылық тұр.
- Жастықта жалыны жоқтың, Қартайғанда тәлімі жоқ.
- Жасыратын несі бар, Жанұзақ би өліпті.
- Жауырды жаба тоқиды.
- Жеген ауыз жесін.
- Жейтін ауызды жемейтін ауыз бөгейді.
- Жексұрынды көрсе ел, Жүрсе жер тітіркенеді.
- Желауыз адамға, сыр айтпа, Жебір ауыз адамға, мұң айтпа.
- Желі тұрған оңынан. Жеті өзеннен өтеді, Жеті таудан өтеді, Арманына жетеді.
- Жер бауыры – жазық.
- Жерік талғамайды, Ғашық алдамайды.
- Жерік таңдамайды, Ашық алдамайды.
- Жетесізге айтқан сөз Желмен бірге кетеді.
- Жоқ табылмайды емес, Іздеуі жетіспейді; Адам бермейді емес, Сұрауы жетіспейді.
- Жоқты жоқ табады.
- Жоқтық ұят емес, Тоқтық мұрат емес.
- Жоқшылық – жігіттің Қолын байлар, Тәкаппарлық – жігіттің Жолын байлар.
- Жол білмеген адастырады, Жөн білмеген шатастырады.
- Жомарттың бергенін көріп, Сараңның іші күйеді.
- Жона бергеннің жұқарар кезі, Соза бергеннің үзілер кезі.
- Жорға жолында тоқтар, Жақсы жөнінде тоқтар.
- Жөңді салсаң, нарға сал, Жөң қорқытар жампозды.
- Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер.
- Жұмса жұмырығында, ашса алақанында.
- Жұпарды жасыра алмайсың.
- Жұпыны – жұғымды, Сыпайы – сүйкімді.
- Жұтаған жұртын мақтайды.
- Жұтқан жұтамас.
- Жүйрік бестіден шығар, Кеңес келістіден шығар.
- Жүйрік шабан болады, Мойнынан жал кетсе. Жақсы жаман болады, Қолынан мал кетсе.
- Жүні жығылғанның – Күні жығылған.
- Жүрегіңнің жұмбағын Жүзің шешіп береді, Жүзің шешіп бермесе, Сөзің шешіп береді.
- Жығылғанға – жұдырық.
- Жығылғанды жер көтереді.
- Жыламаған балаға емшек бермейді.
- Жылан жалағандай.
- Жыланның тілі айыр, Жылан мінезді адамның сөзі айыр.
- Жылы орныңды суытпа.
- Жігіт – арының құлы, Жаман – малының құлы.
- Жігіттің құны – жүз жылқы, Ары – мың жылқы.
- Заман қамын ойлаған Саналықтың белгісі. Адам қамын ойлаған – Даналықтың белгісі.
- Зорлықтың түбі – қорлық.
- Игіліктің ерте, кеші жоқ.
- Иесі келсе, биесін бер.
- Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
- Ит – опа, қатын – жапа.
- Ит басына іркіт төгілген.
- Ит жатқан жерде сүйек қалмас.
- Ит иттігін істемей қоймайды.
- Ит кемірген асықтай.
- Ит көтінен ине суырған.
- Ит міндетін үрумен өтейді.
- Ит тойған жеріне.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ