Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жол, сапар туралы мақал-мәтелдер

«Жол, сапар» тақырыбындағы 138 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Жолаушыны жол сынайды.
  2. Жолаушыны сусындатпай тұрып, Бұйымтайын сұрама. Алыс сапар, Алғашқы адымнан басталады.
  3. Жолаушының ақысы – жүрсе өнеді.
  4. Жолға шыққан жолаушы Жол амалын сұрайды. Артта қалған ауылда Ел аманын сұрайды.
  5. Жолға шықсаң жолдасыңның Жүгі болма, жұбы бол.
  6. Жолда жатқан жантақты алып таста, Жолаушыға кірмесін сенен басқа.
  7. Жолда жүрген май ішер, Үйде қалған қан ішер.
  8. Жолдас, Жолдассыз жолың болмас.
  9. Жолдас, Жолдасына жамандық қылған оңбас.
  10. Жолдасты жол айырады. Жолға шықпас бұрын, Жолдасыңды сайла. Үй салмас бұрын, Көршіңді ойла.
  11. Жолдастының жолы кең.
  12. Жолдасы жақсы – жолды болар, Жолдасы жаман – қолды болар.
  13. Жолдасы жоқ жігіттің – Олжасы жоқ.
  14. Жолдасы көбейсе – жол кеңейеді.
  15. Жолдасы көптің – Жорғасы көп.
  16. Жолдасын таппаған ер азады, Қордасын таппаған жер азады.
  17. Жолдасың бұзық болса, Сенің түзіктігің қайсы?
  18. Жолдасың жақсы болса, Жолым ұзын деме, Жолдасың жаман болса, Қолым ұзын деме.
  19. Жолдасың жаман болса, Көңілің азар. Жолдасың жақсы болса, Күнде базар.
  20. Жолдасың темірші болса, Өзің көмірші болғаның құп.
  21. Жолы болар жігіттің Жөнге басар бәр ісі. Жолы болмас жігіттің Ілік іздер әр ісі.
  22. Жолың болмайын десе Алдыңнан өр кездеседі. Атың құлап, Арылмас сор кездеседі.
  23. Жұлдызы жанған жігіттің Жүрсе, жолы болады. Жарқырап оты үміттің Желі оңынан тұрады.
  24. Жұмысқа жұғымы жоқтың Жолдасқа жылымы жоқ.
  25. Жүрместен бұрын, Жолыңды байқа, Киместен бұрын, Тоныңды байқа.
  26. Көз көргенді көңіл тілейді.
  27. Көзі соқырға жолдас болсаң да, Көңілі соқырға жолдас болма.
  28. Қабаған ит келер ырысты қайырар, Қарау қатын жолдасыңнан айырар. Жорға мінген, Жортақы мінгенмен жолдас емес.
  29. Қажымалы мың жолдас, Жаныңда жолдас жоқпен тең. Жанын қиған бір жолдас Қоралы-қосын көппен тең.
  30. Қасқыр ішік киген Қасындағы жолдасының Тоңғанын білмес.
  31. Қолы кеңнің – жолы кең.
  32. Сара жолдың қадірін Адасқанда білерсің. Қарындастың қадірін Қарасқанда білерсің.
  33. Себепсіз сергелдең жоқ.
  34. Сөз анасы – құлақ, Жол анасы – тұяқ. Су анасы – бұлақ. Көз анасы – шырақ.
  35. Тапқан қуанар, Таныған алар.
  36. Туған көп, Туысқандай болмас, Тұрман көп, Құйысқандай болмас, Жолдас көп, Уағдада тұрысқандай болмас.
  37. Ұлы жол, Үйіңнің табалдырығынан басталады.
  38. Үйінен қырық қадам Ұзап шыққан адам мүсәпір.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ