Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жер, табиғат туралы мақал-мәтелдер

«Жер, табиғат» тақырыбындағы 133 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Жері жуалының сөзі дуалы.
  2. Жеріне қарай жыланы, Жасына қарай құланы.
  3. Жерінен кеткен елге қиындық, Үйірінен айрылған малға қиындық.
  4. Жеріңе жақсылық қылғаның – тасты дей бер қырманың.
  5. Жеріңнен аусаң жақсы атыңды тастап ау.
  6. Келісті келбет ерде бар, Қымбатты қазына жерде бар.
  7. Күн – күйеу, жер – қалыңдық.
  8. Күн күркіресе, көп дүркірер.
  9. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
  10. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе қатқақ келер.
  11. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ болар.
  12. Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.
  13. Қары бар жерде қаһар бар, Кені бар жерде шаһар бар.
  14. Қос қадірін жеккен біледі, Жер қадірін еккен біледі.
  15. Қыстағы қар – жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс.
  16. Мекенінен безген құланның кетеді басы сауғаға. Жерінен безген ұланның түседі басы саудаға.
  17. Сәуір болса күн күркірер.
  18. Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көп дүркірер.
  19. Су аққан жерінен айнымас.
  20. Су басынан буылады.
  21. Сүдігермен жүргеннің аты майрылар.
  22. Сүмбіле туса су суыр.
  23. Сыр бойында малы бардың Тәшкентте қарны тоқ.
  24. Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.
  25. Таң атпайын десе, Күн қоймайды.
  26. Тар жерде тамаша болма, Кең жерге қорықшы болма.
  27. Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас.
  28. Таумен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар.
  29. Туған ай, тураған етпен тең.
  30. Үңгір, үңгірде күңгір.
  31. Үркер шырқай берсе, күн суи береді, Үркер төмендей берсе, күн жыли береді.
  32. Шегараң берік болмай, басыңда ерік болмайды.
  33. Шөлді жердің отын киік білер, Сулы жердің қадірін құлан білер, Ұзақ жолдың сырын түйе білер, Шытырманды тау қойнауын түлкі білер.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ