Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жақсы-жаман туралы мақал-мәтелдер

«Жақсы-жаман» тақырыбындағы 177 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Екі жаман ауыл болмас, Ауыл болса қауым болмас.
  2. Екі тентек кездессе, Төбелеспен тарқайды. Екі мылжың кездессе, Ерегіспен тарқайды. Екі жақсы кездессе, Елжіресіп тарқайды.
  3. Жақсы – ай мен күндей – Әлемге бірдей.
  4. Жақсы – суы тәтті көлмен тең, Жаман – желі қатты шөлмен тең.
  5. Жақсы адам жолдасынан белгілі.
  6. Жақсы адам жолдасынан танылғы.
  7. Жақсы адамда жаттық жоқ, Тәуекелдің көңілі жоқ.
  8. Жақсы ай менен күндей, Жақсылығы жанның бәріне бірдей.
  9. Жақсы ат аяғынан қалады, Жақсы адам құлағынан қалады.
  10. Жақсы болсаң – жақын көп.
  11. Жақсы болсаң – озарсың, Жаман болсаң – азарсың.
  12. Жақсы болсаң жаның көп.
  13. Жақсы дос – Басыңа дос, Жаман дос – Асыңа дос.
  14. Жақсы жанның Майлығы мен сулығы бірдей.
  15. Жақсы жастан шығады, Темір тастан шығады.
  16. Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды. Жақсыда жаттық жоқ, Жаманда жақындық жоқ.
  17. Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.
  18. Жақсы жігіт, Бір мінез ат дос сақтайды. Жақсы әйел, Бір ішер ас сақтайды.
  19. Жақсы келді дегенше Жарық келді десейші. Жақсылықтың уытын Алып келді десейші.
  20. Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.
  21. Жақсы көпке құлық қылмайды, азға зорлық қылмайды.
  22. Жақсы көргенін мақтап жүрер, Жаман көргенін даттап жүрер.
  23. Жақсы көрісіп келіседі, Жаман келісіп керіседі.
  24. Жақсы кісі қартайса да, Ақылынан танбас, Жақсы ат қартайса да, Жүрісінен танбас.
  25. Жақсы кісі өлмесін, Жамандықты көрмесін.
  26. Жақсы кісі текшіл, Жаман кісі кекшіл.
  27. Жақсы кісінің ашуы – шай орамал кепкенше.
  28. Жақсы қартайса да, ақылынан танбас, Жаман ат қартайса да, жүрісінен танбас.
  29. Жақсы қыдырып жүрер, Қыдыры артынан шұбырып жүрер.
  30. Жақсы қырқында толады, Жаман қырқында солады.
  31. Жақсы өзін қосып сөйлейді, Жаман босқа бөсіп сөйлейді.
  32. Жақсы сынаумен жариды, Жаман сынаумен қариды.
  33. Жақсы туса – ел ырысы, Жауын жауса – жер ырысы.
  34. Жақсы туса елдің ырысы, Жаңбыр жауса жердің ырысы.
  35. Жақсы іске келді, жаман асқа келді.
  36. Жақсыға барсаң – Жазылып қайтарсың. Бақсыға барсаң – Қағынып қайтарсың.
  37. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа, Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.
  38. Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды, Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.
  39. Жақсыда кек жоқ.
  40. Жақсыдан – шарапат.
  41. Жақсыдан үйрен.
  42. Жақсылардың үлгісі Жанып тұрған шамдай. Шешендердің сөздері Ағып тұрған балдай.
  43. Жақсылық етсең, жарты етпе.
  44. Жақсылық қылсаң жасыр, Жақсылық көрсең асыр.
  45. Жақсылық ұмытылмас.
  46. Жақсылыққа жерік кісі – Уәдесіне берік кісі.
  47. Жақсылықты басыңа қыл, Басыңнан артылса досыңа қыл.
  48. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
  49. Жақсымен сөйлесең, Көңілің ашылады. Биік төбеге шықсаң, Көзің ашылады.
  50. Жақсыменен жарыққа кім қарамайды.
  51. Жақсымын деп мақтанба, Халық айтпай, Батырмын деп мақтанба, Жеңіп қайтпай.
  52. Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады, Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.
  53. Жақсыны жатқа санама, Аласаны атқа санама.
  54. Жақсыны көрмек үшін, Сұлуды сүймек үшін.
  55. Жақсыны көріп – Жан семіреді.
  56. Жақсының аты өлмейді, Ақынның хаты өлмейді.
  57. Жақсының жаны – жаннат.
  58. Жақсының жаттығы жоқ.
  59. Жақсының қадірін жақсы білер.
  60. Жақсының өңі қартайса да, Көңілі қартаймайды.
  61. Жаны жақсы ағаның Етегін баспа, жолын қу. Болайын деген баланың Бетін қақпа, белін бу.
  62. Жаңбырсыз жер – жетім, Жақсысыз ел – жетім.
  63. Жарлыға қарас, Жәрдемі тиер әр жерде, Жақсымен жанас, Шарапаты тиер тар жерде.
  64. Жоқтыққа жүйрік жетпейді.
  65. Жігіттің жақсылығын Жұрты білер.
  66. Көбенге шыққан тал жақсы, Күміске құйған бал жақсы. Көбелең өскен жігіттен Көкала сақал шал жақсы.
  67. Көргені жоқ көріктіден, Тәлім көрген текті артық.
  68. Күн ортақ, Ай ортақ, Жақсы ортақ.
  69. Қайғы деген жылан бар Өзекті шағып, өртейтін.
  70. Қайрат деген қыран бар Өлімге күш бермейтін.
  71. Қас жақсының белгісі – Топтан торай шалдырмас, Жолдасын жауға алдырмас.
  72. Қас жақсының белгісі Қайғысын жұртқа білгізбес.
  73. Қызың жақсы болса, Өрісің кеңейеді. Ұлың жақсы болса, Қонысың кеңейеді.
  74. Өгіздің өзі қартайса да, Мұрыны қартаймайды. Жақсының өзі қартайса да, Көңілі қартаймайды.
  75. Су ағады сайменен, Шам жанады майменен. Жақсыға жақсы қосылса, Күн туады айменен.
  76. Сырласуға дос жақсы, Сыйласуға жат жақсы.
  77. Таудың басын көр де, Түбіне барма; Жақсының өзін көр де, Үйіне барма.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ