Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Туыс-туған, көрші-қолаң туралы мақал-мәтелдер

«Туыс-туған, көрші-қолаң» тақырыбындағы 153 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Өзі қонақ болып көрмеген, Қонақты сыйлай да білмейді.
  2. Өмілдірік, шаптартпа құйысқанға жетпейді. Қанша жақын болса да туысқанға жетпейді.
  3. Өткелім саяз деме, Таяғыңды салып бойлат. Ісім мақұл деме Ағайынға салып, ойлат.
  4. Салулы ауызға ас тиер, Сабырсыз ауызға ас тиер.
  5. Сараңның асын сары ит ішсін.
  6. Сараңның етін сасыған соң Сары күшік жейді.
  7. Сараңның салғанын қазаны жейді, Қалғанын қонағы жейді.
  8. Сарт садағам, өзбек өз ағам.
  9. Соғымды сайлының – қазаны майлы.
  10. Соңғы көш, алғашқы көштен Әудем жер ары қонады.
  11. Сұмырай келсе – су қат. Ашаршылық келсе – ағайын жат.
  12. Сұрастыра келе қарындас бөле болдық.
  13. Сыйласайық, Сырласайық, сыбайлас! Сыйлы көңіл, Сыршыл көңіл мұңаймас.
  14. Сыныққа – сылтау, Кереңге – мылқау.
  15. Сыпайының үстінде шаң тұрмас, Сақының көгенінде мал тұрмас.
  16. Табақ тартқан Тамақ сұрамайды.
  17. Тамағы тоқ, Көйлегі көк.
  18. Тату үйдің Табағы салдырламайды.
  19. Тауда туып, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен.
  20. Таудың басын көр де, Қасына барма, Туысқанның ықыласын көр де, Асына барма.
  21. Тобылғылы шұбардан панасыз таудың несі артық?
  22. Той көкпармен қызықты, Ойын-сауық дос-жарыңмен қызықты.
  23. Той тоянасымен қызық.
  24. Той шашуымен қызық.
  25. Тойлы ауылда тойлап тоймаған, Ойнап тояды.
  26. Төрге бұрын шыққан Тілеген жеріне отырар.
  27. Төрдегі күлсе, Есіктегі ыржияды.
  28. Төс айылдың батқанын, иесі білмес, ат білер.
  29. Туасы жаман туғанын жамандайды.
  30. Туғанмен туған табысар.
  31. Туғаннан сала ма, тумағаннан сала ма?
  32. Туғаныңмен туыспасаң Кең дүниеге сыйыспайсың.
  33. Туғаныңмен туыспасаң кең дүниеге сыйыспассың.
  34. Тумағанға таудай пәле жабысар.
  35. Туысқан бар болсаң іздеседі, тіпті «сіз» деседі. Жоқ болса қашады, тіпті артыңды ашады. — Нақысбек шешен
  36. Туысқан өкпеге тепсе де, Өлімге қимайды.
  37. Туысы бірге түспейді, Түбі бірге кетпейді.
  38. Туысы бірдің қонысы бір, Туысы бірдің уысы бір.
  39. Тұзсыз тамақ піссе де, Тұздықсыз тамақ піспейді.
  40. Түбі бірге тебісер де табысар.
  41. Түбі бірге тебісер де табысар. Түбі бірге түнекте де табысар.
  42. Түбін білмеген түгін білмейді.
  43. Түскенше қонақ ұялар, Түскен соң қонақ иесі ұялар.
  44. Тіріде сыйласпаған ағайын құм құйылсын көзіңе. — Махамбет
  45. Тірісінде сыйласқан Өлгенінде жыласады.
  46. Ұрысқақ болса, ұлың жау, Керіскек болса, келін жау.
  47. Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.
  48. Үйлері қоңыр екен деп, Көп ауылдан кетпеңіз. Үйі аппақ екен деп, Оңаша үйге түспеңіз.
  49. Үйінде не барын, Көршіңнен сұра.
  50. Үйірінен айрылған айғыр Ат болады, Көңілді қалдырған ағайын Жат болады.
  51. Үш ағайынды жігіттің Отарда малы бар. Екі ағайынды жігіттің Кере қарыс жалы бар. Жалғыз басты жігіттің Шығар-шықпас жаны бар.
  52. Шақырмаған қонаққа Шайдан артық тамақ жоқ.
  53. Шаш – бастың көркі, Тұз – астың көркі.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ