Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тау-тас туралы мақал-мәтелдер

«Тау-тас» тақырыбындағы 122 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Биік таудың басы болмасақ та, Бауырындағы тасымыз.
  2. Биік таудың басы қыс, бауыры жаз.
  3. Биік таудың басына: Қиялап ұшып қыран да шығады, Жер бауырлап жылан да шығады.
  4. Биік таудың төбесін көр, жанына барма.
  5. Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма, Жақсының атын естіп, үйіне барма.
  6. Бөктерді қыстаған жылы жұт болады, Тауды қыстаған жылы құт болады.
  7. Бұлан өз тауынан өзі жерімес.
  8. Бұланнан биік аң болмас, Бұланайдан биік тау болмас.
  9. Бұлбұлға бау жақсы, Кекілікке – тау.
  10. Бұлт асқан тауды биік деме.
  11. Бір киікті бір тау аш қылмайды.
  12. Бір тау бір киікті ашықтырмайды.
  13. Бір тауды жайлаған бір киік аш болмайды.
  14. Ғашық жардың белгісі – ата-анадан бездірер, Қыран құстың белгісі – тауды-тасты кездірер.
  15. Көрінген таудың алыстығы жоқ. Табалдырықтан биік тау жоқ.
  16. Тау айналмайды, тас айналады.
  17. Тау баласы тауға қарап өседі. — Тұманбай
  18. Тау бұлағымен сәнді, Көл кұрағымен сәнді.
  19. Тау мен тасты су бұзады, Азаматты сөз бұзады.
  20. Тауға сүйенген таудай пәледен аман қалады.
  21. Таулы жердің қыраны көп.
  22. Тауына қарай тоғайы, Шошқасына карай торайы.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ