Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сауда-базар туралы мақал-мәтелдер

«Сауда-базар» тақырыбындағы 175 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Атың жаман болса, Сатып құтыларсың, Көршің жаман болса, Қайтіп құтыларсың?
  2. Атың жаман болса, сатып құтыласың, Қатының жаман болса, қайтып құтыласың.
  3. Атыңды сат, киіміңді сат, Жатқанда тойып жат.
  4. Атыңды сат, тоныңды сат, Жатарыңда бір тойып жат.
  5. Ауру өледі, кепіл күйеді.
  6. Ауруды елемеген өледі, Дауды елемеген төлейді.
  7. Әйел – үйдің ажары, Бала – үйдің базары.
  8. Әкемнің өлерін білсем, Кебекке сатып жер едім.
  9. Әкемнің өлерін білсем, Өзбекке сатпас па едім.
  10. Әкім тура болмаса, жұрт бұзылар, Саудагер жаман болса, нарық бұзылар.
  11. Базар – ақшалыға базар, Ақшасыздың өзі де азар.
  12. Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар.
  13. Базарға әркім барар, өз керегін алар.
  14. Базарға бақал жарасады.
  15. Базарға барып бағың сына.
  16. Базарда бәрі бар, Ақшаң болмаса, әрі бар.
  17. Базарда мың кісі бар, Әр кісі сүйгеніне сәлем берер.
  18. Базарда мың кісі бар, Қай сүйгеніңе сәлем берерсің.
  19. Базарда мың кісі, Көңілді бір кісі.
  20. Базарда пұлы бардың көңілі тоқ, Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.
  21. Базарда сүйгеніне ғана сәлем береді.
  22. Базардан алған бәкіге мәз.
  23. Базардан қалған бір күн қалар, Егістен қалған бір жыл қалар.
  24. Базардың иті ауылдың итін қаламайды.
  25. Базары жақын байымайды.
  26. Базары жақын байымас, Еш нәрсеге жарымас.
  27. Базары жақын байымас.
  28. Базарын біліп, мал сал, Балығын біліп, ау сал.
  29. Бай кісі базарға барса, Сұм хабар табады.
  30. Бай кісіде ақша көп болғанмен, Ізгі ниет жоқ болады.
  31. Байимын десең, саудагершілік қыл.
  32. Байталыңды атқа сатпа, Атыңды жатқа сатпа.
  33. Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой.
  34. Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар.
  35. Бар барын айтады, Бақа бұтын тырбайтады. Көрген адам көргенді айтады, Көтерген әркім өтпегін сатады.
  36. Бар болса, бағып іш, Жоқ болса, сатып іш.
  37. Бар болса, сойғанның жөні бар, Бір қойдан он кісінің құны бар.
  38. Бардың базары жанында.
  39. Бармен базар, жоқты қайдан табар.
  40. Бары – базар, Жоқты қайдан қазар.
  41. Барына базар, Жоқты қайдан табар.
  42. Барында батып іш, Жоғында сатып іш.
  43. Барыңда батып іш, Жоғыңда сатып іш.
  44. Барыңмен базарла.
  45. Бәлен жерде бақыр бар, Барсаң – тап-тақыр.
  46. Бек тілесе, Бәрін де тегін алады.
  47. Берейін деген қолына, Шығарып салар жолына. Бермеймін деген қолына, Табылмайды пұлына.
  48. Берейін деген құлына, Айдап салар жолына. Бермейін деген құлына, Іздесе табылмас пұлына.
  49. Береке бір тиыннан.
  50. Бес тиын беріп айтқыза алмасаң, Он тиын беріп қойдыра алмассың.
  51. Бес тиындық қоян – он тиындық зиян.
  52. Бидай көрсетіп, арпа сатады.
  53. Боқ сатқанды айтпа, ұқсатқанды айт.
  54. Бөрік орнына бас алар, Ақша орнына жан алар.
  55. Бурасын сатқан Бұйдасын сатпайды.
  56. Бұқарда пұлы бардың көңілі тоқ.
  57. Бұл не деген батпан құйрық, Тегіннен-тегін жатқан құйрық.
  58. Бұлыңды бұлға берсең, Бұлың күймес.
  59. Бұралқының пұлы жоқ, Бұзылған шаһардың пішіні жоқ.
  60. Біздің алақанымызға да қарға тышар.
  61. Білгеніңді білмегенге сатпа.
  62. Білік бағасын білікті біледі.
  63. Білім – малы жоққа түгесілмес мал, Қаржысы жоққа – таусылмас қаржы.
  64. Білім арзан, білу қымбат.
  65. Бір ақылды кісі айтыпты: «бір ақша жүз елу батпан қара күштен әлдеқайда пайдалы».
  66. Бір саудаң иіп кетеді, Бір саудаң киіп кетеді.
  67. Бір сомың бие болмас, Бес сомың түйе болмас.
  68. Бір теңге беріп жырлатып, Мың теңге беріп қойдыра алмадық.
  69. Бір теңге беріп жырлатып, Мың теңге беріп қойдыра алмассың.
  70. Бір теңге беріп, айттырып, Мың теңге беріп, қойдыра алмайды.
  71. Бір теңге бие болмайды, Екі теңге түйе болмайды.
  72. Бір теңге бие болмайды, Екі теңге түйе болмайды. Өзінікін азсынған, Кісінікін көпсінген Өз малына ие болмайды.
  73. Бір тиынға қарамаған, Бір тиынға арзымайды.
  74. Гүл табылады, Мал сатылады.
  75. Сауда сақал сипағанша.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ