Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құдай, дін туралы мақал-мәтелдер

«Құдай, дін» тақырыбындағы 174 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Құдай – бір, Құран – рас.
  2. Құдай – хақ, Құран – ақиқат.
  3. Құдай адастырарында адамның ақылын алады.
  4. Құдай азды-көпті берсе де, Нығметіне тәубе қыл.
  5. Құдай атқан оңалар, Аруақ атқан оңалмас.
  6. Құдай бергенге құлай береді.
  7. Құдай бергеннің тоқтысын Қыдыр бағады.
  8. Құдай бергенін алса да, берерін алмасын.
  9. Құдай берейін десе, жұдырыққа тас сынады, Қимайын десе, бұршаққа тіс сынады.
  10. Құдай бір айналдырса, шыр айналдырады.
  11. Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады.
  12. Құдай да бергенге береді.
  13. Құдай деген құнықпайды.
  14. Құдай деген құр қалмайды.
  15. Құдай жалғыз, мен жалғыз.
  16. Құдай құлым десе, Пайғамбардың үмбетімен демеске шара бар ма?
  17. Құдай құмырсқаға кәрін тіксе, қанат бітіреді.
  18. Құдай қылғанды былай қылма.
  19. Құдай малыңды алса да, пейіліңді алмасын.
  20. Құдай салды – мен көндім.
  21. Құдай салды, көнерміз, Аман болсақ, көрерміз.
  22. Құдай тірі еткенді құры етпейді.
  23. Құдайға сенген құстай ұшады, Адамға сенген мұрттай ұшады.
  24. Құдайдан бала сұрасаң, береді.
  25. Құдайдан безгенді шайтан сүйеді.
  26. Құдайдан қорық, Пендеден ұял.
  27. Құдайдан қорықпа, Құдайдан қорықпағаннан қорық.
  28. Құдайдан қорықпаған, Адамнан ұялмас.
  29. Құдайдан сұрасаң, кешірер, Кісіден сұрасаң, екі көзіңді өшірер.
  30. Құдайдың алдында бай да, кедей де – бәрі құл.
  31. Құдайдың бергені қолдануға жақсы, Достың бергені мақтануға жақсы.
  32. Құдайдың бергенін шайтан қызғанады.
  33. Құдайдың құлы – Мұхаммедтің үмбеті.
  34. Құдайдың құрығы ұзын.
  35. Құдайдың өзі бермейді, Біреудікін біреуге ауыстырып береді.
  36. Құдайсыз қурай сынбайды.
  37. Құдаңа бола Құдайыңнан айырылма.
  38. Құмалақтың есебін Құдай біледі.
  39. Құран сөзі – Құдай сөзі.
  40. Мал – байдікі, жан – Құдайдікі.
  41. Мешітің алыс болса да, Мазарың жақын болсын.
  42. Момынның есебін қу табады, Қудың есебін Құдай табады.
  43. Момынның ісін Құдай жөнге салады.
  44. Ораза, намаз – тоқтықта, Иман кетер жоқтықта.
  45. Өзі екі етем десе, Тәңірі бір етер, не жоқ етер.
  46. Өзі саққа Құдай жақ.
  47. Өлместі Құдай жаратпас, Сынбасты ұста жасамас.
  48. Өтірікші – Құдайдың дұшпаны.
  49. Пенденің сұрағаны болмайды, Алланың қалағаны болады.
  50. Періштенің айтқаны мен ойлағаны болады.
  51. Сақтанғанды Құдай сақтар.
  52. Тағдыр – Тәңірдің ісі.
  53. Тазша бір іс істейді, Құдай оны қолдаса.
  54. Тамақ – байдан, ажал – Алладан.
  55. Тамұқты көрмеген ұжмақтың қадірін білмейді.
  56. Тамыры берген түйеден, Тәңір берген тоқты артық.
  57. Таңғы нәсіп – Тәңірден.
  58. Тас – таразы, Құдай – қазы.
  59. Тәңір жолы – ақ жүрек.
  60. Тәңірі асыраған тоқтыны қасқыр жемейді.
  61. Тәңірінің құдіретін көрем десең тауға бар.
  62. Тәубеден соң күнә жоқ.
  63. Тәубесі жоқтың көңілі арам.
  64. Тәуекел ет те, тас жұт, ажалың – Алладан.
  65. Тойсаң тоба қыл.
  66. Тоны жаманды ит қабар, Көңілі жаманды Құдай табар.
  67. Тілегі хақтың ісі хақ.
  68. Ұранға сенбе, Құранға сен.
  69. Хан да Құдайдың құлы.
  70. Шайтан сүйгенді Алла сүймейді.
  71. Шәһит орны жұмақта.
  72. Шүкіршілік қылғанның ырысы артық.
  73. Істеп салдым бір істі, Алла оңғарсын бұл істі.
  74. Ісің ақ болса, Құдай саған жақ.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ