Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Пендешілік көлеңкелері туралы мақал-мәтелдер

«Пендешілік көлеңкелері» тақырыбындағы 139 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Сен дүние, молға сұқтанасың, Ажал саған сұқтанады.
  2. Сорлы ырым етер, ырымы қырын кетер.
  3. Сорлының аты сорға жығылар, Оралып келіп, орға жығылар.
  4. Сорлының сырын сор кешкен білер.
  5. Сүйген жүрек дірілшіл, Күйген көңіл ырымшыл.
  6. Сүйген құлдың аты көп.
  7. Тамақ тамұққа түсіреді.
  8. Тарыққан талғамайды.
  9. Таяқ жеген төбелеске тоймайды.
  10. Тентек қашса, биі бар, Ұры қашса, үйі бар.
  11. «Тоба! Тоба!» тоң майды да ит жейді екен.
  12. Тойған кекіреді, тоңған секіреді.
  13. Тоқ адам тойшыл, Аш адам арманшыл.
  14. Тоқал өр келеді, Кедей кер келеді.
  15. Торғай, торғай, тотым бар, Бір жапырақ етім бар.
  16. Төрінен көрі жуық.
  17. Түйе жұлғанын білмейді, жұтқанын біледі.
  18. Түйе сойса көп кетеді, Жаман өкпе етеді.
  19. Түйені түгімен, Нарды жүгімен жейді.
  20. Түлкінің қызылдығы – өзінің соры.
  21. Тіске кірген етке қарын тоймайды.
  22. Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.
  23. Ұры басынып ұрлайды.
  24. Ұры бүлікке құмар, Шыбын шірікке құмар.
  25. Ұры күндіз босқа ұйықтамайды.
  26. Ұры тойғанша жеп, өлгенше қарғанады.
  27. Ұрыны қарақшы ұрлайды.
  28. Ұрының ойында дар ағашы жүреді.
  29. Үлкен жау – өңеш.
  30. Үміт үзу – дәрменсіздік.
  31. Шалдың әні зармен тынады.
  32. Шөккен түйе соққанды білмейді.
  33. Шынымен жыласа, Соқыр көзден жас шығады.
  34. Ісі түскенде мүсәпір, Ісі біткенде кісәпір.
  35. Іш қазандай қайнайды, Күресуге дәрмен жоқ.
  36. Іш мерездің ішінде, Ит өліп жатса да білмейсің.
  37. Іштен шыққан сұр жылан.
  38. Іші жарау, жоны қырау.
  39. Ішің күйсе, тұз жала.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ