Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өнер туралы мақал-мәтелдер

«Өнер» тақырыбындағы 196 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Қыран жетпеске қиял жетеді.
  2. Қырық жасқа келгенде домбыра үйреніп, Ахиретке барғанда шертпекпісің?
  3. Мал жоқшысы – малшы, Ұлпан жоқшысы – аңшы.
  4. Мал жұтар, өнер жұтылмас.
  5. Мен не деймін, Қобызым не дейді?
  6. Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.
  7. Мың ділдә – білімдінің жалғыз сөзі.
  8. Мың жабыға – бір тұлпар, Мың үйрекке – бір сұңқар, Мың қарғаға – бір кесек.
  9. Нар сәулеті – ашамай.
  10. Ойыншының тамағы тоқ.
  11. Оқу түбі – тоқу.
  12. Он саусағынан өнер тамған.
  13. Орақшының жаманы орақ таңдайды.
  14. Орман аралаған үйші болады, Ел аралаған сыншы болады.
  15. Өзбектің кигенін ал, Қазақтың мінгенін ал.
  16. Өзің жақсы ғалым болсаң, Елге мәшһүр мәлім боларсың.
  17. Өлең – сөздің патшасы.
  18. Өлең алтын, сөз – күміс.
  19. Өмір – қымбат, аздырма, Өнер – қымбат, тоздырма.
  20. Өнер – ердің қанаты.
  21. Өнер – жұтамас қазына.
  22. Өнер – өлгенше жолдас.
  23. Өнер алды – қызыл тіл.
  24. Өнер білген өлмейді.
  25. Өнер жаны – құштарлық, Жауы – іштарлық.
  26. Өнер көзі – халықта.
  27. Өнер көпке де жеткізеді, Көкке де жеткізеді.
  28. Өнер өнерліге ғана оңай.
  29. Өнер сыры – өрнекте.
  30. Өнер табу – өрге шабу.
  31. Өнерді үйрен, үйрен де жирен.
  32. Өнерлі адам қор болмас Дос-жаранға зар болмас.
  33. Өнерлі бала сүйкімді.
  34. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
  35. Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес.
  36. Өнерлі өрге жүзеді.
  37. Өнерлі істе жеміс бар, Өрелі істе жеңіс бар.
  38. Өнерліге есік ашық.
  39. Өнерліге өлім жоқ.
  40. Өнерлінің қолы – алтын, Өлеңшінің сөзі – алтын.
  41. Өнерлінің өзегі талмас.
  42. Өнерлінің өрісі ұзақ.
  43. Өнермен ғайыпты болжауға болады.
  44. Өнерпаздың он қолы бар.
  45. Өнерсіз елдің өрісі тар.
  46. Өнерсіз өлермен.
  47. Өңгесі жоқ көңгесі, Өлең айтар жеңгесі.
  48. Өрмек – ермек емес, өнер.
  49. Өткір кездік қап түбінде жатпас.
  50. Өткір пышақ, семіз ет, Тураушының қолына өт.
  51. Патшасы ақынын іздеген ел бақытты, Ақыны патшасын іздеген ел бақытсыз.
  52. Пышақ жаны – қайрақ.
  53. Саусағы салалы биші болар, Құлағы салалы күйші болар.
  54. Сен істі сүйсең, Іс саған бас иеді.
  55. Сұлу болу не керек, Шайнау сұлу болған соң. Шебер болу не керек, Селкеу шебер болған соң.
  56. Сұлуды көру – көзге себеп.
  57. Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
  58. Табақ тамағымен жарасты, Батыр жарағымен жарасты.
  59. Таздың барар жері – бөрікші.
  60. Тақыр жерге шөп шығарған.
  61. Талаптыға жол бер, Өнерліге қол бер.
  62. Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген.
  63. Темірші көміршіге үйір.
  64. Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан.
  65. Теңін тапса, тегін бер.
  66. Тұйғынның ілуі артық.
  67. Тұлпар бітпейді, бітсе кетпейді.
  68. Тұлпар дүлдүлдігінен, Адам білгірлігінен.
  69. Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі.
  70. Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді.
  71. Түйеге мінген қазақ Төрт ауыз өлең біледі.
  72. Тігіншіні инесі асырайды.
  73. Тілдің майын тамызып, Сөздің балын ағызып, Қас шешендер сөз айтар.
  74. Ұста пышаққа жарымайды, Етікші етікке жарымайды.
  75. Ұста, ұстадан нұсқа.
  76. Ұсталы ел озар, Ұстасыз ел азар.
  77. Ұстамен дос болсаң, наркескенін аларсың.
  78. Ұстамен жақын болсаң, Мүйіз кесерін аларсың.
  79. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітеді.
  80. Ұстаны соққан пышағынан таниды.
  81. Ұялмаған өлеңші болады.
  82. Үйректей жүзіп, қаздай қалқиды.
  83. Үркер мен Айдың өзі біледі, Есепшінің көзі біледі.
  84. Шарға ұстаған қара балта.
  85. Шебер қол шет қалмайды.
  86. Шеберден – олжа, шешеннен – сауға.
  87. Шеберді олақ үшін жаратқан, Шешенді доғал үшін жаратқан.
  88. Шеберді шеге қағысынан таниды.
  89. Шебердің инесі де, Күймесі де алтын.
  90. Шебердің қолы ортақ, Ақынның сөзі ортақ.
  91. Шеберлікке шек жоқ.
  92. Шертер күй – шығар мұң.
  93. Шешеннің сөзі – мерген, Шебердің көзі – мерген.
  94. Шешеннің тілі – шебердің бізі.
  95. Шын аңшының алдына аңның өзі келер.
  96. Шын орақшы орақ таңдамайды, Шын батыр құрал таңдамайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ