Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Металл туралы мақал-мәтелдер

«Металл» тақырыбындағы 211 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Алтын шірімес, жан сасымас.
  2. Алтын шірімес, жанжал бітпес, жаннан иіс шықпас.
  3. Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.
  4. Алтын-күміс жиған – бай емес, сөз білген адам – бай.
  5. Алтын-күміс жиғандар үй салады.
  6. Алтын-күміс тас болар.
  7. Алтын-күміс тас болған, Арпа-бидай ас болған.
  8. Алтын-күміс тастан шығар, Ақыл мен ой жастан шығар.
  9. Алтынды ала білген – бөле біледі.
  10. Алтынды дат баспайды, Ақылдыдан бақ қашпайды.
  11. Алтынды ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ, Ағайының атыңа тисе, аманыңда жөніңді тап.
  12. Алтынды еріте білмеген күл етеді, Жібекті түте білмеген жүн етеді.
  13. Алтынды еріте білмеген ірітер, Теріні илей білмеген шірітер.
  14. Алтынды еріткенмен, Жез болмайды, Жібекті жуғанмен, Бөз болмайды.
  15. Алтынды көріп азба, Біреуге көр қазба.
  16. Алтынды тану оңай, Адамды тану қиын.
  17. Алтынды тот баспайды.
  18. Алтынды ұстай алмаған шірітер, Теріні илей алмаған ірітер.
  19. Алтынды ұстай білмесе, мыс етеді.
  20. Алтыннан шыққан асыл емес, Шеберден шыққан асыл.
  21. Алтынның буымен жез жарқырайды.
  22. Алтынның қолда барда қадірі бар ма.
  23. Алтынның құны түспейді, Тастың бағасы артпайды.
  24. Алтынның өлтірген адамы аз емес.
  25. Алтынның шығар жерін белден қаз.
  26. Алтының болса, азбайсың, Сандалып бекер саспайсың.
  27. Алтының көп те болса, ішке сақта.
  28. Арамзаның тіліне нанба, Алтын берсе алма.
  29. Арғымақ атқа – алтын қасты ер керек: Арқалап отын тасыған, Арқасы терге сасыған.
  30. Арғымақ атқа алтын қасты ер керек.
  31. Арғымақ атқа алтын тасты ер керек. Ажарлы әйелге алтын басты ер керек.
  32. Арзан болар алтын сөз, Елеусіз жерге тастаса.
  33. Арқалағаны алтын болса да, Түйенің тамағы тікен.
  34. Арпа ас екен, Алтын тас екен.
  35. Арпа-бидай ас болды, Алтын-күміс тас болды.
  36. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.
  37. Арық атқа алтын жүген жараспас, Салдақы қатынға сылқымдық жараспас.
  38. Арыстанға темір тор ар да емес, қор да емес.
  39. Арыстанға темір тор ар емес.
  40. Арыстанға темір шынжыр ар емес.
  41. Асы жоқ алтын аяқтан Айраны бар тоспақ артық. Талдырмаш таза айырдан Жүк көтергіш қоспақ артық.
  42. Асы жоқ алтын аяқтың Алтынын ал да, отқа жақ.
  43. Асыл – тастан, Ақыл – жастан.
  44. Асыл айнымас, Алтын шірімес.
  45. Асыл қанжар қын түбінде жатпайды.
  46. Асыл пышақ қап түбінде жатпайды.
  47. Асыл сөз алмасты да кеседі.
  48. Асыл сөз алмасты қияды.
  49. Асыл таста, өнер жаста.
  50. Асыл тастан сенімді тас артық.
  51. Асыл тастан шығар, Өнер жастан шығар.
  52. Асыл темір атқа таға болмас.
  53. Асыл туған адамның Алтын жетпес нарқы бар. Жақсы менен жаманның Аспан мен жердей парқы бар.
  54. Асылды суға тастасаң, судан толқын шығады.
  55. Асылдың сынығы – Айдынның тұнығы.
  56. Асылдың тұқымы аз.
  57. Ат тұяғы – алтын, Алысқа алып баратын. Адам тілі алтын, Алысты сұрап табатын.
  58. Ата қоныс – алтын мекен.
  59. Ата сөзі – алтын.
  60. Ата-анадан мал тәтті, Алтынды үйден жан тәтті.
  61. Атан түйеге ауыр жүктің қорлығы жоқ, арыстанға темір шынжырдың арлығы жоқ. Атадан алтау туса да, жауға шаппаған ұлдың барлығы жоқ.
  62. Атаның алғысы – алтын.
  63. Атқа алтын таға тағаласа, Есек аяғын көтеріпті.
  64. Атыңа батса алтын ер, Атып ұр да, Отқа жақ.
  65. Ауылым – алтын бесігім.
  66. Ауырған басқа темір тарақ.
  67. Ауырмас басқа темір тарақ.
  68. Әділ билік – алтын таразы.
  69. Әр нәрсе асылына қайтар.
  70. Бағасы жоқ қазына, Алтыннан артық әдеп бар.
  71. Бай төсегі темір піс, Кедей төсегі қара кіс.
  72. Бақаны алтын таққа отырғызсаң да, Батпақты көргенде шоршып түсер.
  73. Бақыр қазан қайнаса – Бәріміздің бағымыз. Туған жердің әр тасы Біздің алтын тағымыз.
  74. Балықты судан ізде, Алтынды құмнан ізде.
  75. Бар – бақыр, Жоқ – алтын.
  76. Бармаған жерде бақыр бар, Барса бақыр табылмас, Азаптанбай жатыңдар.
  77. Бейнесіз алтын қоламен тең, Тамақсыз үй моламен тең.
  78. Бек алдында иіліп, көкірегін басқан қолдан, Темір илеген білек мың есе артық.
  79. Би асылдан асыл болмас, Би асылмен жолдас болсаң, Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
  80. Болат бүгілмес, ер мойымас.
  81. Болат бүгілмес, шорт сынар.
  82. Болат елеуге көнсе де, Илеуге көнбейді.
  83. Болат жүзінен су ішеді, Жігіт көзінен су ішеді.
  84. Болат кездік қап түбінде жатпайды, Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.
  85. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.
  86. Болат қынға тоқтайды, Тентек топқа тоқтайды, Жомарт жоққа тоқтайды.
  87. Болат найза қап түбінде жатпас.
  88. Болат пышақ қап түбінде жатпайды.
  89. Болат пышақ қап түбінде жатпас.
  90. Болған іске болаттай берік бол.
  91. Болған іске болаттай бол.
  92. Болсаң, болаттай бол.
  93. Босағаң алтын болса да, Туған жеріңе жетпейді.
  94. Бұрауы күмістен болса да бір шіркін.
  95. Білгенге маржан, білмегенге арзан.
  96. Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.
  97. Білмегендер алтынды бақырдан айыра алмайды.
  98. Білмегенді білдір, Қолыңа алтын жүзік ілдір.
  99. Білікті кісі – баға жетпес алтын, Біліксіз кісі – бес тиын бақыр.
  100. Білім – гауһар бағасы жоқ, Надандық – дерт, дауасы жоқ.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ